Дәріс 6
ЕС ЖӘНЕ ЕЛЕС
Жоспар
Ес туралы жалпы ұғым
Естің негізгі процестері
Естің негізгі түрлері
Естің дара айырмашылықтар
Елес және оның түрлері
1.Ес туралы жалпы ұғым
Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүкін емес.
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық, бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы түрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық..
Психологиялық түрғыдағы көзқарастар тобы — ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, онын негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленгек объектінің кеңістік пен уақытка орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние кұбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын—қысқа т. б.). Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философы Аристотель. Атақты физиолог ғалым И. П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уакытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалык теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке кызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналаскан клетка денесіне кайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір, зерттеушілер мүндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып калу процестерінін физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші бдреулері мүнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялык зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің биохимиялык теориясы. Ее механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида дектрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялык, реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттаpғa созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады. Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабаукұйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүрізілген. Адам есінен уакытша танып қалғанда, науқас-танбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындырын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау аркылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дapa адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның мәнін айкынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Ке-ген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км кол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялык. іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш.
Осындай биохимиялык зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұ-маттар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.
2.Естің негізгі процестері
есте қалдыру;
есте сақтау;
қайта жаңғырту, тану;
ұмыту.
Есте қалдыру - бұл жаңа затты бұрынғы есте сақталған затпен байланыстырып бекіту немесе заттар мен құбылыстар арасында байланыстар орнату процесі.
Есте сақтау – адам есте қалдырғанды біршама уақыт есте сақтап тұру қабілеті.
Қайта жаңғырту мен тану - бұл бұрын қабылдағанды қалпына келтіру процесі. Олардың айырмашылығы - тану объектімен қайта кездескенде, қайталап қабылдағанда болады да, қайта жаңғырту объект жоқ кезде де жүзеге асады. Тану — естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңгыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бүрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. -Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып жүзеге асырады.
Ұмыту - қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жанылысуы.
Бұрын кабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз — қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жанылысуы. Ұмыту жүйке кызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту кабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда -өзінің 40—50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: «Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам»,— деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. Скотт өз ро-манының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай кұбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде үмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.
Осы орайда, уакытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту — жүйке клеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі казіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі кызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын матеиалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн.
3.Естің негізгі түрлері
Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады.
Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді:
1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық);
2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес.
3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қыска және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативтік ес.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм саңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік ес — көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен керу есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жоғары дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, енбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-козгалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, т. б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын калыптастырудың негізі болып табылады.
Эмоциялық (сезімдік) ес- бұл адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруы. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса тілмен, сөзбен байланысты. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтay логикалы - мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу - механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Ырықсыз ес- бұл белгілі бір мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдыру әдістерін қолданбай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру.
Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ырықты ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Ырықсыз естің орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегеңмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар — естің көлемі, жылдамдығы, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы.ырықты естің нәтижелі болуы бірқатар шарттарға байланысты; оларға жатады:
Есте қалдыру мақсатына (адамның қаншалықты берік, қаншалықты ұзақ есте қалдыруына тілегі).
Жаттау тәсілдеріне. Олар мынадай болады:
Механикалық сөзбе сөз қайталау. Механикалық ес жұмыс істейді, көп күш, уақыт жұмсалады, бірақ нәтиже төмен болады. Механикалық ес материалды түсінбей қайталауға негізделген.
Логикалық қайта айту, ол мыналардан тұрады: материалды логикалық ұғыну, жүйелеу, ақпараттың басты логикалық бөліктерін бөліп көрсету, өз сөзімен айту. Логикалық ес жұмыс істейді. Ол есте сақталатын материалдарда мағыналық байланыстар орнатуға негіделген. Логикалық естің тиімділігі механикалық еске қарағанда 20 есе жоғары.
Есте сақтаудың мнемотехникалық тәсілдері (есте сақтауды жеңілдету үшін) (сурет).
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді.
Қысқа мерзімдік естің көлемі шектеулі болады, бір қарағанда қысқа мерзімдік естің көлеміне 7Х2 ақпарат бірлігі кіреді. Орта есеппен адам бірінші реттен 5-тен 9-ға дейін сөз, сан, фигуралар, суреттерді есінде сақтай алады.
Сурет 1. Логикалық есте сақтаудың кезеңдері
Ұзақ мерзімдік ес материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Ал ұзақ мерзімдік есте қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау оларды бірнеше рет қайталау аркылы есте сақталады. Ұзақ мерзімдік естің тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты.
Оперативті ес дегеніміз есеп шығару, дауыстап оқып жаздыру процесінде, яғни материалды тиісті амалдарды орындау кезінде есте ұстау.
Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деген атпен белгілі.
Аралық ес ақпараттың бірнеше сағат бойы есте сақталуын қамтамассыз етеді. Ақпарат күні бойы жиналады, ал түнгі ұйқы кезінде өткен күні алынған ақпараттарды жіктеп, оларды ұзақ мерзімдік еске айналдыра отырып, аралық есті тазартады.
Естің сапасына мыналар жатады:
естің көлемі;
жаңғырту дәлдігі;
есте қалдырудың шапшаңдығы;
игерілгеннің ойда сақтау ұзақтығы;
естің дайындығы
Сурет 2. Естің өнімділігі
4.Естің дара айырмашылықтар
Естің типтері.
Көру есі, есту есі, қимыл есі, аралас ес.
Көру есіне бейім адам көрген нәрсесін есінде ұзақ сақтайды. Көру есі дамыған адам іштей оқығанды ұнатады.
Есту есі көбінесе естігенін, тыңдағанын есте сақтайды, есту есі күшті дамыған адам дауыстап оқығанын жақсы ұғады.
Қимыл есі қимылмен түйсініп қабылдап, қайтажаңғыртады,
Естің типтер біріксе аралас ес деп аталады.
Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, артистерде эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда — есту, суретшілерде — көру, философтарда — сөздік-логикалық ес жақсы дамиды.
Бейнелік немесе сөздік естің басым дамуы бірінші, екінші сигнал жүйелерінің ара қатысы және нерв қызметінің типологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады. Көркемдік тип бейнелік естің басым дамуымен, ойшыл тип сөздік естің басым дамуымен айрықшаланады.
Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, өйткені психика әрекет үстінде көрініс берумен бірге қалыптасады да. Композитор немесе пианино ойнаушы бәрінен де әнді есте жақсы қалдырса, суретші заттардың түсін, математик есептер типін, спортшы қимылдарды есте тәуір сақтайды.
Естің индивидуалдық ерекшеліктері тәсілінен де көрінеді. Айырмашылық материалдың қай талдағыштық көмегімен есте сақталатындығынан, қайта жаңғыртылатындығынан көрінеді. Жаттау тәсіліндегі айырмашылық адамдарды жоғары нерв қызметінің тума ерекшеліктерімен сәйкес болатын ес типтері бойынша бөлудің негізіне алынады.
Естің көру типі игерілуге тиісті тексті есте қалдыру үшін адамның оны көзбен керуі керек екендігімен сипатталады; естің есту типі адам жатталатын материалды есте сақтау үшін оны есту керек екендігінен көрінеді. Есту типіндегі еске ие адамдар - дауыстап оқиды немесе оқығандарын әңгімелеп шығады. Қимыл есі есте сақтау үшін қимылдық талдағыштар пайдаланатындықтан көрінеді. Мұндай типті еске ие адамдар сөзді сыбырлап қайталайды, тіпті саусағын қимылдатып, ауаға жазса да жаза отырьш, есте сақтайды. Олар жазса, сурет салып, еңбек әрекеттерін жасаса, тез және берік есте сақтайды.
Естің таза типтері өте сирек кездеседі. Көру-есту, көру-қимыл; және қимыл-есту тәрізді аралық типтер көбірек тараған.
Есте қалдыру мен ұмытудың шапшаңдығы мен баяулығын салыстырудан естің төрт типі шығады:
Есте қалдыру Ұмыту
1.шапшаң баяу
2.баяу баяу
3.шапшаң шапшаң
4.баяу шапшаң
Ес сапасы есте ұстау шапшандығы, сақтау беріктігі және қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады. Егер жақсы ес бірден естр сақтау және баяу ұмытудан көрінсе, нашар ес, керісінше, самарқау сақтау және тез ұмытумен айрықшаланады.
Бірақ ес бір жағынан жақсы, екінші жағынан нашар бола береді. Естің жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мумкін.
1. Ең тәуірі — бірден есте сақтау мен бірте-бірте ұмытудың үйлесуі. Ес ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; бір рет тыңдалып немесе оқылған материал берік және ұзақ сақталады, қажет кезінде оңай да толық және қатесіз қайта жаңғыртылады.
2. Есте самарқау сақтау бірте-бірте ұмытумен үйлеседі. Есінің сапасы мұндай адам бір нәрсені жаттауға көп уақыт жұмсауы — бірнеше рет оқуы, кесте жасауы, өзіне-өзі әңгімелеуі керек.
Бірақ олар есте ұстаған соң материал ұзақ уақыт берік сақталады және дәл жаңғыртылады.
3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. Мұндай адамдар тыңдай салып немесе бір-ақ рет оқып шығьш, мысалы, сабақ соңында материалды толық және қатесіз қайта - жаңғырта алады. Бірақ аз уақыттан соң, тіпті екі күннен кейін-ақ оның көбін ұмытьш, жобалап, қате араластырып жаңғырта-ды. Бұлай болу себебі мундай адамдар есте бірден сақтайтындығын қанағат тұтып, қайталауға уақыт бөлмейді, бәрін білемін деп есептеп үйде ауызша тапсырмаларды әзірлемейді. Тез ұмыту салдарынан ес жеміссізденеді. Ес сапасының мұндай үйлесімі жағдайында материал қайталаусыз-ақ жаңғыртылса да қайталап жаттау қажет. Қосымша қайталаулар есте узақ және берік сақтауға жеткізеді.
4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі осындай адамдар жаттауға көп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете алмайды. Олар толық және дәл жаңғырта алмайды, материалды тез ұмытып қалады. Бұл білімдері үзік-узік оқушыларға тән (үзілістер ауруға байланысты, ұзақ уақыт сабаққа келмеуден немесе басқа себептен болуы мүмкін), өйткені жүйелі білімнің жоқтығы қажетті ассоциациялардың орнауына бөгет болады. Кей жағдайларда ес мидың ауруға шалдығуының нәтижесінде де нашарлап кетеді,
Ес ерекшеліктері осындай оқушылар тиянақты көмекті қажет етеді. Оларды жаттау мен кайталауды дұрыс ұйымдастыра отырып, естегі кемшіліктерді жоя білуге үйрету керек. Балаларға мұны қалай атқаруды тікелей жаттау үстінде нақты көрсетіп отыру қажет. Естің төмен нәтижелілігі кейде жаттауды тиімді ұйымдастыра алмаудан, ой елегінен өткізбей тек механикалық есте сақтауды қолданудан да болады. Мұның тез ұмытуға әкелетіндігі белгілі. Материалды есте сақтауға үйрете отырып, ес әрекетін едәуір жақсартуға, соның нәтижесінде оқу үшін маңыз-ды қабілеттің бірін дамытуға болады.
Естің индивидуалды айырмашылығы кейбіреулердің тарихи материалды, енді біреулердің физика немесе химия жөніндегі материалды есте жақсы сақтайтындығынан көрінеді. Бұл, жеке адамдардың пәнге деген қатысы, оқу ықыласы тәрізді ерекшеліктеріне тәуелді болып келетін қабілеттердің сапалық ерекшелігін құрайды. Сондықтан естің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін мектеп оқушыларының әр пәнге деген ынтасын қалыптастыру қажет. Ес сапасы есте ұстау шапшандығы, сақтау беріктігі және қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады. Егер жақсы ес бірден естр сақтау және баяу ұмытудан көрінсе, нашар ес, керісінше, самарқау сақтау және тез ұмытумен айрықшаланады.
Бірақ ес бір жағынан жақсы, екінші жағынан нашар бола береді. Естің жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мумкін.
1. Ең тәуірі — бірден есте сақтау мен бірте-бірте ұмытудың үйлесуі. Ес ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; бір рет тыңдалып немесе оқылған материал берік және ұзақ сақталады, қажет кезінде оңай да толық және қатесіз қайта жаңғыртылады.
2. Есте самарқау сақтау бірте-бірте ұмытумен үйлеседі. Есінің сапасы мұндай адам бір нәрсені жаттауға көп уақыт жұмсауы — бірнеше рет оқуы, кесте жасауы, өзіне-өзі әңгімелеуі керек.
Бірақ олар есте ұстаған соң материал ұзақ уақыт берік сақталады және дәл жаңғыртылады.
3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. Мұндай адамдар тыңдай салып немесе бір-ақ рет оқып шығьш, мысалы, сабақ соңында материалды толық және қатесіз қайта - жаңғырта алады. Бірақ аз уақыттан соң, тіпті екі күннен кейін-ақ оның көбін ұмытьш, жобалап, қате араластырып жаңғырта-ды. Бұлай болу себебі мундай адамдар есте бірден сақтайтындығын қанағат тұтып, қайталауға уақыт бөлмейді, бәрін білемін деп есептеп үйде ауызша тапсырмаларды әзірлемейді. Тез ұмыту салдарынан ес жеміссізденеді. Ес сапасының мұндай үйлесімі жағдайында материал қайталаусыз-ақ жаңғыртылса да қайталап жаттау қажет. Қосымша қайталаулар есте узақ және берік сақтауға жеткізеді.
4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі осындай адамдар жаттауға көп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете алмайды. Олар толық және дәл жаңғырта алмайды, материалды тез ұмытып қалады. Бұл білімдері үзік-узік оқушыларға тән (үзілістер ауруға байланысты, ұзақ уақыт сабаққа келмеуден немесе басқа себептен болуы мүмкін), өйткені жүйелі білімнің жоқтығы қажетті ассоциациялардың орнауына бөгет болады. Кей жағдайларда ес мидың ауруға шалдығуының нәтижесінде де нашарлап кетеді,
Ес ерекшеліктері осындай оқушылар тиянақты көмекті қажет етеді. Оларды жаттау мен кайталауды дұрыс ұйымдастыра отырып, естегі кемшіліктерді жоя білуге үйрету керек. Балаларға мұны қалай атқаруды тікелей жаттау үстінде нақты көрсетіп отыру қажет. Естің төмен нәтижелілігі кейде жаттауды тиімді ұйымдастыра алмаудан, ой елегінен өткізбей тек механикалық есте сақтауды қолданудан да болады. Мұның тез ұмытуға әкелетіндігі белгілі. Материалды есте сақтауға үйрете отырып, ес әрекетін едәуір жақсартуға, соның нәтижесінде оқу үшін маңыз-ды қабілеттің бірін дамытуға болады.
Естің индивидуалды айырмашылығы кейбіреулердің тарихи материалды, енді біреулердің физика немесе химия жөніндегі материалды есте жақсы сақтайтындығынан көрінеді. Бұл, жеке адамдардың пәнге деген қатысы, оқу ықыласы тәрізді ерекшеліктеріне тәуелді болып келетін қабілеттердің сапалық ерекшелігін құрайды. Сондықтан естің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін мектеп оқушыларының әр пәнге деген ынтасын қалыптастыру қажет. Елестер дегеніміз - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы.
Елестер - бұл бұрынғы қабылдауды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елес болмаған болар еді, өйткені соқыр болып туғандардың түрлі түстер мен бояулар жөнінде, тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды. Елестердің қабылдаудан айырмашылығы - елестің затты жалпылап бейнелеуінде. Ол заттар мен құбылыстардың өзіне ғана тән, көрнекі белгілерін бейнелейді. Елестерде қабылдаудағы сияқты шындық көрнекі түрде бейнеленеді. Елестету дегеніміз- бұл бір нәрсені ойша көру немесе ойша есту, жәй ғана білу емес көрнекі бейнелеу.
5.Елес және оның түрлері
Елес- қабылдауға қарағанда танымның жоғарырақ сатысы. Ол түйсіктен ойға ауысу сатысы болып табылады. Бұл көрнекі, сонымен бірге заттың сипатты белгілерін сәулелендіретін жалпылама бейне. Елестің басты ерекшелігі - оның көрнекілігі мен жалпыламалығы.
Елестер жалпы және дара елестер болып бөлінеді. Дара елес- арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елес. Жалпы елес - бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы адамды іс-әрекет процесіне бағыттайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетінен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді (активті) және енжар (пассивті) болып бөлінеді. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын бағдарламалар жасау тән. Белсенді елестету шығармашылық және қайта жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде іс-әректтің бірегей және өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Қайта жаңғыртушы елесетудің негізі - сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестетулер сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрлымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой корытындылары арқылы да тудыруға болады. "Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету — жалқы, ал жалпы елестету — тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер.
Негізгі әдебиеттер:
1.Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003ж
2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж.
3.Жалпы психология. //В.В. Богословский т.б. редакциясымен/ Арнаулы редакторы Қ. Жарықбаев / Алматы: Мектеп. 1980.
4.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім. 1993.
5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті. 1993.
6.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы: Мектеп. 1966.
7.Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы: Рауан. 1995.
8.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім. 1996.
9..Немов Р.С. Психология. Москва: Просвещение, Владос.
Книга 1. Общие основы психологии. 1999.
10..Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола., 1992.
Қосымша әдебиеттер:
1. Хрестоматия по общей психологии. Психология памяти. М., 1979.
2. Клацки Р. Память человека. Структуры и процессы. М., 1978.
3. Асмолов А.Г. Принципы организации памяти человека. М., 1985.
4. Зинченко П.И. Непроизвольное запоминание. М., 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |