Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық



бет37/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ауылдық округте бағдарламаны іске асыру бойынша жоспар бекітілген. 3 кездесу, 1 ертеңгілік, 1 сенбілік, 1 қолөнер көрмесі, 1 қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, осы шараларға ауыл тұрғындары, ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, мектеп, мәдениет және әкімшілік мамандары қамтылды.

Діни бірлестіктер және қоғамдық қарым қатынастар туралы

Құмарық ауылдық округінде 2 мешіт жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі дін турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округте ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істейді. Ауылдық округ бойынша 8 айда 8 іс-шара өткізіліп, соның ішінде 6 кездесу, 2 семинар өткізілді. Жалпы іс-шараға 260 тан астам ауыл тұрғындары қамтылды.

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануда әр ауылда кіші футбол алаңдары, кітапхана, мәдениет үйі, спорт және Өнер мектебі жұмыс істеп тұр.Қызметкерлері де бар. Мәдениет үйінде бүгінгі күнге 13 іс шара, кітапханашылар- 17 іс шаралар өткізді. Жастардың басын қосып әртүрлі ойындар, үйірмелер ұйымдастырып мерекелік кештер

өткізуде. Мәдениет үйі, кітапханашылар спорт қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе іс – шаралар өткізіп, аудандық жарыстарға қатысуда.

Жалпы білім беру және мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесін іске асыратын мекемелер бойынша Болтай батыр атындағы шағын орталықты, Ы Алтынсарин атындағы орта мектебі, Балдаурен бала бақшасы жұмыс істейді.

Болтай батыр орта мектебінде 635 оқушы, 85 мұғалімі бар. Негізгі кабинеттер компютермен жабдықталған. Мултимедиялық кабинет жұмыс істейді.Бір кабинет интернет желісіне қосылған.4 кабинетте интерактивтік тақта бар. Мектептің жылу жүйесі газға қосылып газбен жылытылуда.Отқазандықтар толық жөндеуден өткен, операторлары тұрақты жыл сайынғы оқу курсынан өткен мамандар.

Мектепте шағын орталықты мектеп жасына дейінгі 70 бала тәрбиеленуде. Барлық жағдай жасалған.

Ы.Алтынсарин орта мектебінде 27 мұғалім, 18 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Мектепте 122 оқушы. Жылу жүйесі қатты отынмен яғни көмірмен жылытылады. Негізгі кабинеттер компютермен жабдықталған. Мултимедиялық кабинет жұмыс істейді.

3 кабинетте интерактивтік тақта бар. Жылу маусымына 150 тонна көмір бөлініп,қоймаға сақталынып жағылады. 2018 жылға мектепті күрделі жөндеуден өткізу және газдандыру жұмыстары жоспарлануда.

«Бала тәрбиесі бесіктен» - деп дана халқымыз айтқандай Елбасымыз балаларымызды мектепке дейін бала бақшада зерек, ашық мінезді, өжет алғыр,өнерлі ретінде тәрбиелеп мектепке беру өмір талабы деген мақсатта балалар бақшасын көбейтуде. Осы орайда біздің аулымызда 10 шақты жылдың көлемінде «Балдаурен» бала бақшасында 25 жас бүлдіршін тәрбиеленуде. Бала бақшада 19 қызметкерлер мен жұмысшылар қызмет жасауда. Жылу жүйесі жеке тұрмыстық пеш арқылы жылытылады.Балалардың тәрбиесіне барлық жағдай жасалынған. Тек бала бақша ғимараты ескі және тарлық жасауда,келешекте жаңа ғимаратқа қол жеткізуге жұмыс жасауымыз қажет.

Бүгінгі күнге аулымыздағы Е Ыбраймов атындағы жасөспірімдер спорт мектебіндегі волейбол командасы аудандық және облыстық жарыстарға қатысып 2-3 орындарды иеленсе «Өнер» мектебінде балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін «Көркемөнер», «Вокал», «Сахна», «Қолөнер», «Өлкетану», «Радиоконструкция» бөлімдері жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 76 шаруа қожалықтары егін және мал шарушылғымен айналысуда. 2018 жылы егістік жерлердің 4672 гектарына күздік бидай 4456 гектарына жаздық арпаны 50 шаруа қожалақтары сеуіп орта есеппен 28 ц/га өнім алды. Жалпы шаруа қожалықтарының есебінде га 9604 га жерді игеру 85 пайыз болып, қалған 15 пайыз жері келер жылға егістік егуге тыңайтуға қалдырылды. Егістік жерді игеруді толық пайдалануға қол жетті.

282 га ескі жоңыршқа , жаңа жоңыршқа 42 га егілді Қысқы мал азығына 11000тн пішен шөппен жоңыршқа, 7000 тн сабан дайындалды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы қой 2366 басқа өсіп 45244 басқа жетіп, мүйізді ірі қара 60 басқа өсіп 1969 басқа,жылқы 1253, құстар 4463 басқа жетіп малдың өсімі байқалып отыр. Жалпы алғанда мал басы шаруа қожалықтарында көбейді.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында мемлекет тарапынан «Сыбаға», «Алтын асық», «Рыс», «Құлан» атты бағдарламалары арқылы кепілдікке мүлік қойып жеңілдетілген несиені 5-7 жыл мерзімге «Ынтымақ», «Шыңырау», «Нұрақ», «Мейрам» шаруа қожалықтары алып мал өсіріп, қосымша мемлекеттен тегін қайтарымсыз жем шөбіне субсидия беріліп айтарлықтай көмегін беруде.

Мал басының өсіп өнуіне ветеринариялық жұмыстарды атқарудың маңызы өте зор.Үкімет тарапынан әртүрлі жұқпалы аурулар қарсы 23 түрлі емдеу тегін жүргізіледі. Округ бойынша ветеринариялық жұмыстарды атқаруда «Құлан» мал дәрігерлік бөлімге қарасты келісім шартпен жұмыс 7 мал дәрігері және осы бөлімнің аға мал дәрігері жұмыс істейді.Құмарық ауылында вет пункт жұмыс істейді.Түрлі ауруларға қарсы сібір жарасы, ящур,туберкулезге ірі қарадан 1600 бас емделді.Ұсақ малдан ящур,сібір жарасы,оспа,чума, құтыру ауруларына қарсы 32 мың бас емделді.26 мың бастан қан алынды. 800 бас жылқы сібір жарасына емделді.

Ауылымыздың ажары – оны көгалдандыру көгеріштендіру абаттандыру ауыл тұрғындарының белсенділігіне тікелей байланысты.Аудан әкімінің қаулысымен жылына екі рет көктемгі және күзгі тазалық айлығы өткізіліп тұрады.Тазалық айлығын және тазалықты сақтау мақсатында округ әкімдігі жанынан әр көшеге көше тазалығын қадағайлайтын көше комитеттері мен әкімшілік қызметкерлері бекітілген комиссия жұмыс істеді. Әр көшеге арнайы әкімшілік қызметкерлерінде санитарлық журнал ашылған. Көктем, күз айларында арнайы күл-қоқыс тастайтын орындардын төңірегін тазалау және көше тазалау жұмыстары жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет