Абай дүниені жаратушы бір күш бар деп қарайды



Дата07.02.2022
өлшемі24,05 Kb.
#82754
Байланысты:
Бейсенова доклад




Абай Құнанбаев —казақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «нақыл» сөздері этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірлерге толы.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігімізбен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,— дейді Абай.
Абай дүниені жаратушы бір күш бар деп қарайды.
Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі - мораль, тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа 12-ші, 20, 36-шы, 44-ші сөздер кіреді.
Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер де терең, дәлелді пікірлермен берілген.
Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы. Ақын: "Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады", - дейді.
Осы ойларда ұлы ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.
"Не жаманшылық болса да бір етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда, я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен өздігінен тоқтаған адамды көрмессің" - деген үзінділерден адам мінез-құлығынан алуан үлгісін көреміз.
Алайда ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін нәсілді көзқараска қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), «адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей... Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі — ішсем, жесем, ұйыктасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен деу — жан құмарлығы»... (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты _ақыл, ғылым... ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі...» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзкарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады, адамды қоршаған ортаның — табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Ол қазақ халқыңың саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы— оның феодалдық-патриархалдык қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. «Күнде ұрлық күнде төбелеспен күн кешкен» алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай «малыңды жауға, басыңды дауға» салып, өмірінді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп «Егіннің ебін, сауданың тегін» үйрен, «жан аямай кәсіп кыл» деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын кере білді, бірақ сол таптық қанаудан құтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады.
Абайдың қарасөздерін тақырып жағынан топтасақ, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. 1-ші сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Осы қарасөзінде ақынның айтпақ ойының өміршегдігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз: "... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел байладым"-дейді. Абай тек осы қарасөзінде ғана емес, барлық қарасөзінде бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғанд ай, ол өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді.
Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шықкан сөз талаптыға кез болса екен»— дейді.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұткасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: «Барынды салсаң да балана орыстың ғылымын үйрет... өнер де, ғылым да орыста тұр..
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді-- «Әне оны берем, міне мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? «Боқта!» деп біреуді боқтатып, «кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші» деп, оны масаттандырып тентектікке үйретіп қойып, «ку, сұм бол» деп, «пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың»—деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі еңбек, ақыл - ой
тақырыбына байланысты айтылған ой-пікірлері
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»—деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінің ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандык, тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сепгіштікті, арсыздықты, мақтаншактықты, қулыкты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай еткізгенің жайында өзіңнен өзін есеп ал»—дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымактық»—дей келе, адамды тәрбиелеудегі коғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарынын бәрі виноват»—дейді. Яғни Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы. ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымнан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай коғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік .....
Абай қарасөздері жеке – жеке жазылған қырық алты шығарма, оның алтау-жетеуі қысқа түрде берілген. Бұған он алтыншы, он сегізінші, он тоғыз, жиырма, жиырма төрт, отызыншы сөздерін жатқызуға болады. Қарасөздерінің ішіндетәрбиелік мәні мен мазмұны жағынан тереңірек тұратын қырық алтыншы сөзі. Оны кейбір ғалымдар очерк деп те атайды. Өзге қырық бес сөзінің ішіндегі көлемі жағынан морль жөніндегі ой толғауы берілмеді. Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абай сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді. Өлеңіңдегі бір өзгешелік отыз жетінші сөзінде мазмұн жоқ. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам афоризмдер жинағы бар.
Әрбір елде сонымен қатар қазақ халқында адамдардың бір-біріне деген іштарлығы, бір-біріне көралмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші сөзінде осы жайлы қозғаған» әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрама, өзі тойымсыз, тиымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейткенімен басқа ойының жоқтығынан өзге егін, сауда, өнер, ғылыми- сияқты нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әр адам малым көп болса екен, өзімдікі болса дейді осының бәрі адамның көзі тоймаушылдығы. Үлкен болыстыққа таласып бір-бірінен асып түсем дейді. Малдары көбейсе билікке таласады. Елдегі жақсы адамдарды көре алмай үстеріне арыз беретіндерде аз емес. Билікке жетем деп іші тар болған адамдар өтірік болыс , билерге, жағымсыз, олардың айтқанын істеп жүреді де, күндердің күнінде өзі болыс болып шыға келеді. Билік құру әр адамның қолынан келе бермейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» бөлмек керек. Әлі, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпен ескеріп, жаңа заманға келіспей тұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді, бірақ ондай кісі аз. Бұрынғы қазақ жайлы білген адамдар айтыпты «Би екеу болса , дау төртеу болады» деп. Оның мәні-тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегеннен айтылған сөз. Сөйтіп, би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды – білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінбегендіктен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып біте берсе , яки оған оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің бүреуін алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет