Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының отбасында 10 тамызда 1845 жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында Меккеге барып қажы атанған.
Шешесі Ұлжан сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы Ахмет Риза медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.
Табиғатынан зерек Абай білімін өз бетінше жалғастыруын тоқтатпай, сол кездеге Семей қаласындағы кітапханаға түсетін әдеби басылымдармен тұрақты түрде танысып отырды.
Абай 1876-1878 жылдары Қоныр-Көкше еліне болыс болып сайланады. 1870 жылдары мұнда жер айдалып келген Е.Михаэлис, И.Долгополов, Леонтьев т.б. ақындармен танысып, араласып кетеді.
Абай өлең жазуды он жасынан бастаған . Толық жинағында 1890 жылы мен 1898 жылы арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады.
|