УДК:371.72
ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР
САЛТЫН ҰСТАНУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ерланова Ә.Е.
Ғылыми жетекшісі: М. Ғ. М., оқытушы Бейсенғазина М. Б.
КеАҚ
"Семей медицина университеті",
Семей қ. Қазақстан Республикасы
Өзектілігі:
адам денсаулығы
-
медициналық ғылым мен практикадан тыс қазіргі
қоғамның жаһандық проблемаларының бірі. Соңғы жылдары жастар арасында
аурушаңдықтың өсуі байқалады. Бұл үрдістің себептерінің бірі
-
жастардың жеткілікті білімі
мен салауатты өмір салтын ұстанудағы практикалық тәжірибесінің болмауы. Жастар өз
денсаулығына қанағаттанған және салауатты өмір салтын ұстануға дайын, бірақ жастардың
санасында салауатты өмір салтын енгізудің жалпы мәдениеті әлі қалыптаспаған. Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020
-
2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру
міндеті айқындалған. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдер ең перспективалы
жас санаты болып табылады, өйткені жасөспірім кезеңінде негізгі әдеттер мен стереотиптер
қалыптасады. Бұл ретте профилактикалық әңгімелесулерді, көрнекі материалдарды,
брошюраларды, презентацияларды, зиянды әдеттердің теріс әсері, темекі қоспаларын
қолданудың денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы оқыту дәрістерін пайдалана отырып,
жасөспірімдермен ақпараттық
-
түсіндіру жұмыстарына баса назар аудару қажет.
Жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды
факторлары
–
бұл отбасы мен мектеп, өйткені дәл осы әлеуметтік институттардың
арқасында салауатты өмір салтын ұстану ұстанымы қалыптасады, жалпы қоғамның
денсаулығын құрайтын нақты адамдардың жеке денсаулығының негіздері қаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |