Елес және қиял туралы түсінік



Дата11.12.2021
өлшемі0,93 Mb.
#99322
Байланысты:
елес және қиял
физиология ктп 2 семестр, СОӨЖ 23, 31-34

Елес және қиял туралы түсінік

Жоспар:

  • Елес туралы түсінік
  • Елестің түрлері
  • Қиял туралы түсінік
  • Қиялдың түрлері

Елес туралы түсінік

  • Елес-заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Елес заттың көрнекі, сипаттық белгілерін сәулелендіретін жалпылама бейне.

Елестету-бұрын қабылданған бейнелердің ми қыртысында сақталып қалған суреттері мен бейнелерінің қайта жалпылама жаңғыртып көрнекі бейнелендіруін білдіретін сезімдік сатыдағы психикалық процесс. Елестеулердің түйсік пен қабылдаудан айырмашылығы бар. Түйсік пен қабылдау дүниедегі заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінің мидағы бейнесі болса, ал елестету дәл қазір әсер етуші заттардан және түйсіктер мен қабылдаулардың нәтижесінен пайда болатын образдар мен бейнелер.

  • Елестету-бұрын қабылданған бейнелердің ми қыртысында сақталып қалған суреттері мен бейнелерінің қайта жалпылама жаңғыртып көрнекі бейнелендіруін білдіретін сезімдік сатыдағы психикалық процесс. Елестеулердің түйсік пен қабылдаудан айырмашылығы бар. Түйсік пен қабылдау дүниедегі заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінің мидағы бейнесі болса, ал елестету дәл қазір әсер етуші заттардан және түйсіктер мен қабылдаулардың нәтижесінен пайда болатын образдар мен бейнелер.

Елестің түрлері

Жалпы

  • Жалпы елестер-бірнеше ұқсас заттардың немесе құбылыстарға ортақ, әрқайсысында болатын белгілерімен жалпылап бейнелеуімен болатын елес түрі.

Дара

  • Дара елес-белгілі бір дара зат пен құбылысты қабылдауға негізделіп дара затқа тән ерекше белгілер бейнелеумен болған елес түрі.

Елестеулерді айрықша өзгешеліктеріне және сипаттарына қарай оларды үлкен екі топқа бөлінеді

Ес елестеулері

  • Ес елестеулері-адамның бұрын қабылдаған, сезген заттарын,құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестеуі.

Қиял елестеулері

  • Қиял елестеуі-бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, өзгертіп және жаңадан елестеулер жасалуы.

Қиял туралы түсінік

Қиял-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образын сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз.

Қиялдың түрлері

Енжар

Енжар қиял дегеніміз-егер алдымызға ешбір мақсат қоймай жай нәрсені ойлап, кездейсоқ қиял бейнелерін тудыруды айтамыз.

Белсенді қиял

Белсенді қиял дегеніміз-егер әдейілеп ерік-жігерімізді жұмсап, алдымызға мақсат қойып қиялдануды айтамыз.

Қиялдың түрлері

Актив

Актив-қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчестволық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі.

Пассив

Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі-түс көру.Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндірген И.П.Павлов болды.

Назар аударғандарыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет