Абайдың еңбек тәлімі
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың», - деді Абай. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қорықпақ керек. Ол: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Залымдық – адам баласының дұшпаны».
Абайдың мақсаты – күн көрісте біреуді біреу жемеу керек екенін, кім өзінің адал еңбегімен күн көру екенін, еңбек иелеріне өнерлі, өнімді еңбек атқару қажет екенін жастарға түсіндіру болды.
Абайдың ұғымында шын жақсы адам, - шын мағынасындағы талапты, ізденгіш, тапқыш қоғамға да, өзіне де пайдалы еңбек атқарғыш – еңбекші адам. Абай халықтың осындай еңбекқор адамдарды сыйлауға, сүюге, достасуға шақырады. Мұндай сүю Абайдың сенуіне шын еңбек иесі адамнан ғана табылады.
Абай адамның адамгершілік қасиеттері ішінде еңбек сүйгіштікті бірінші орынға қояды, мұны адамның тамаша қасиеті деп есептейді.
Ұлы педагог А.С. Макаренко: «Адам мінезін қалыптастырып, тәрбиелеуде отбасы қоғамдық рөл атқарады» деген болатын.
Халық өздерінің мақал-мәтелдерінде де «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп, адам келешегі отбасындағы тәрбиеге байланысты философиялық ұғымды білдіреді. Бала дүниеге келген күннен бастап оны оқытып, тәрбиелеуде ананың орны айтарлықтай. А.М. Горький: «Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың сүтімен адамның бойына сіңеді» - деп текке айтпаған.
Халықтық, педагогикалық дәстүрді зерттеуші ғалым: Г.Н.Волков: «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде, әрине барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес. Отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орында анасы мен әкесі, сонан соң атасы мен әжесі алады» - деп орынды сынап өткен.
Енді тәрбиедегі отбасының рөлі туралы Абай былай деп көрсетті. Ол жастардың надандық пен топастық, азғындық пен бойкүйездіктің мерездері мен уландырмай сақтап қалуда ата-ананың, отбасының, ерекше орын алатындығын айта келіп, өз баласын орынсыз ерке, қылжақпас етіп өсіретін адамдарға қатты наразылық білдіреді. Салғырт, бос буын, суайт, даңғой, дөрекі, ұстамсыз, есерсоқ болуды осындай кесір тәрбиесінің салдары дейді ол. Бұл жөнінде өзінің «оныншы сөзінде»: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, баланың күнәсінә тағы да ортақ боласың».
И.Г.Песталоции: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен бастау керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұстанады. Абай жастарды тәрбиелеудің әр алуан жолдары мен тәсілдерін ең алдымен үй ішінде, мектепке тәрбиелеудің жолдарын көрсетті. Балалардың дүниеге көзқарасы мен мінезінің қалыптасуына отбасының аса зор ықпалын еске ала отырып ол ата-аналарға ең алдымен өздерің дұрыс тәрбиелі болыңдар деп талап қояды. «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ» отбасында, елде ортада жан сүйсінер жаңалық, жарқ еткен жақсылық бар дегенге кім сене қояр екен» - дей отырып Абай, жастарды бірлікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеуге шақырады. (381-382)
Қарасөздердің ішінде, тағы бір қайталай түсетін тақырып, дін, адамгершілік, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші қара сөздерінде. Осы сөздерінде діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі – адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті, адам өзінің жаратылысымен қоса бағалап, түсініксіз деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы кезде Абай өзінің дінін, түп наным жағынан да, адамгершілік қасиеттері турасынан да және адамгершілік мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады.
Адамгершілік философияның, педагогикалық мұраттары негізін діндегі негіздермен қабыстырып бермекші. Осындай дінмен байланысты діншіл ойларды айта келіп, Абай сөзіне негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбиелік терең ойларды қозғағанда, айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп, оның айқын діншілдік үгіт сияқты танып басталған сөз, ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдың философиялық тәрбиелік талаптарына келіп қосылады. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтады. Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілеріне байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісігі өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады. Он жетінші сөзде, Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасарын ой-толғау жүргізеді. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болуы үшін, оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, терең табыссын деген талап қояды. Он сегізінші қара сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын: ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйіндеді. Жиырма бесінші сөзінде «оқушы өзі үшін емес, халық үшін еңбек ететін адам болсын» дейді. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелік тақырыпты, Абай отыз екінші ғақлиясында және қырық төртінші ғақлиясында толық дәлелдеп өтеді. Ол: «Адам баласының ең жаманы талапсыз: талап қылушылар да неше түрлі болады, талаптың өзі де түрлі-түрлі болады» дейді. Қырық төртінші сөзінде, тәрбиелік ойдың тағы бір шартын адамның басындағы мінезділікпен байланысты талапқа әкеп саяды.
Екінші – Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алып, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары да аз емес.
Абайдың қай өлеңін, қай кезде жазған өлеңі болсын шешен тілді, көркем суретті, терең мағыналы келеді. Өлеңді ермек деп, думан, салдық құралы деп білмей өнер деп, халықты тәрбиелейтін құрал деп біледі.Абайдың шығармашылығы қазақ мәдениеті, оның ағарту ісімен жастар тәрбиесінің болашақтағы бүкіл даму барысына ықпал етті.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |