Жер туралықысқаша мәлімет Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Күн жүйесіндегі тіршілігі бар бірден-бір, бірегей планеталардың бірі. Сан қилы табиғат ерекшеліктері, аптап ыстығы мен қақаған аязы, миллиондаған жылдар бойы өсіп-өнген тірі организмдер мен өсімдіктер әлеміне бай планета. Біздің ғаламшарымыз шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ол осы уақытқа дейін көп өзгеріске ұшырады және ертең бүгіннен де өзгеше болады.
Жер бір мезетте үш айналым бойынша: өз білігенде, Күн орбитасымен және Күн жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде шексіз ғарыш кеңістігінде қозғалады. Бірінші кезекте, ол өз білігінің айналасында – полюстен полюске дейінгі көзге көрінбейтін білік сызығы бойынша айналады. Мұндағы бір айналым 24 сағатқа немесе бір тәулікке тең. Екіншіден, ол ғарыш бойынша Күннің орбитасын, оның өріс күшімен тартыла отырып айналады. Жер эллипстік орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Күннің айналасын бір рет айналып шығады. Үшіншіден, ол Күн жүйесінің бір бөлігі ретінде Құс жолы ғаламын (галактикасын) 250 км/сек жуық жылдамдықпен шексіз ғарыш бойынша қозғалады.
Жердің беткі қабатының 71%-ын су алып жатыр, сондықтан ғарыштан қарағанда, Жер мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Ал, құрылық Жердің 29%-ын ғана құрайды. Планетадағы суды негізінен мұхиттар, көлдер мен өзендер, жаңбыр түрінде жауатын су булары құрайды.
Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
жер қыртысы,
мантия
ядро
Жер қабығының ішкі жағы мантия деп аталатын, өз кезегінде жұмыртқа сияқты екі қабат ядродан құралған, тау жынысының ыстық, жартылай еріген қабатынан тұрады. Ядро немесе Жердің ортасы – бұл өте ыстық балқыған күйдегі тау жынысының қатты шары. Ядро қабатына бұрғылаумен жету мүмкін емес. Неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым ыстығырақ – жердің ядросы 40000С балқып қатқан күйде болады.