Реферат Тақырыбы: Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы Орындаған: 206-топ студенті Оспан Марина



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі47,62 Kb.
#85247
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Оспан Марина206. Реферат.саясаттану


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Реферат

Тақырыбы:Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

Орындаған: 206-топ студенті Оспан Марина
Қабылдаған: аға оқыт. Иманмолдаева Б.З.

2020-2021 оқу жылдары
Жоспары:

1.Кіріспе бөлім.


2.Негізгі бөлім.
2.1.Қазақстандағы саяси ойдың кезеңдері мен даму тарихы
2.2.Қазақстанның тәуелсіздік алуы және оның саяси ойдың дамуына тигізген әсері

3.Қорытынды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген. Сонымен қатар, қазақ ойшылдарының да саяси жағдайларға байланысты айтылған ой-пікірлері де аз емес.Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихын жалпы мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
1.Түркілік кезеңдегі және Қазақ хандығы кезеңіндегі саяси ойдың тарихы.
2.Қазақ ақын-жыраулары шығармашылығындағы саяси ойлар.
3.Патшалық Ресей саясаты және қазақ даласындағы саяси ойдың даму тарихы.
4.ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі саяси ойдың даму тарихы.
5.Кеңестік кезеңіндегі Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы.
6.Қазақстанның тәуелсіздік алуы кезіндегі саяси ойлар.
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай.Соның қатарында, түркілік кезеңдегі саяси ой пікірлердің ең бастауы- қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы,математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген ойшылымызды жатқызамыз.. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады.
ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына белгілі мөлшерде үлес қосушы ақын, ойшылдардың ішінен Махмуд Қашғаридің есімін ерекше атауға болады. Ол алғашқы білімді Қашқар қаласында алады, содан кейін Бұхар қаласында өзінің білімін жетілдіреді. М.Қашғари – түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп аралап, түрік тіліндегі ән, аңыз, жұмбақтар мен түрік әдет-ғұрыптарын көп жылдар бойы зерттеп, 1074 жылы өзінің «Диуани лұғат – ат – түрік» («Түрік тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады. М.Қашғари осы шығармасында төмендегідей сөздерді жазған: «Мен түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым». Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде – ғылыми энциклопедия. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі Түрік қағанаттары тарихының барлық салаларын, соның ішінде саяси мәселелерді де жан-жақты қамтиды.

  • Қазақ хандығы тұсындағы саяси ойлар

Қазақ даласындағы саяси ойлардың тарихы оған идеялық-саяси ықпалын тигізген түркі және араб саяси философиясына барып тіреледі. Мұсылман Шығыс ойшылдарының әдет-ғұрыптарын қабылдап және оны жалғастырғанымен, қазақ саяси ойларының өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өзіндік ерекшелік идеалды мемлекеттің теориялық үлгісін құрған араб тілді саяси ойшылдарға қарағанда, қазақ даласында саяси өмірдегі мәселені практикалық жағынан шешу және нақтылық байқалады. Қазақ сахарасындағы идеялар тек саяси шындықты ғана көрсетіп қоймайды, керісінше онда мол фактілік материалдар жинақталған және оқиғаларды түсіндіруде үрдістік сипат басымдыққа ие болады. Ғұламалардың жазған еңбектерінен біз олардың өзінің жеке бақылағандарына негізделген айқын қойылған мақсаттар мен міндеттерді табуымызға болады. Авторлардың шығармаларының мұндай өзіндік ерекшеліктеріне қарап, оларды тек қазақтардың ХV–ХVІІ ғасырлардағы саяси тарихы ғана суреттелген тарихи-саяси ескерткішке жатқызуға болмайды, неге десеңіз бұл дерек көздерінде қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, басқару саясаты мен нысандары туралы мол фактілік материалдар бар. Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың бас кезі) мемлекет қайраткері, би, ойшыл, жырау. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария өзенінің жағасын мекендеген.
Асан Қайғы ұсақ хандықтардың басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Жәнібек пен Керей хандарды жақтайды. Ал қазақ хандығының негізі қаланған кезде, Асан Қайғы жаңа мемлекеттің жаршысы, басты идеологына айналды. Билік басындағылардың асау мінезін сынап, Асан Қайғы оларды сабырлыққа шақырады. Сабырлық парасат пен ізгіліктен тұрады. Билеуші ең алдымен – ізгілік иесі деп көрсетеді. Жырау емес, ол би, ол қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған саяси қайраткер. Мемлекеттің басты белгісі территориясы – жері болса, бұл мәселені Асан Қайғы жаңа Жерұйық деген ұғыммен жалғастырады. Жерұйық ұғымын елдің басты ұранына айналдырады. Сонымен қатар, ол елді бірлікке шақырып, ел тұтастығын үндеген. Асан Қайғы бірлік хақында былай деген «Қарындасты жамандап, туысты қайдан табасың». Асан Қайғы әлеуметтік мәселелерге де араласып, қоғамда билеушілерді әділеттілікке шақырып отырған. Хан мен билер қасқанда, Халық қайтіп күн көрер. Онда халық түнерер, Халыққа қысым күш берер, Халықтың кегі күшке енер – деп ескертіп отырған.
Қазақ топырағында артында өшпес із қалдырған тұлға – Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жж.). Мұхаммед Хайдар Дулати тарихшы-ғұлама, мемлекет қайраткері және де «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы. Кітап сол заманның мәдени-тарихи, саяси өмірін сипаттаған жазба мәдениеттің үлгісі. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» кітабында мемлекетті басқаруда мынандай бірнеше шарт айтады: - белгілі бір істі шешкенде патша өзін көпшіліктің бірі ретінде, ал басқаны өзіне әкім ретінде қоюы керек, өзі құптамаған үкімді ол басқаның қабыл алуын лайық деп санамасын; - «мұсылманның шартын орындауды патша ғибадат санасын. Пайғамбар бұйырды, мүмүннің көңілін шаттыққа бөлеу – адамдардың барлық ғибадаттарымен тең». Мұсылман патша ұдайы мұсылмандардың мұқтажын өтеуге дайын болуы керек; - патша халықты риза ету үшін үкімінде әлсіздік байқатпауға және алдамауға тиіс. Кез келген адамды риза ету үшін хақ (шындық) және шариғатқа қарсы іс жасамауы керек; - патша елге төнген қауіптен қамсыз қалмауға тиіс, ол әмір мен басқарушының билігі мәңгі игілік пен бақыттың құралы екенін нақты білуі керек; - патша менменсіп һәм тәкаппарланып халықты жәбірлеп, өзінен шошытпауға тиіс, қол астындағыларға, әлсіздерге игілік пен шапағат жасап, қара халықтың сүйіспеншілігіне бөленуге ұмтылуы керек; - патша, не әкім парасатты болуы керек. Патша болып жатқан оқиғаларға, терең үңіліп қарауы керек, һәм әркім даналық, ақыл, ақиқат алдында оларды тудырған себепті айқындап даналық көзбен олардың зардабын көре білуі тиіс. Егер олар кәдекілгі іс болса, шариғат жолымен шешуге міндетті, ал егер мәселе шиеленісіп кеткен болса, онда оны парасаттылық нұрымен ұғуға тиіс. Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасындағы парасаттылық пен ізгілік мәселелері одан кейінгі ойшылдарға да үлкен азық болды. Қазақ қоғамындағы бізге жеткен аса маңызды алғашқы саяси-құқықтық құжат – «Жеті Жарғы» (ХVІІ–ХVIII ғғ.) саналады. «Жеті Жарғыда» нормалар тізбесі, қазақ қоғамындағы діннің рөлі, әлеуметтік топтар мен саяси ұйымның саяси-құқықтық белгілерінің сипаты беріледі. Ең ықпалды саяси күш – ақсүйектер тұқымы (төрелер) болып табылды. «Жеті Жарғыда» көрсетілгендей, сұлтан – жоғары билікті, үкіметті білдіреді. Сонымен қатар, тарихшы ғұламалар мемлекеттің саяси, әкімшілік құрылымымен қатар қоғамдағы болып жатқан саяси оқиғалардың барысын сипаттайды. Қазақ хандығы тұсындағы саяси ойлар біріншіден, қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді заң нормалары арқылы шешуге байланысты билер институтын қалыптастырды. Билер институты сондай-ақ, мемлекеттегі соғыс пен бейбітшілік мәселелерін де қарастырды. Екіншіден, елдің тұтастығы мен егемендігі туралы идеясының негізін қалады. Үшіншіден, қазақ хандығының іргетасы қаланды және мемлекеттілік жайлы ұғым қалыптасты.

  • 2.Қазақ ақын-жыраулары шығармашылығындағы саяси ойлар.

Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық саяси ойлары қазақ елінің қалыптасуына бірден-бір рухани негіз бола алады.ХV-XVII ғасырдағы жыраулар мен ақындар елдік , ерлік замана хақында толғаған. Ақын-жыраулар тобының алдыңғы, аға буынына Қазтуған, Асан Қайғы (XV ғ), Досманбет (XVI ғ), Шалкиіз (1456-1560 ж.) жатса, ал кейінгі буынына елге есімі кеңінен танылған, халық алдында зор беделге ие болған жыраулар Ақтамберді (1675-1768 ж.), Тәтіқара (XVIII ғ.), Бұқар (1668-1781 ж.), Шал - ақын (1748-1819 ж.) және т.б. жатады.
Қазақ халқы «билердің биі», халық даналары деп Төле, Қазбек және Әйтеке биді ерекше бағалап мақтаныш тұтты. XVII-XVIII ғасырларда, Тәуке хан тұсында қазақ халқының өзіндік ұлттық санасының кемелденуіне осы дана, үш Ұлы бидің тигізген рухани әсері теңдесіз жоғары болды. Қазақ қоғамының болашағын қалыптастырған «Жеті жарғыны» да дүниеге әкелген осы Төле би, Қазбек би және Айтеке би болатын. Дәстүрлік адат құқықтары, «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» негізінде жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты түзетулер еңгізіліп «Жеті жарғы» жарыққа шықты.
Әлемнің өзге халықтарына ұқсас Қазақ еліндегі саяси ойлардың дамуы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тікелей байланысты. Қазақ қоғамындағы сан алуан, күрделі өзгерістер XVIIІ ғасырдағы Қазақстанның Ресейге қосылуынан басталды. Халықтың еркіндікке, әділеттілікке қол созуы, оның мұң-мұқтажы, болашаққа арманы - өнер иелерінің творчествосына, саяси көзқарастарына үлкен әсер ететіні белгілі. Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін ақын Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) өлендерінен айқын саяси ұстанымы байқалады. Ол билік иелерінің, сұлтандар мен ханның әділетсіз саясаты халықты тонау екенін ашық айтты. Ақын қазақ қоғамындағы кертартпа саяси күштерге қарсы шығып, халықты өз мүдделерін қорғау үшін батыл, ашық күреске шақырды. М. Өтемісұлы мемлекет билігінің патшалық басқару түріне қарсы шығып қазақ ақындарының алғашқысы болып еркіндік демократиялық бағыттағы пікірлер ұсынды. Ол биліктің көзі, тұтқасы халық екеніне сенеді, сондықтан ақын:
«Айтып, айтпай, немене, Халық қозғалса, Хан тұра алмайды тағында» деп жырлайды. Осы және басқа да өлендерінен халықтың ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан қазақ қоғамындағы саяси ойларды Махамбет Өтемісұлы өз творчествосында толық қабылдай отырып болашақ үшін одан әрі дамытты.Махамбет Өтемісұлы қазақ тарихында белді орын алатын дарын иесі: ақын, қоғам қайраткері, халықтың мұңын жоқтаған ойшыл, ұлттың азаттығын аңсаған батыр.
Махамбет заманында феодалдық қатынастардың айтарлықтай дамығандығын айтуға болады. Осы формациямен бірге келетін бірқатар құбылыстар маңызды рөл атқарады. Мұндағы қорлықтың туындау себебі – жаңа қоғамдық құрылыс. Ал мұндай заман құбылыстарына қарсы тұрудың бір ғана амалы:
«Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып, ет жемей,
Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,


Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?» –
деп толғайды ақын. Яғни, жыраудың монархияға қарсы күш қолдану тәсілін ұсынуы бұрын тарихта болмаған оқиға. Мәселе саяси ой өркендей келе, басты мәселе – биліктегі төрелердің қалыптасқан монополиясын жою. Осы тұрғыдан Махамбет ойлары белгілі француз ойшылы Жан Боденмен сәйкес келеді. Мұндағы басты принцип – биліктің халықта болуы. Бұл билікті халық өз арасынан таңдаған бір адамға береді. Ол адамның тіпті төре тұқымынан болуы міндетті емес:
Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп,
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау,
Махамбет шырақ-ай, –
дейді. Яғни мұндағы билік басындағы тұлға кезкелген патриот адам болуы мүмкін. Бұл адамға абсолютті билік тапсырылуы керек.
Махамбет Өтемісұлы саяси дербестік пен тәуелсіздіктің жыршысы. Оны Ресей империясының отарлық саясаты қинайды, толғандырады:
«Тептер үшін тебістік,
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғыш үшін қырылдық,
Теңдікті малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік» .
Мұнда Махамбеттің тек отаршылдарға ғана емес, ішкі реформаларға да қайшылығын байқауға болады. Бұрыннан қасиетті болып келген жерге жеке меншіктің орнауы, оның азаматтық-құқықтық қатынасқа тауар ретінде қатысуы ақынның жанын ауыртқандығы сөзсіз.
Тағы да бір байқағанымыз, Махамбет билікті тармақтарға бөлмейді. Биліктің бір орталыққа шоғырланғанын қолдайды. Биліктің табиғаты халық мүддесінде жатыр. Соны кез келген билеуші түсінуі керек, әйтпесе, халық көтеріліске шығып билікті жояды. Бұл Ұлы француз буржуазиялық революционерлері принциптерінің батырдың көзқарасымен сәйкесіп, қазақы демократиялық ілімдегі жаңа бағыттың айқындалғанын көрсетеді. Халық сеніміне ие болмаған билік өзін-өзі бүлдіреді, өзін-өзі жояды. Мұнда да қарама-қайшылықты байқауға болады. Қазақ секілді дәстүршіл халықтың өз әдет-ғұрып нормаларынан бас тартуы аса қатерлі нәрсе. Жәңгірдің қателігі де сонда. Ақынның тілімен айтқанда:
«Атаңа нәлет Жәңгірдің,
Қан жылатқан заңы үшін…»
Онда бұл әдет-ғұрып нормаларын қандай құжат реттеуі керек? Оның толыққанды сақталуы үшін не істеу қажет? Қандай жаңа нормалар халық жағдайын жасап, жаңа өзгерістерге жол ашады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Ақын өлеңдерінің бірінде:
«Адамзат басы құралса,
Мәшурат кеңес сұралса,
Мәшурат берер ер едік»,– делінген. («Мәшурат» – Конституция, демократиялық заң деген мағынада. Бұл сөзді ғылыми әдебиетте алғаш қолданып, анықтамасын берген С. Өзбекұлы.) Ақынның бұл сөздері келесідей тұжырымдарға әкеледі:
Біріншіден, Махамбет шектеулі болса да бас заң, Ата Заң идеясын қолдайды. Ол нормативті-құқықтық акт қазақ қоғамындағы туындаған барлық дерлік сұрақтарды шешуге бағытталуы қажет.
Екіншіден, бұл заңның толыққанды жүзеге асуы үшін сайлау өтіп белгілі алқа қалыптасуы керек. Ондай болмаған жағдайда, бұл құқықтық актілердің заңдық күші шектеулі болатындығы хақ.
Үшіншіден, бұл алқалы орган ешкімді алаламайтын негізде, өзінің басты қызметін жүзеге асырып, осы нормалардың қалыптасуы мен ықпал етуіне жағдай жасауы керек. Бұдан туындайтын қорытынды, Махамбет хандық билікті қайта құру үшін уақытша үкімет құрып, соған қоғамдағы ең маңызды мәселе, Ата Заң қабылдауды жүзеге асыруы қажет – дейді. Ата Заң арқылы әділеттік орнайтындығына сенімді ақынды қазақ далалық демократиясының принциптерінің негізін қалаушы деп тану орынды.

  • Патшалық Ресей саясаты және қазақ даласындағы саяси ойдың даму тарихы

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Қазақтың ойшыл ғалымы демократағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының әлемдегі өркениетті 18 елдер қатарына қосылуы үшін қажетті саяси-әлеуметтік, мәдени қызметтер атқарды. Шоқан саяхатшы, этнограф ғалым ретінде Орта Азияның, Қазақ елінің, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетіне ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, саяси - әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын қарастырды, әсіресе қазақ халқын патша шенеуіктері мен жергілікті билік иелерінің зорлық- зомбылығынан қорғау мәселесін жария етті. Ол қоғамдағы үстем тап өкілдерінің саяси көзқарастары халықтың ізгі мақсаттарына әсер ететінін атап көрсетеді. Сол себепті Шоқан Уәлиханов бұхара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын дамыту жолында елеулі қызметтер атқарды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән беріп революциялық өзгерістерге қарсы пікір білдірді. Ағартушы-ғалым сот реформасы туралы өзінің прогрессивтік саяси- әлеуметтік идеяларын ұсынды. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, оның мұқтажына тікелей қатысты реформа-- экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді»- деген қорытынды жасайды (Ш. Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995.127- бет ). Өзінің осы шығармасында Шоқан Ресей патша өкіметінің саясатындағы отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден қалыптасқан билер сотының сақталуын талап етті. Дәстүрлі билер қызметінің ашықтығын, жариялығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалайды. Шоқан Шыңғыс хан заманынан енген ереже бойынша қазақ қоғамының «ақ сүйек» және «қара халық» болып жіктелуіне қарсы шығып, қоғамда бұл бөлінудің болуы бір-біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп есептеді. Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау-жанжал, саяси-әлеуметтік шиеленістер туатынын дәлелдей келе, қазақ халқын бірлікке шақырды. Ғалымның пікірінше, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін ең алдымен оларға еркіндік берілуі қажет. Ал еркіндікті дұрыс пайдалануы үшін халыққа жалпы білім, әсіресе саяси сауаттылық қажет.
Абай Құнанбаевтың (1845-1904) басты философиялық, этикалық шығармасы «Қара сөздерінің» идеялық мазмұнын талдау арқылы ойшылдың саяси көзқарастарына айқын баға беруге болады. Ол қазақ қоғамындағы мәдени-әлеуметтік құндылықтарға, атап айтқанда, білімге, сенімге және адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөлді. Осы құндылықтардың жоғары дамуы үшін қазақ халқы өзге елдердің ең жоғарғы, пайдалы құндылықтарын үйреніп, қабылдауы қерек деп есептеді. Бұл мақсатқа жету күшті биліктің көмегінсіз жүзеге аспайды, себебі тұрақты саяси билік ғана халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады. Абай билік иелерінің өктемшіл, әміршіл психологиясы мен билікқұмар білімсіз, ақылсыз байлар тобын өз өлендерінде: «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын». -деп қатты сынға алады. 19 Абайдың ойынша, қазақ қоғамында күшті билік қалыптастырудың өзіндік кедергілері мен қиындықтарды бар, олар: қазақ халқының еркіндігінің, тәуелсіздігінің болмауы; қазақтың салт дәстүріне сәйкес қалыптасқан мемлекеттік басқарудың жойылуы. Ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым, Есім және Тәуке қалаған ата-баба заңдарының құндылығына, өзіндік артықшылығына жоғары баға береді. Абайдың ойынша, қазақ халқы үшін жаңа әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дәстүрлі билер сотын сақтап қалу қажет. Ол үшін қорғаушылар институтын қалыптастыру – билердің әділ, таза сайлау арқылы сайлануы немесе халық ішіндегі әділ, беделді азаматтардың тағайындалуы тиісті. Абай творчествосында басқа да көптеген ерекше саяси, әлеуметтік ойлар кездеседі, олар: адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының ерекше қасиеттері және т. б. мәселелер. Ойшыл тұлғаның әлеуметтік мәнін анықтайтын негізгі екі қасиетті көрсетеді: адамның ақыл-ойы және еңбек қызметі. Осы екі қасиет адамның басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды.
Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп- төстеушілердің қысым – қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» деген еңбегі бар. Ол адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп- өмірлік қажеттіктер; өмір сүру, білім алу, мәдениетке үмтылу, т.с.с.Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Ол 1887 жылы Ырғызда 20- орындық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Ұлы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында 19 ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.

  • ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі саяси ой тарихы

Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт - азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтарымен бостандықтарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады.Саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналысқандардың бірі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы , әйгілі мемлекет қайраткері, ғалым әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді.Әлихан Бөкейхановтың ойынша европалық білім алып саяси істерге араласа бастаған қазақ зиялылары екі бағытқа бөліне бастаған.Олардың бірі- мұсылмандық идеяны жақтайтын түрікшілер, ал екіншісі европалық дамуды қолайтын батысшылар.Саяси екі ағымның пайда болуын атап көрсеткен Ә.Бөкейханов оларға ғылыми сипаттам да берді және бұл екі ағымның әлі нақты партия болып қалыптаспағандығын атап көрсетті.Өзінің саяси қызметінің бастауында батысшылар жағында болған ол саяси бостандық мәселелерінде діниағымдарға да қарсы болмады.Бұдан да бөлек көптеген қайраткерлеріміз сол кездегі саяси жағдайларға байланысты өзіндік саяси ой-пікірлерін айтып кеткен болатын.

  • Қазақстан Тәуелсіздік кезеңіндегі саяси жағдайлар

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және


мемлекеттік тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және
социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер
негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен
қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов
болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында
тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету
мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу,
сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді.

 Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген


әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және
шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып
шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің
лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ
отау” және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Осылайша елде 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір)
кең көлемді қызметімен ерекшеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет