Абай жолы. 4 кітап


"Абай жолының" екінші кітабына қосымшалар



бет5/9
Дата27.09.2023
өлшемі0,78 Mb.
#182739
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Абай жолы. IV кітап

"Абай жолының" екінші кітабына қосымшалар:
I тарауға
1. Иман, халфелердің мешітте намазға сапқа тұрғандағы түстері аз сипатталу керек. Сармолламен алғашқы шайқасу кезіндегі яшық намазы аз суреттеледі. 32-бетке.
2. Ишан, соқыр қари, Самұрат мәзін: сәлде киіс, мұрт басу, көзді сүрмелеу ретінде сырт пішіндері жағынан кей тұстарда оқшауланып суреттелу керек. 50, 51, 54, 103, 108, 118, 119-бетке, 19-бетке Сармолла "Биуафа".
II тарауға
1. Абай мен халфелер айтысында сыртқы пішін, мүсін, киім, отырыс, қозғалыстың суреттері керек. 198, 199, 200-6.
2. Абай мен Әбіш екеуі сөйлескен кездерге автордың ремаркасы мен олардың бет-құбылыстар, отырыс-тұрыс, киім киіс ажарлары сипатталу керек. 202, 208-бетке.
3. Павловтың Сейіт үйінде жалпы грузчиктерге кездескен шағында үй-пәтер, көрініс, отырыс орын, сырт ажар суреттелу керек. 213-бетке.
4. Әбіштің Сейіт үйінде отырған отырысы, көзіне көп көрінген үй бұйымы, кішкене қара домбыра тәрізді нәрселер қосыла аталу, суреттелу керек. 168-бетке.
5. Осы бөлім соңында Мәкен мен Дәрменнің қиын кешуден өтіп, табысқан бақыты аз бейнелену керек. Бұл кездесу Әбеннің үйінде болу керек. 122-6.
Жаулар Дәрмен мен Мәкенді байлап әкеткеннен кейін Әбен үйіне жәрдемге келетін көрші орыс әйелі, ұстаның қатыны Марфа (Шура) болады. Бұл жаралы үйге көмекке Александра Яковлевна мен фельдшерді тауып әкеледі. Оның алдында Затонда баржада жұмыс істеп жүрген Сейіттерге жүгіріп барып, жаулар істеген жарлықты да өзі айтады. "Әлі ұзаған жоқ, жүгіріңдер", – деп, Сейіттің қолына келтектерді де өзі ұстатқан болады. Кейін өсекші қазақ кемпірін жерлейтін және осы Марфа болады.
III тарауға
1. Тараудың басында Әйгерім мен Мәкен іс тігетін суреттің алдында Мәкен мен Дәрменнің ендігі орналасқан Ақшоқыдағы мекен-жайы, отауы суреттелу керек. Сондағы таңертең тұрып, шай ішіп, шат көңілмен жақсы бір сәт аңғартқан күншуақ шағы суреттелу керек. 247-6.
2. Әбіштің қазасы үстінде Дәрмен Абайдың өз жайын, қайғы-уайымын қатты қасірет етіп, Мәкенге жазу керек. 318-6.
3. Әбіштің хабары Дәрмен мен Мәкеннің оңаша уайымы түрінде суреттелу керек. Мәкен Мағыштың жан досы екені екеуі бірігіп, Алматыға жазған хаттан көріну керек. 257-6.
4. Мағаш Алматыдан қайтқан сапарда жан сөзіндей жақын, ақын сөзімен көңіл айту керек. Бұл дағдылы көңіл айту түрі емес, көлденең бір мысал оқиғаны баяндағандай айтылу дұрыс. 315-6.
5. Әбіштің сүйегін Мағыш көрген сәтте оны Мәкен мен Дәрмен қолтықтап сүйеп, бауырға алу керек. 321-6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет