Сымсыз телефон Ойынның мақсаты



бет1/27
Дата27.04.2022
өлшемі34,63 Kb.
#140984
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Ойындарр
National holidays in Kazakhstan Ғиззат Мирас 202 стом, Жадынама.docx, 1-Билет, Тақырыбы Шынықс, ойыннннн, суретт, алгебра 1-нұсқа тереңдетілген, 1393957599419, слайд 2, Документ, reports, ГОСУДАРСТВО



Сымсыз телефон 
Ойынның мақсаты: Ойында ой-танымын кеңейту.

Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар жартылай шеңбер жасап отырады. Ойын жүргізуші бірінші отырған ойыншының құлағына сыбырлап бір сөз айтады. Ол сөді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға айтады. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралады. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығарылады. 
Көкпар 
Ойынның шарты: Ойыншылар белгіленген көмбеде сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгіс бойынша он адымдай жерде жатқан көкпарды қай озғандары алып қашып, арасы он қадамдай екінші көмбеге қайсысы бұрын келсе, сол ойыншының ұтқаны. Көкпардың орнына басқа да заттарды пайдалануға болады. 
Ақ серек пен көк серек 
Ойынның мақсаты: Ойынға деген балалардың қызығушылыған арттыру, көңіл-күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету.ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру. 

Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарсы орналасады. Қаз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ, серек те, көк серек
Бізден сізге кім керек?
Екінші тотың балалары:
А, ақ серек те, көк серек
Бізге сізден Еркеназ керек – деп бірінші топтағы баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобына қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет