Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет211/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Зерттеу 
нәтижесі: 
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбаев
(
1845
-
1904
)

 
ақын

ағартушы

жазба қазақ әдебиетінің

қазақ
 
әдеби тілінің
 
негізін қалаушы,
 
аудармашы

саяси қайраткер, 
орыс
 
және
 
еуропа
 
мәдениеті арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды қалаған 
реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық 
мәселелерін арқау еткен.Философиялық
 
трактаттар
 
стилінде жазылған «
Қара
 
сөздері»
 - 
тақырып 
ауқымдылығымен, 
дүниетанымдық 
тереңдігімен, 
саяси
-
әлеуметтік 
салмақтылығымен құнды болып келеді.Соның ішінен үшінші қара сөзі алынып 
зерттелінді. Үшінші қара сөзінде: «Қазақтың
бірінің біріне қаскүнем болмағынын, бірінің 
тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш 
болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі 
данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір 
қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір 
ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, 
ешкімге достығы жоқ жандар шығады.Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа 
ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым 

солар секілді нәрселерге салынса
бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды 
болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, 
сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы 
өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. 
Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек 

әр қазақтың ойы осы....»,

делінген. Бұл қара сөзінде осы күннің жемқорлық
мәселесі, 
қоғамда өзімшілдік таныту бәрі айтылады. Әркім өз басының қамы үшін ғана өмір 
сүретіндігі, елінің көркеюінің емес, қалтасын толтыруды ойлайтын басшыларды, 
адамдардан адамгершілік кеткендігін жазғаны осы заманды көріп айтқандай. Ол заманда 
қалай болса, қазірде солай. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»,

дегендей, әркім өзінен бастау 
керек. Басшылар баю үшін емес, халықтың жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасаса, еліміз 
басқандай болар ма еді?! Басшылардың санын емес, сапасын арттырса, бір жүйеге 
бағындырса, халықта ынтымақтастық, татулық болса, елімізде «қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған заман» болар еді. 
Абай шығармасынан өлеңдерінің бірін алып қарастырсақ:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,


140 
Адам болам десеңіз». Ғылымға, білімге шақырған және жамандықтан сақтанып, 
жақсылыққа ұмтылуды дәріптеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет