Абай философиясындағы адам мәселесі



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі341,42 Kb.
#121897
1   2
Байланысты:
бөж 7 ТМО 20-12 РАХМАТУЛЛАЕВ АЗИЗБЕК

Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: «адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)».

  • Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: «адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)».
  • Бұл өлеңде Абай «адам болу» қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер – білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажететеді. 
  • Отыз алтыншы қара сөзінде: «Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты»,- дейді [3].Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады.
  • Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу.

Пайдаланылған әдебиеттер

  •  1. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б.
  • 2. А.Құнанбаев 2т. 162 б.
  • 3. Абай. Қара сөз А. 1993ж. 76. б4. А. Құнанбаев: шығ. Қазақ Ағарту. фил. 10т. Астана 2007ж.380б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет