Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет14/20
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#33115
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе - жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен.
























Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз!

ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең – қазақтың төл әдебиетінің  көш басшысы – жыраулар поэзиясының  шырқау биікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең – ақын, сал, сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы.

Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші – ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ақындық пен әншілік өнерді бойына тоғыстырған айрықша талант иелері пайда болды. Олар – әншілік пен ақындықтан басқа сазгершілік, актерлік, күйшілік, спорт өнерлерін де қоса меңгерген сегіз қырлы,бір сырлы жандар болған.

Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден- дәуір өткізіп бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың(слайдта көрсетіледі) Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естайлардың сазгерлік, әншілік өнерлерінің алдында тұрғаны – өнер атаулының патшасы –сөз өнері, ақындық өнер. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе – назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Ән мен әуеннің, әншінің бірлігінің артықшылығы  – оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді іліп алып, ел боп жырлады. Атадан бала үйреніп, өнер керуені бүгінгі күнге жетті.

Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. Артистерше жарқ-жарқ әшекейлену, ерекше көз тартатын кескінмен жүріп-тұру, халқына еркелеу – әнші-ақындардың негізгі салты болған.

Әдетте сал-серілер шығармашылықтарында махаббат, сүйіспеншілік туралы, сұлулар, ғашықтықтың сыры мен сипаты, психологиясы жайында жырланатын болған. Тақырыптарымен, мағыналы мазмұндарымен ерекшеленетін халық әндерінің поэтикалық тексі, мәтіні төңірегінде айтар болсақ, бүгінгі қазақ лирикалық поэзиясындағы мазмұн мен түрге тікелей  қатысты жетістіктерге олардың негіз болғанын айтпай тұра алмаймыз. Мәтіндерінде бір ауыз артық сөзі жоқ, бәрі өлең идеясы мен мазмұнына бағындырылған, тіпті қысқа қайырмаларының өзі кейінгі кәсіби жазба әдебиетіміздегі лирикалық өлеңдерге буын, бунақ ерекшеліктері күйінде сіңісіп кеткен. Иманжүсіп Құтпанұлы өнерінің бағасы мен бәсінің жоғары болатынын осы бағыттан бір бағамдап қоюға болады. Иманжүсіптің ән өлеңдерінің мәтіні — ақындық поэзияға  қойылатын қандай талаптың болса да  үдесінен шығатындай көркем, өнерпаз талғамының биіктігін дәлелдейтін шынайы туындылар. Оның «Қазақ поэзиясының антологиясындағы» өлеңдері — жеке тұрып та көркемдігіне қамшы салдырмайтын, әдеби-эстетикалық тұрғыдан бүтін бітімге ие шығармалар. Өлең құрылысы жағынан қара өлең үлгісімен шығарылған, а-а-б-а ұйқасымен беріледі. Бұл түр яғни 11 буынды қара өлең ұйқасымен дүниеге келетін шығармалар қазақ поэзиясы үшін дәстүрлі, Біржан сал, Ақан сері ән-өлеңдерінің  дені осы түрмен шығарылған. Балуан Шолақтың атақты «Ғалиясы» да осы түрге, осы ұйқасқа құрылған.

Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бір-бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.






Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз!

Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақ сисасын» білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл — қазақ музыкасының алтын сандығындағы сүбелі олжаның бірі. Жалпы, «Ақ сиса» — өз уақытындағы қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы ән. Оның шығу тарихы туралы түрлі пікірлер айтылады.Ауылының қасынан өтіп бара жатқанда, Шорманның жуандары мінген атын тартып алып, өзін соққыға жығады. Бірақ ақын жуандардың мұндай зорлығынан жасқанып, жасымайды. Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына деген ыза-кектің әсерінен композитордың «Ақ сиса» әні дүниеге келеді деген деректер бар. Әркім әртүрлі айтады. Дегенмен бұл классикалық шығарманың теңсіздік, зорлықшылық үстем тап өкілдеріне деген ызадан өрілген әлеуметтік маңызы зор. Тек Шорман жуандарын ғана әшкерелеп қоймай, қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын әуезді туынды. Алайда қазіргі күні «көк жәшіктен» күрескер ақынның ыза-кегінен туындаған әнді заман ағымымен өңдеп селтеңдетіп қойғанын да жасырмау керек. Былтыр ақын-сазгердің Павлодарда 175 жылдығы тойланған уақытта да бұл жайт кеңінен сөз болған. Ақын, Жаяу Мұсаның өмірін кеңінен зерттеп жүрген Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, «Ақ сиса» — жеңілдікті көтермейтін шығарма. Әннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы трагедия ғана емес, бүкіл қазақ халқының «әлімжеттік» кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бір ән арқылы да Жаяу Мұсаның қандай болғанын біліп-тануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет