Атагельдиева Аружан Муратқызы Уақыт ұғымы және оның түрлері



Дата25.10.2022
өлшемі16,92 Kb.
#154802
Байланысты:
Атагельдиева Аружан Тайм менеджмент емтихан 20.12.2021



Атагельдиева Аружан Муратқызы

1.Уақыт ұғымы және оның түрлері.
Уақыт-адамның бүкіл өмірі ,тірлігі, әрбір жасаған жылы уақыттан тұрады. Қанша дамыған заман болсада уақыт өзіңе адамдарды бағындырады. Адамның өмірі -ол қас-қағым сәт, зымырап аққан уақыт. Сонымен қатар уақыт - болған оқиғаларды сипаттап, реттеп отыратын физикалық түсінік.

Уақыттың түрлері: 1. тарихи, 2.биологиялық, 3.мифтік, 4.экологиялық , 5,әлеуметтік, 6.психологиялық.


1.Тарихи уақыт- ол біздің тарихымызда болған, өтіп кеткен оқиғаларымызды бейнелейтін кез. Ол уақытта біздің салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыпымыз , шаруашылығымыз барлығы бір-бірімен орайласып жатады.
2. Биологиялық уақыт- ол жалпы табиғаттың тіршілік көзі. Ол жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүру ерекшеліктерін, және уақытың бейнелейді.
3. Мифтік уақыт- ежелгі аңыздар мен алғашқы адамдардың пайда болу уақыты.
4. Экологиялық уақыт- жалпы бізді қоршап түрған табиғаттың уақыты. Ол уақытта табиғата болып жатқан өзгерістер, күн мен түннің батуы, ауа райының өзгеруі, жыл мезгілдерін бейнелейді.
5.Әлеуметтік уақыт- адамзаттық тіршіліктің көзі. Бұл уақытта барлық адамдар бір -бірімен қарым қатынас жасап , әлеуметтік уақытты қалыптастырады.
6. Психологиялық уақыт- ол біздің балалық, жастық, қарттық, орта жасымыз.


2. Оқу сабақтарына өзіндік дайындалуға кететін уақытты есепке алу.
Өзіндік дайындалу дегеніміз- оқушы мұғалімнен берілген тапсырманы өз бетімен, ізденіп дайындалып, кететін уақытын есепке алып даярлау қажет. Әрбір оқушының өзіндік дайындалуға белгілі бір уақыт аралығын есепке алған жөн. Ең бастысы өзіндік дайындалу барысында ата-ана қолдауы маңызды , сонымен қатар қолайлы атмосферада тапсырманы орындағаны абзал.
Дайындалу барысында оқушы жоспар құру қажет яғни, неден бастаймын, қалай жазамын , не туралы жазамын , қалай аяқтаймын деген сияқты мақсат қою керек . Өзіндік дайындалуға бала қызығушылықпен кірісіп , ой елегінен дайындығын өткізіп орындау керек.. Сонымен қатар жұмысты бастамас бұрын барлық басқа жұмыстарын аяқтап, тамақтанып , белсенділігін оятып тапсырмаға кіріскен жөн. Өзіндік сабақ орындау тиімділігі мектепте оқып келген жаңа тақырыптарды, тапсырмаларды , теориялық алған білімін қорытындылап өз ойын толықтай жеткізу.

3. Жұмыс күнін ұтымды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.


Әр адам өзінің жұмыс күнің ұйымдастыра білу қажет. Жоспар құру арқылы әр адам өзінің күнің тиімді ,уақытын пайдалы нәрселерге жұмсай алуға мүмкіндік алады. Жұмыс күнің жоспарлаудың мақсаты- уақытты үнемдеу, жүйелеу, жұмыста табысқа жету. Жұмыс күнін ұтымды ұйымдастыру бойынша осындай ұсынымдар ұсынғым келеді.
1. Өз жұмысыңызға шың ниетіңізбен кірісіңіз, өз жұмысыңызды жақсы көріңіз. Өз жұмысын жақсы көрген адам өзінің жұмыс күнін толықтай ұйымдастыра алады,
2. Жұмыс уақыты басталуынан бұрын ерте келіңіз. Бүгінгі күн жоспарына байланысты мәселелерді қайталап , басқа да қызметкерлермен талқылаңыз.
3. Жұмыс орнын тазалықта ұстап, өзіңізге ыңғайлы жұмыс орнын әзірлеңіз.
4. Міндетті түрде күндік, апталық, жылдық жұмыс жоспарын құрып сол мақсаттарға жету үшін уақыт бөліңіз.
5. Ең басыңда оңайырақ мәселелерден бастап, қиынырақ жұмыс мәселелерін кейінге қалдырыңыз.
Басталған жұмысты аяғына дейін апармай, басқа жұмысқа көшпеңіз.
6. Күніңіздің соңында қандай мақсатқа жеттіңіз, қандай күндік мақсатыңыз орындалмады соны талқыға салыңыз. Және де ертеңгі жұмыста сол орындалмай қалған жұмысыңызды орындауға тырысыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет