«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
|
|
НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
|
Кафедра патологичсекой анатомии и судебной медицины с курсом патологической физиологии
Cабақ № 5
Чуженова Жанна
305 Б ЖМ
1.Мускатты бауыр (Макропрепарат)
Анықтама:Веналық толыққандылық- кезінде қанның әкелетін мөлшері азайып, мүше мен тінге қан жиналады.
Ағза тіні: бауыр
Бет көрінісі: мускатты жаңғаққа ұқсайды, бетінде көктеу және ашық-сары түстң аймақтар көрінеді
Көлемі: үлкейген
Түсі: кесіндіде паренхима- шұбар,ала-құла түсті
Консистенциясы: тығыз
Макроскопиялық көрінісі:Веналық қан ұзақ іркілген; ұлғайған; қатайған; жиегі доғал; сарғыш реңді; кесіндісі қоңыр қызыл дақты;мускат жаңғағы сияқты тарғыл.
Патологиялық үрдіс: веналық (толақандылық) гиперемия
Этиологиясы: гипоксия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Ағза венасының ісікпен немесе тыртық тінмен сырттан қысылуы;Сирек жағдайда ағза венасының тромбозды даму мүмкін.
Асқынулары: цирроз атрофия некроз.қан қысымы арта келе бөлшектердің орталығына қан құйылып, гепатоциттерде дистрофия, некроз бен атрофия дамиды.Ал шет жағындағы гепатоциттер керісінше центробулалық гепатоциттер тәрізді ұлғаяды. Қан құйылған және өлі гепатоцит аймағын дәнекер тін жайлайды.
Қорытынды: Мускатты бауыр немесе журек циррозы
Нәтижесі:Қайтымсыз. Капилляр – паренхималық тежем қалыптасып, гипоксия үдей түседі, бауырда атрофиялық және склероздық өзгерістер өрши береді.Ақырында бауырда іркілулік фиброз дамиды.Дәнекер тін тым қарқынды өссе, шала жаңғырғвн гепатоциттер регенерат – түйіндер түзіп,қалпынан тайған мүшенің сыртқы пішіні өзгереді.Нәтижесінде бауырдың іркілулік (мускат)циррозы қалыптасады.Әдетте жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен дамитындықтан, оны жүректік цирроз деп те айтады.
2.Өкпенің қоңыр индурациясы (микропрепарат)
Патологиялық процестің анықтамасы.
Индурация – дәнекер тін паренхималық элементтерін ығыстырған мүше мен тін қатаяды; бұл үдеріс іркілулік қатаю (индурация) деп аталады.
Этиологиясы: кіші қан айналым шеңберіндегі гемодинамика бұзылыстары мен гипоксия;қан тамыр өткізгіштігінің артуы;
диапетезды геморрагия;қан тамыр жүйесінің туа пайда болған бұзылысы.
Жіктелуі: Өкпеде веналық қан ұзақ іркілген кезде екі түрлі өзгерістер орын алады – өкпе гемосидерозын дамытатын қанды дақтар пайда болады және дәнекер тін өседі( склероз).
Микроскопиялық белгілері:
Өкпенің қоңыр индурациясы: гематоксилин мен эозинмен боялған. Гемосидерин қоңыр пигментінің гранулалары, ондай гранула альвеола жасушаларында, бронхтарда, альвеолааралық қатпарда,перибронхтық тінде, лимфалық түйінде.Альвеола аралық капиллярлардың қанға толуы, склероз есебінен альвеолааралық қатпар мен перибронхты тіннің жуандауы.
Перлс (б) реакциясы кезінде гемосидерин түйіршіктерінің түсі көкшіл-жасыл (Темірдің болуына байланысты Берлин азурасының пайда болуы)
Асқынулары:іркілулік склероз; пневмосклероз
Нәтижелері:өкпе веналары мен артерияларының эластикалық пен бұлшықеттік құрылымдарында гипертрофия үдерісі өрістеп, қан тамыр құрылысы өзгереді. Қан өкпе капиллярларына тым толып кетеді. Тінде гипоксия үдейді. Диапедездік қанды ошақтар пайда болады, өкпе лимфалық түйіндеріне гемосидерин жиналған жасушалар – сидеробластылар, сидерофагтар шоғырланады. Ақырында өкпенің диффузды гемосидерозы қалыптасады.
Анықтамасы: өкпенің стромалық тінің диффузды ісінуінен, эритроциттердің тозуынан гемоглобиндік пигмент гемосидерин мен феритиннің пайда болуы.
Этиологиясы: Жүректің митрал қақпақшасының кемістігінде, кардиосклероз, гипертоника, атеросклероз, миокард басқа да жүрек ауруларында байқалады өкпе гемосидерозы байқалады. Өкпенің веналарына ұзақ уақыт қан іркіліп, көптеген диапездік қанды ошақтар қалыптасады, сөйтіп өкпе альвеолаларының переделері мен альвеолаларда, лимфалық тамырлар мен түйіндерінде ішінде гемосидерин толған жасушалар шоғырланған.
Жіктелуі: қан арнасында-эндоваскулярлық, қан құйылған ошақтарда-экстраваскулялрлық, қалыпты жағдайда патологиялық пигменттер-гематодин, ферритин, порфирин
Микроскопиялық белгілер: Фериттин мөлшері көбейген, полимреленген феритиннен гемосидерин түзіледі.Гемосидерин түзілетін жасушалар сидеробластылар,, олардың сидеромасында гемосидрин түйіршіктері кездеседі,цитоплазмада фериттин молекуласы бар біріншілік лизосомалар анықталған. Гистиоциттер мен альвеолалық эпителийдің цитоплазмасында пигмент түйіршіктері жинақталған. Гемосидеринді анықтау үшін құрамында темір болғандықтан Пеле реакциясы арқылы көруге болады.
Асқынулары: өкпелік артериялық гипертензия,өкпе инфарк, ісіну, қан аралам қақырық құсу, ентікпе
Нәтижесі: асқыну көріністері көп болғандықтан қайтымсыз
Достарыңызбен бөлісу: |