Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»


Материалдар және зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет33/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Материалдар және зерттеу әдістері. 
Ашық ақпарат көздерінен Абай Құнанбаев 
жайлы және оның «Қара сөздері» жайлы ақпараттар жинақтау және жұмыс мақсатына 
сай зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеу нәтижесі. 
Абай Құнанбаевтың жазған «Қара сөздерін» оқу арқылы 
көптеген қоғамға қажет тәрбиелік мәліметтерді анықтадық. Еңбектеріндегі жалпы 
әлеуметтік идеялары қазақ қоғамының дамуын білім мен ағартумен байланыстырады.
Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі 

мораль, тәрбие мәселелері. Бұл 
тақырып бойынша 12
-
ші, 20
-
шы, 36
-
шы, 44
-
ші сөздер сәйкес келеді. 
Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой
-
пікірлерінің бірі 
— 
еңбек тақырыбы. Ақын: "Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, 
бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады", 

дейді. Осы ойларда ұлы 
ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта 
отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.
Ол қазақ халқыңың саяси
-
экономикалық және мәдени артта қалушылығы
— 
оның 
феодалдық
-
патриархалдык қатынасынан, рулық талас
-
тартыстары етек алған көшпелі 
тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. 
«Күнде ұрлық күнде төбелеспен күн кешкен» алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» 
налыған Абай «малыңды жауға, басыңды дауға» салып, өмірінді қор қылмай татулас, 
бірлесіп ел боп «Егіннің ебін, сауданың тегін» үйрен, «жан аямай кәсіп кыл» деп өсиет 


18 
айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, бірақ сол таптық қанаудан 
құтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады. 
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала 
келе, өзінің 19
-
қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, 
татып,естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген 
нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»

деп ақыл
-
естің тәрбиенің жемісі 
арқылы жетілетінің ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. 
Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты 
әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға 
байланысты өзгеріске еніп, оның іс
-
әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым 
жасайды. Адам мінезінің
түрлерін адамгершілік, моральдық, имандык, тұрғыдан 
қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, 
құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, 
арсыздықты, мақтаншактықты, қулықты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. 
«Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына 
бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай еткізгенің жайында өзіңнен өзін есеп ал»

дейді. Яғни адамның өзін
-
өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше 
тоқталады. Абай: «Адам баласы бір
-
бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 
озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымактық»

дей келе, 
адамды тәрбиелеудегі коғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. 
Яғни Абай сана
-
сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін 
материалистік көзқараспен түсіндіреді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге 
байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің, отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты 
қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»

деді.
Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің 
міндеті адам өмірін, олардың көңіл күйі мен іс
-
әрекеттерін шыншылдықпен көрсете 
білу деген түсінігіне орай қалыптасқан.
Ол поэзия саласындағы талант иелерінің 
психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтары жете зерттеу 
керектігіне зор мән берді. Ол өнердің кез келген түрі адамның белсенді шығармашылық 
қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып мазмұндық жағынан байи 
бермек деп есептеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет