Абай Құнанбайұлы –ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы



Дата05.05.2020
өлшемі21,26 Kb.
#65890
түріСабақ
Байланысты:
маршр.парақ


Абай Құнанбайұлы –ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы .

Сабақ барысында сендер, қазақ елінің ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысып. қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде сіңірген еңбегіне талдау жасау арқылы, қазақ әдебиетінен алған білімдеріңді еске түсіреміз. А. Құнанбаевтың -175 жылдық мерей тойына арналған Абай өмірі туралы құнды мәліметтермен пайдалану арқылы білімімізді шыңдаймыз Тапсырмаларды жүйелі орындауға дағдыланамыз .


Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының отбасында 10 тамызда 1845 жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында Меккеге барып қажы атанған.

Шешесі Ұлжан сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы Ахмет Риза медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.

Табиғатынан зерек Абай білімін өз бетінше жалғастыруын тоқтатпай, сол кездеге Семей қаласындағы кітапханаға түсетін әдеби басылымдармен тұрақты түрде танысып отырды.

Абай 1876-1878 жылдары Қоныр-Көкше еліне болыс болып сайланады. 1870 жылдары мұнда жер айдалып келген Е.Михаэлис, И.Долгополов, Леонтьев т.б. ақындармен танысып, араласып кетеді.

Абай өлең жазуды он жасынан бастаған . Толық жинағында 1890 жылы мен 1898 жылы арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады.



https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy

1--тапсырма "Ойашар" сәйкестендіру.




№ 

Сұрақтары 

№ 

Жауаптары 


Абайдың дүниеге келген жері 

А 

Семей 


Абайдың шын есімі 

В 

А.С.Пушкин 


Абайдың анасының есімі 

С 

Шәкәрім Құдайбердіұлы 


Абай білім алған Ахмет Риза медресесі қай жерде? 

Д 

Шыңғыстауда 


Абай аударма жасап,ән шығарған "Евгений Онегин" қайсы орыс ақынының шығармасы? 

Е 



Ибраһим 



Абайдың талантты шәкіорті 


Ж 


Ұлжан 



Дұрыс жауабы :

1

2

3

4

5

6






















1І тапсырма : Төменде берілген бағыттар бойынша мәлімет парақшасын дайындау, қорғау .

  1. Абай –өскен орта

  2. Абай ұлы ойшыл

  3. Абай және орыс әдебиеті

  4. Абай және М.Әуезов

  5. Абай –ұлы ақын (өлең жолдарынан үзінді оқу)



§ 58-59 оқу.

« Мен Абай жырының -жаршысымын» Абай өлеңдері мен қара сөздерін жаттау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет