42
ӘОЖ 82(547.4)
АДАМЗАТТЫҢ ПЕРЗЕНТІ
-
ҰЛЫ АБАЙ
Болатқызы Е.
Ғылыми жетекші: Жунусова Ж. М.
КеАҚ «Семей медицина университеті»
,
Семей қ. Қазақстан Республикасы
“Абай
-
қазақ
әдебиеті тарихында ғана емес,бүкіл қазақ халқының тарихындағы
үлкен де ерен құбылыс”. Мұхаметжан Қаратаев
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс
тауы баурайында дүние есігін ашқан.Ол қазақ әдебиетінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы,
жазба
әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, қайталанбас зор тұлға
ретінде ойып тұрып өз орнын қалдырды.Абайдың қазақ әдебиетіндегі ұлы қызметі деп
-
шығармаларын шындық атты ащы өрнекпен байланыстыра көркемдеуін айтар
едім.Мысал ретінде философиялық стилде жазылған 45 қара сөзіналуға болады.Қара
сөздер
–
тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық
тереңдігімен, саяси
-
әлеуметтік
тұрғыдан салмақтылығымен оқырман жүрегіне жол тапқан құнды жәдігерлер. Қара
сөздердің әрбірі қазақ халықының тұрмыс
-
тіршілігіндегі ең елеулі деген тақырыптарды
арқау етеді. Ғалым Ғарифолла Есімнің айтуы бойынша: «.Абай ойына келген
нәрселерін еркін айту үшін, өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол
—
сөз жанры. Ақынның
қара сөздері
—
нағыз еркін ойдың жанры. Мұнда ешқандай бір дәстүрге, тәсілге
бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан. Көптеген
философтар ойларын формаға бағындырып немесе жүйе құрып әуре болғанын білеміз.
Абай болса,
ондай істермен айналыспаған, өзінің айтқысы келген ойларын еркін
білдірген.».Иа,Ғарифолла Есімнің бұл пайымдауының дұрыстығына бірінші қара
сөзімен танысу барысында
-
ақ көз жеткізуге болады. Мысалы: «Ақыры ойладым: осы
ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын
,
кімде
-
кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»
-
деп
түйіндейді Абай өзінің бірінші қара сөзін.
Дәл осы жылы ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинаған
рухани әкеміз,дана да
дара
-
Абай Құнанбаевқа 175жыл толып отыр.Осындай елеулі
мерейтойды атап өту үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев
тапсырма берген болатын. Соған сәйкес Абайдың өмірі, шығармашылығы,
мұрасы
туралы деректі фильмдер түсіру,Абай шығармаларын шетелдің он тіліне аудару және
бұдан бөлек бес жүзге тарта бағдарламалар ұйымдастыру сияқты іс
-
шаралар өз
жалғасын табу үстінде. «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе»
-
деп Сұлтанмахмұт
Торайғыров
айтқандай,дәл осылай біртуар ұлы ақын ғана емес кемел ойлы ғалым
,
кенен дарынды жазушы , терең білімді тарихшы , әуез әлемін жаңғыртқан сазгер,
құқық
қағидасын қалыптастырған заңгер , халық қамын ойлаған қайраткер , яғни сегіз қырлы
,
бір сырлы бітімі бөлек тұлғаның шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл
бөлінгендігіне өте қуаныштымыз.
Қорытындылай
келе, Абай шығармалары
—
өмірдің шынайы жылуына толы, күн
нұрындай әсерлі шығармалар. Ұлы ақын адам санасына сәуле түсіре сөз қозғайды.
Сондықтан да Абай сөздері күні өткен тарихтың мүлкі бола алмайды , қазіргінің ең
қажет рухани құралы болып қала береді.Бұл
жәдігерлерді,ұмытпаймыз, ұмытуға
хақымыз да жоқ!Біздің міндетіміз өткеннен алып, болашақ ұрпақтар санасына құю,
ежелден келе жатқан осы іздіжалғастырар көпір болу деп санаймын
.
Достарыңызбен бөлісу: