Абай дана, Абай дара қазақта Қазақстан Республикасының



Дата07.02.2020
өлшемі35,36 Kb.
#57379
Байланысты:
Құнанбаевқа 175 мақала

Абай дана , Абай дара қазақта...

 Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда.

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Өткен 2019 жылдың 30 мамырында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары Б. Жұмағұлов, С. Әбдірахманов, көрнекті жазушылар мен қоғам қайраткерлері О. Сүлейменов, Р. Сейсенбаев М. Әуезов, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ еліміздің академиялық және шығармашылық қауымының өкілдері енді.

Вице-премьер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Абай туралы мына сөздеріне көңіл аудартты.

«Абай - әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Абайдың 175 жылдығына байланысты елімізде мынандай маңызды шаралар өткізу жоспарланып отыр.

  Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Абай» көркем фильмінің өндірісі мен шығарылымы, Абай шығармаларының шет тілдеріне аударылуы мен жарыққа шығарылуы, сондай-ақ Абай үйі-музейінің жан-жақты танымалдығын арттыру іс-шаралары, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу, Абайдың әкесі – Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

Бұған қоса, бүгінгі күні әлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған #Abai175 челленджі жаһандық форматта жалғасын табатын болады.



«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі», - деп атап өтті вице-премьер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың тарихтан тағылым алып, ұлы бабаларымызды әрдайым ұлықтай білгенін және ұлы Абайдың мұрасы “Рухани жаңғырудың” маңызды бағдарына айналуы қажет екенін айтты. Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Республика көлемінде өтетін іс шараларға орай А.Байтұрсынұлы атындағы № 139 мектеп-гимназия ұжымы ,соның ішінде қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасы да Абайдың 175 жылдық мерейтойына белсенді ат салысуды жоспарлап отыр.Атап айтқанда, мектеп-гимназияның ашылғанына отыз жыл толуы қарсаңында А.Байтұрсынұлы мұражайы қайта жабдықталып, заманауи тұрғыдан жаңартылды . Мектеп-гимназия оқу-тәрбие үрдісінде болып жатқан маңызды мәселелерді жарыққа шығаратын «Елсана» газетінің қайта шыға бастауы,мектеп-гимназиядағы оқу-тәрбие үрдісінің Жаңартылған білім мазмұнына көшудегі жетістіктері осы газет бетінде жарық көрмек. Газет бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрді жалғастырып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, ұстаздар жетістіктерін, ата-аналардың жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне белсене қатысуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Мектепте «Абайтану», «Ахметтану» курстары ,гимназиялық компонентте сабақтан тыс қосымша курстар, факультатив сабақтар,үйірме жұмыстары жүргізіледі. Аталған осы қосымша сабақтардың барлығы биылғы жылғы жоспарларына «Абайдың 175 жылдығы» мен «Әлемнің Екінші Ұстазы Әбу Насыр Әл-фарабидің 1150 жылдығына» байланысты іс шараларды өткізуді жоспарлап отвр.

5-7 сынып оқушылары арасында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс,8-9 сынып оқушылары Абай шығармашылығы жайлы эссе жазу жарыстары өткізілді, 10-11 сынып оқушылары «Абай жолы» роман –эпопеясын оқу арқылы оқырман конференциясын өткізу , «Әл-фараби мен Абай шығармаларындағы үндестік» мәселелерін ғылыми конференция түрінде өткізіп талқылауды жоспарлайды деп ойлаймыз.Аталған тақырыптар оқушылар олимпиадасының, Ғылыми жобалар жарысының да басты тақырыбына айналады деп үміттенеміз.



Абайдың ақындық мектебінен Шәкәрім ,Ақылбай, Мағауия т.б тәрбиеленіп шыққаны белгілі.Демек бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ ертең өз елін,туған жерін сүйетін нағыз ұлтжанды Патриот болып қалыптасуында аталған іс шаралардың тигізер игі әсері өте мол деп ойлаймын.

Абайдың ақындық мектебінің Шәкәрім бастатқан шәкірттері тағы кімдер еді?.. Абайдың тұңғышы Ақылбай, тағы бір ұлы Мағауия, ең адал досы Көкбай, шәкірттері Әріп пен Әсет, немересі Әубәкір Ақылбайұлы. Демек, Абайтанудың асқан білгірі Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етер кез келді.  Әуезовтің тапсыруымен Абайдың  ақындық айналасын жан-жақты зерттеп, алғыс естудің орнына Қайым аға адасқан қоғамда қуғын-сүргін көріп, жазықсыздан жазықсыз  25 жылға сотталып, түрме қапасының зардабын тартты. Бұдан соң, өзінің музей қорындағы хатында «АН-2» самолетінің ішін ұжмаққа теңеуіне таңдануға да болмас.

         Ал, Абайды тану Алаш арыстары Әлихан Бөкейханмен басталып, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен жалғаса келіп, қазақ әдебиетіндегі жаңа сала, Абайтану ілімінің арқатірегі – ғұлама Мұхтар Әуезовке жол ашары түсінікті. Сондықтан ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын танып, білу кезеңдерінің Мұхтар Омарханұлының есімімен үкіленуі де заңды болса керек. Жиырма жасында Ойқұдықта Қазақ театрының кіндігін «Еңлік-Кебек» спектаклімен кескен де, «Татьянаның қырдағы әнімен» болашақ «Абай жолына» қадам басып, оны жаһанға танытқан да, «Абай Құнанбаев» секілді монография жазған да басқа емес, әлемнің Әуезові.

         Абай қазір дүние жүзіне танылды. Елбасы осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын, егемендігіміздің елең-алаң шағында, ұлы ақыннның 150 жылдық салтанатында Абай туралы «Жан иесі жарыққа талпынбай тұра алмайды... халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді»-деп атап көрсетіп, мерейтойдың әлемдік деңгейде атап өтілуіне тікелей қамқор болса, одан кейін де Семейге жолы түскен сайын ақын рухына тағзым етумен келеді (Н. Назарбаев «Абай туралы сөз»). Республика Президенті осыдан екі жыл бұрын алты алашты зор серпіліс туғызған еңбегінде «Абайдың даналығы, Мұхтардың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері – бұлар бабалар үнінің бір парасы» деп ұлылар рухына бас иіп, (Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан), күні кеше «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» - деп зор мақтан етеді («Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына



Абай мұрасы арқылы қазақты таныту керек те, қазақ арқылы қазақ руханиятын жаңа деңгейге, жаңа сапаға, жаңаша бағыттарға қарай бұруымыз керек. Бұл ретте, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе маңызды ғой деп ойлаймын. Біз Абайға қайта оралуымыз керек. Абайды бүгінгі уақыттың рухымен қайта оқуымыз керек, зерделеуіміз керек. Бұл ретте, Абайдың мерейтойын атап өту, әсіресе, өз деңгейінде атап өтудің маңызды тұстары осындай деп ойлаймын.

Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы ф.ғ.к.,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.



Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.



Жүргізуші:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)

Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.

Сахнаға Абай шығады. (Әнуар)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Жүргізуші:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!



Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).



  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

  1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

  1. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

  1. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

  1. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

  1. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  1. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).



  1. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

  1. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)

  1. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

  1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

Іңкар: «Қыс»

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Марал: «Жазғытұры»

«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күннің кһзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Айдана: «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.

Айсұлу: «Әсемпаз болма әрнеге»

Нәсіп: «Ғылым таппай мақтанба»

Тоғжан: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Балнұр: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Алина: «Не верь разным людям»

Би: Қазақтың ұлттық биі. Орындайтын «Балдырған – 1» тобының мың бұралған биші қыздары.

 

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.

– Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).


  1. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шараны көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!
    Балалардың орындауында ән: «Желсіз түнде жарық ай».



 Үкімет Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.


Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет