Абай Құнанбаев жастардың жалынды ақылшысы болды. Оның шығармаларының барлығы дерлік ғибратты тәрбиелік сипатта келіп отырады



бет1/2
Дата27.03.2023
өлшемі83,5 Kb.
#173120
  1   2
Байланысты:
Абай тану СРО 5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра«Автоматттандыру,ақпараттық тхнологиялар және қалақұрлысы»

«Абай тану» пәнінен


СӨЖ №5

Орындаған: ДВТ-101с тобы студенті


Абдрахманова С.
Тексерген:
Гайнуллина Ф.А.

Семей 2023


Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбие және тұлға қалыптастыру мәселелері

Абай Құнанбаев жастардың жалынды ақылшысы болды. Оның шығармаларының барлығы дерлік ғибратты тәрбиелік сипатта келіп отырады. Абайдың пікірлерінің көпшілігінен-ақ жастарды тәрбиелеу, оқыту жөнінде айтылған методикалық және дидактикалық қағидаларды табуға болады.


Өз шығармаларының көпшілігінде Абайдың қазақ халқының ортасында орын тепкен надандық пен мешеулікке қарсы күрескенін жоғарыда айттық. Ол өз шығармаларында халық ішіндегі қарны тоқтарға, қайғысы жоқтарға, рухани азықты ұмытқандарға, еңбексіз мал тауып, біреудің есесінен байғысы келетіндерге, тоғышарлық өмірдің, думан-тойдың қызығына белшесінен батқандарға, жағымпаздықпен, жаламен ұлықтардан мақтау алғысы келетін шен-шекпен құмарларға қарсы күреске аттанды.
Адал еңбектен бойын аулақ салып, өтірік-өсекпен, аста-төкпен өмір сүрген адамдарда ақын қатты түйреп отырды; ауылдан-ауылға қыдырып, думан мен сөз қуып жүретін еңбексіз жандарды, ақыл мен адамшылықтан безгендерді, өзі білмей, білгеннің тілін алмай өткен керенау-кербездерді, сырты бүтін болғанымен іші түтін халыққа қас адамдарды, мақтан үшін, мансап үшін, ұлық болғысы келетіндерді ақын өлтіре шенеді.
Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, жаулықты, надандылық пен қаранғылықты көрді, мұның бәрі қазақ халқын орға шығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпалын тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушының бар үміті – жастар еді, сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты. Адамгершілік деген ұғым оның әрбір шығармасынан дерлік айқын әрі күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершіліктің жаулары – дәулеттілерді улы тілмен түйреп, келеке етеді, ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды, ал адамгершілік қасиеттер дегеніміз білім алумен, өнімді адал еңбек етумен ғана пайда болады.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық еңбектің еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, «Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпесе қабілетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке» деп жырлауы соның айғағы.
Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі педагогиканы және әдебиеттің, ондағы тәрбиелі образдың рөлі айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиесіндегі және адамгершілік рухани байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық, этикалық міндеттерімен тікелей байланысты. Демек, қоғамдағы орны бөлек орта, дүние – адамгершілік рухани байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани ұлы күш тәрбие болып келген.
«Абай творчествосындағы адамгершілік концепциясы ақын өміріндегі жақсылық пен жамандықты айыра білуге адамдықтың адал шарты ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсылықты тану – жаңалықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеген жамандықтың отына май құюмен бірдей».
Ұлы ағартушы ұстаз Абай өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, надандық пен қараңғылықты көрді. Мұның бәрі қазақ халқына орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп біледі, ал ұлы ағартушының бар үміті жастар еді. Сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қасарыса қарсы ш
Адамгершілік деген ұғым мен оның адамгершілік тәрбиесі оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершілік жаулары – дәулеттілерді улы тілмен түйреп, келемеж етеді, ал жастарды өздерін адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды. (365-366)
Ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абай өлең жолдары кімді де болсын рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, әр қағида бүкіл азаматтың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.
Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б. ) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұрғысынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғартады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған кемшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап, мінейді. Одан арылудың жолы ғылым, білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.
Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
Ғалым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...
  • деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге, үлгі тұтып өсуге шақырады.


Абайдың биік таныммен көмкерілген ой-өрнектері, терең гуманистік идеяға, жоғары эстетикалық философияға құрылған әдеби мұрасы қазақ халқының ғана емес, түркі әлемінің, одан әрі адамзаттың асыл қазынасы десек те болады. Оның даналығы – үлкен ірі философиялық мәселелерді шешуде, жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары образды сомдауда, соның алғышарттарын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол жеткізу.


Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Ақын отбасындағы ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары бағалаған. Сондықтан да өмірге келген әрбір адамды адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа апарар жол ананың сүтінен, ата-ананың пәрменді үлгісінен тамыр тартады деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады.
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол:
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім,
  • дейді.



Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанды:
...Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді», көңіл көзі қарықты, ойлы адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды.Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармаларының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жүйесінің бірі болды.
Абайдың тәрбиелік бағыттағы өлеңдерінде адамның негізгі эстетикалық болмысының бастау көзі ғылымды игеруде жатыр, соның пайдасын білуге негізделген дегенді меңзейді. Себебі көкірегі ашық, танымы терең адамның қабылдауы да жан-жақты, әр нәрсеге көңіл бөлгіш, байқағыш, ой түйгіш болатыны анық. Абай өз өлеңдерінде бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыдан Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды. Яғни Абай өз халқының бойындағы жаман мінез-құлықты, еңбексіздікті, ғылымнан мақұрымдықты сынады. Ол халықты еңбек етуге, ғылымды меңгеруге, адамгершілікті болуға үндеді. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деп басталатын өлеңіндегі:
Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман.
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман, -
деген жолдарда еңбексіздіктің жағымсыз көрінісін бетке басып, ашына сынаса, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде:
Жамандар қыл алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас,бір күні сынар шөлмек, -
деп жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа әуестенуінің түбі баянсыз екенін ескертіп, жамандықтан жирендіруге тырысады. «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырды.
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел, - дей
отырып,қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы табыс табудың жолын нұсқайды. Бұл тұрғыдағы Абай ұсынып отырған тағылымның өміршеңдігі – бүгінгі тіршілік мазмұнымен сабақтасып жатуында. Абай айтқан тағылымның заман ырғағымен сәйкестеніп, жаңа дәуір әлемінен көрініс таба бастауы ақынның даналық қасиетінің жарқын үлгісі демеске әддіміз жоқ
Абайдың тәрбиелік сипаттағы мазмұнына түрі сай, ең күрделі де көркем өлеңдерінің бірі – «Сегіз аяқ». Абай өзі өмір сүрген дәуірдің дерті болған әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды. Сол қоғамның, сол ортаның індетіне айналған жат қылық, жаман мінез, құлықсыздық, жалқаулық, арызқойлық сияқты халыққа пайдасы жоқ әрекеттерді қатты сынай келіп, адал еңбекпен мал табуға, ар-ұятты ойлап бірлік етуге, достық-бауырлық қарым-қатынаста болуға үндейді.
Абай шығармаларындағы тәрбиенің бір арнасындағы жастық махаббат, ғашықтық сезім иірімдері арқылы сұлулықты сезіне біліуге баулу тәсілдері де әр халықтың өзіндік ұлттық сипатымен ерекшеленеді. «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» деген Абайдың анықтамасы да сол ұлттық көзқарас арнасынан тамыр тартады.
Абай өзінің өлеңдерінде ерекше мән берген тәрбиелік ойларын қара сөздерінде де жалғастырып, дамыта түседі.Эстетикалық әсері мол өлең өрнегімен жеткізуге тырысқан өнегелік тұжырымдарын ақын қара сөздерінде қарапайым тілмен түсіндіріп, халық санасына ықпал етуді көздейді. Өмірде көріп-білген, танып-сезген жайлардан шығарған қорытындысы есебіндегі даналық ойларға құрылған бұл туындыларында Абай надандық жайлаған халықтың бойындағы жаман қылық, жағымсыз мінезді ашына көрсетіп, сол қасіреттен қалайда құтылмай ел бола алмайтынымызды ескертті. Қара сөздердің қайсысын алсаңыз да бірінен бірі өткен ащы шындықты алдыға тартады. Бұл орайда Төртінші, Жетінші, Оныншы, Он екінші, Он жетінші, Он тоғызыншы, Отыз бірінші, Отыз екінші, Отыз үшінші, Отыз жетінші, Қырық төртінші қара сөздерінің тәрбиелік мәні қай заманда да жойылмайтыны, бүгінде де өзекті екені кәміл. Мәнсіз іс-әрекетке бой алдырмай, көре алмастық, қызғаншақтық, алауыздық, өсекқұмарлық, т.б. тәрізді жамандық жолына түспей, керісінше бар жақсылық жолында ұмтылу, яғни адал еңбекпен шұғылдану, білім алуға, кәсіп-өнер үйренуге, ғылым игеруге талпыну керектігін нұсқайды.
Қара сөздерінде Абай қазақ халқының ұлттық мінезіндегі, дүниетаным мен көзқарастарындағы келеңсіз мінез-құлықтық сипаттар мен тар мағынада ғана ұғынылатын ұғым-түсініктерді сынға ала отырып, олардың мақал-мәтелдердегі мәнін ашуды мақсат етеді. Ұлттық бітім-болмысымыздағы үлгілі қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіретін сөз мәйегі – мақал-мәтелдердің кейбіреуінің өнеге қалыптастыруға көлеңке түсіретін шынайы мағынасына ой жібере қарау керек екенін айтады. Абай өз өлеңдерінде бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салғанын жоғарыда айтқанбыз.
Абай шығармаларында жан-жақты көрініс тапқан тәрбиелік бағыттағы ой-нысаналары Мағжан Жұмабаев туындыларында да көп қамтылды. «Өнер-білім қайтсе табылар» деген өлеңінде ер жігіттің өнерді үйреніп, кәсіпті меңгеруге кедергі болатын құбылыстарды санамалап көрсетеді, керек жайларды нақтылап ұсынады. Ер жігіт өнер табуы үшін ерте ұмтылуы керек екенін, тыным алмай іздену қажеттігін ескерте отырып, жақсы азамат болып өсуде, діттеген мақсатына жету жолында мынандай нәрселерден бойын аулақ салуды нұсқайды. Еріншек болмаса, алған бетінен қайтпаса, ыртың-жыртың нәрселерге көңіл бөлмесе, өсек-аяңға әуес болмаса, т.б. жамандық атаулыдан алыс жүрсе ғана көздеген мақсатқа жететіндігін нақтылап көрсетті. [4]
Адамгершілік негізі – еңбек пен еңбек тәрбиесі. Абайша айтқанда еңбек сүйгіштік – адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материалдық молшылық жасайды, рухани қайрат береді.
«Адалдыққа, адамгершілікке тырысушылық, - деп жазады Абай, - биік дәрежедегі сананы туғызады, сана адамның адамшылығын, ақыл-ойын және ғылымға деген қызығушылығын туғызады. Н.Г.Чернышевский «Ұлы адамның тарихи маңызы оның Отанға деген еңбегін, ал оның адамгершілік қасиеті – оның патриотизмнің күшімен өлшенеді» деп жазды.
М.Әуезов зерттеулерінде Абай діні – адамгершілік дініне айналады дейтін тезисінің мән мағынасы. Әсіресе, осы аталған ұғымдарды танып талдау үстінде айрықша сезіледі. М.Әуезов Абай шығармаларындағы діни наным мен адамгершілік ұғымының қатар келіп отыруының негізінде еңбек тәрбиесінің үстемдік құруына ерекше назар аударады.
Абайдағы діни ұғымдар ондағы екі ұшты, қос қыртысты мағыналардың көп жағдайда адамгершілік негіздер мен ұштасып, ақынның тәлім-тәрбие, еңбекке үйрену, еңбек тану, дүниетаным жайлы ойлары да қосарланып жататынын көре біледі. Осы ерекшеліктің орын алу себебі: «ислам дінінің иманын, парыздарын, тарихындағы шартты жолдарын – баршасын да өзінің ұлы гуманисттік тұрғысынан қарап, көп жерінде мүлде, Абайдың діні – өзінің заманы мен ортасына, бір жағынан сырттай баға бере отырса да, негізінде және де ақындық, адамгершіліктің діні болады», деп тіпті, заманы мен ортасына байланысты діни ұғымдарды адамгершілік мұрат-мақсаттарын насихаттау үстінде п
Абайдың заман талабы мен оқушы ұғымына орай қолданған тәсілі тыңдаушыларын адамшылық пен ғылым-білімді меңгеруге үндей білмегендігі. Осы ойын: «Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда жазылған» - деп құрандағы дәлелдеп жастық ете сөйлеуімен де жеткізеді. Осы себепті Абай тыңдаушыларының ұғым дәрежесімен есептесе отырып, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің негіздері жайлы түбірлі ойларын құранның беделімен болса да өткізуден тартынбаған. Адамгершілік қасиеттің жоғары түрі ар, ұят, ождан сақтау жастарды кішіпейілділікке, адал, арлы азамат болуға тәрбиелеуде Абай өлеңдері мен өсиет маңызды орын алады. Еңбек, еңбек тәрбиесімен адамгершілікті біртұтас қарайды Абай. (367-369)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет