34* |
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз. |
35 | С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды? |
36* | Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. |
37* | Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз. |
38* | Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма? |
39* | М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз. |
40* | М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз. |
41 | С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. |
42 | Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз. |
|