Сабақтың мақсаты Оқушылар: жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтайды



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі331,54 Kb.
#117640
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚМЖ 6А 20.09.


Сабақ жоспары

Бөлім:
6.1В Адам. Жер. Ғалам


Сынып: 6А


Күні:21.09.2021ж.



Мектеп: №73 мектеп-гимназия


Мұғалім: Аққожаева Жаныл Данелханқызы


Қатысқан оқушылардың саны:


Қатыспаған оқушылардың саны:



Тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар 1-сабақ



Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтайды;

  • жердің қасиеттерін түсіндіре алады

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  1. Күн мен түннің және маусымдардың алмасу себептерін біледі;

  2. Жердегі құбылыстар мен үдерістерді бейнелей алады;

  3. Жердің ішкі құрылысын сипаттап, талдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды анықтап, ауызша түсіндіре алады. Әртүрлі географиялық деректерді талдап,сипаттап жаза алады (оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары)
Пәндік лексика және терминология
Қысқы тоқырау
Көктемгі теңесу
Күн орбитасы
Күн жүйесі
Құс жолы
Айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Жер қабығының ішкі жағы................................
Жер - Күн жүйесіндегі ...................................... 
Жердің өз білігінен айналуы.............................

Құндылықтарды
дарыту

Құндылықтар:
Топтық, жұптық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бойындағы адамгершілік, қоршаған ортаға деген жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия – бейнероликті көрген кезде, мауысымдардың ауысу себебін талдаған кезде.

Бастапқы білім

Оқушылардың 5 сыныптағы жаратылыстану пәні бойынша алған білімдері. 5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру оқу мақсаты бойынша.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер



Оқыту ресурстары

Басы
0-5 мин

5-10 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі.
(К) Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту
2. Ой қозғау:
Ой қозғау. Тақтадан не көріп тұрсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді.
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен бағалау критерийлері жарияланады.
(Д) «Біз не білеміз?» айдары арқылы оқушылардың білімдерін еске түсіру

  • Жердің пішіні туралы не білеміз?

  • Жер Күнді қанша уақытта толық айналып шығады?

  • Не себепті күн мен түн ауысады?

  • Жердің табиғи серігі туралы не білемізі?

  • Жердің қанша пайызын су алып жатыр?

  • Жердің ішкі бөлігі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет