Егін шаруашылығы
Аймақта 90 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығы бойынша тұрақты жұмыс істеуде.
Ауыл аймақта 16600 га егістік алқап. Оның ішінде суармалы 301 га жер бар. 2018 жыл бойынша 3065 га жерге күздік бидай, 5810,4 га жаздық арпа, 2300 га жерге мақсары, 20 га жерге қант қызылшасы, 30,5 га жерге көкөніс дақылдары, 57 га жерге картоп, 6 га жүгері, 3 га жерге сұлы, 13 га жерге бақша егілді. Қалған 5 425 га жерге пар айдалды. 240 тн тыңайтқыш себілді. Бүгінгі күнге шаруа қожалық қызылшадан 65 тонна өткізді, басқа еккен дақылдарын түгел жинап теріп алды. Түскен түсім: бидай 27 ц, арпа 27 ц, мақсары 7 центнерден айналды. Аймақ бойынша 2 жылыжай жұмыс істеп тұр. Шаруалармен шаруашылықтарды ірілендіру және егістік алқаптарын әртараптандыру туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты атқарылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |