Зерттеу материалдары мен әдістері:
Жұмыста мәселенің қойылу ыңғайына қарай
зерттеу тәсілдерінің 2
-
3 түрі қолданылды. Абай қара сөздері. Ақпараттық көздерге,
әдебиеттерге шолу жасау.
Зерттеу нәтижесі:
Абай қара сөздерін тек жаттап қана қоймай әрбір сөзіне мән беріп
тереңірек оқу. Адам баласына әрбір ғылым саласы оңай жұмыспен келе қоймайды, оған
жету үшін талпыну керек деген ойда.
Қорытынды:
Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай
баяндайды: «Ақыры ойладым: осы ойыма кірген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз
бен қара сияны ермек қылайын, кімде
-
кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын
керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа
ешбір жұмысым жоқ». Бұл
-
ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік,
философиялық ой қарым
-
қатынас жөніндегі көзқарастың жиынтығы, философиялық ой
топшылауы. Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес
-
ғақлиялық даналық сөздер. Абай қара
сөздері жазуға зор дайындықпен кіріскен. Оның қара сөздерінің
өзіндік ерекшелігі бар.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, көркем өнер этика мәселелері туралы көзқарастарын
білдіруде осы әдісті кеңінен пайдаланған. Оның көптеген өлеңдеріндегі сияқты қара
сөздерінде де нақыл, мақал
-
мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.
Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса,
көркем қарасөз қазақтың жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады. Ал одан
әрі дамытушы Абай болды. Абай басқа елдердің философ ғалымдар, шығыстың
ойшыл
ақындарының еңбегімен танысып, ақыл парасаты толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол
қара сөздеріндегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой
-
пікір
үндестігінен байқалады. Ол өзіінің ой толғаныстарын 19 ғасырдың 90
-
жылдарында
қарасөздермен жазған. Міне, осындай ақыл сөздерімен қазақ халқына ой салған Абай атамыз
ешбір жанның есінен кетпес. Абайдың осы қарасөздерін оқығанда адам белгілі бір толқу
үстінде отырады. Адам баласының білмегенін білдіріп, еріккенге ермек деп жаза асалған
жоқ, ол дала баласы өмірге келгеннен кейін өмірдің бар жақсысы мен жаманын айыра білсе
екен деді. Адамның жеп отырған нанының өзі қаншалықпен алға келеді. Адам өмірде тек
түзу жолмен жүру керек дейді. Ұрлық, алдау, арбауға үйренген адамға одан шығу қиын.
Адам баласы тек білім, оқу, іздену, ғылым арқылы өз ісін алға қарай жалғастыра алады.
Абай қарасөздері
–
оның ақындық мұралығына қосылған бағалы қазына. Ұлы ойшыл
қарасөздерінде «артқа лаң болмай» алға ілгері басуды арман етті. Қазақтардың тарихи бетін
дұрыс жолға бұрды. Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап, өмірдің мерездеріне жирене
қарады, оқырманын солардан безіндірді. Ұлы ойшылдың ғақлиясын, ақыл кеңестер деп
ұғынған жөн. Абай қара сөздеріндегі құдіретті болашақ жас жеткіншектерге өзіміздің
санамызға ұялатып, әрі оны өмірлеріміздің ұстанымымызға айналдыра білсек, кәделі іс
тындырған болар едік деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |