52
АИТВ
-
инфекциясы/ЖИТС, 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін үлкен
мәселелердің бірі болып табылады. Адамның иммун тапшылығы вирусы денеде ұзақ
уақыт өмір сүре алады және өзін көрсетпейді. Конго колониясында шамамен 1920 ж.
пайда болған бірте
-
бірте вирус Африкада таралды, ал 1970 жылға қарай ол АҚШ
-
қа
келді. Дәл сол жерде 1981 жылы ауру мен оның белгілері алғаш рет сипатталған.
Сол кезден бастап вирус 32 миллион адамның өмірін қиды.
АИТВ
-
инфекциясы өте баяу дамиды. Ол біртіндеп
иммунитетті бұзады және
қайталама аурулардан өлімге әкеледі. Бұл СПИД деп аталатын соңғы кезең.
Медицина жұқтырған адамды әлі толық емдей алмайды, бірақ уақтылы диагноз қою
және терапия инфекцияның дамуын бәсеңдетуге және вирустың таралуын
болдырмауға көмектеседі.
ДДҰ сарапшыларының айтуынша, бүгінгі таңда әлемде 37 миллионнан астам
АҚТҚ
-
жұқпасы бар.
Қазақстанда АҚТҚ
–
мен өмір сүретін адамдар
-
23 799 адам,
бірақ бұл тек ресми сандар.
2000 жылдардан кейін әлемде коронавирусқа жіті назар сала бастады. Бұрын да
белгілі болған. Бірақ 2002
-
2003 жылдары SARS деген вирус шықты. Атипиялық
пневмония. Науқастың 10 пайызға жуығы қаза болды. Ауруды дер кезінде тоқтатты,
бірақ сол сәтте 8
мыңнан аса адам ауырып, соның 700
-
ден астамы көз жұмған.
Екінші шыққаны да осы коронавирустар тұқымдастығынан тарады.
2009 жылы Н1N1 деген Доңыз тұмауының пандемиясы болды. Ол Мексикада
шығып, Америкаға тарады. Сосын Қазақстанға да келді. Қазір маусымдық тұмау
сияқты жүреді. Ол да жануарлар арасында шыққан. Құс, шошқа және адам тұмауы
вирустарының үйлесуімен осы
–
доңыз тұмауы шықты. Ол пандемия кезінде де
осындай шу болды, бірақ оған да үйреніп кеттік.
Қазіргі дүниені дүрліктірген коронавирус өте аз зерттелген вирустарға жатады.
Ашылғанына да көп бола қойған жоқ, 1968 жылы ғана жеке топ ретінде бөлінді.
Коронавирус дейтін себебі, ауру қоздырғышын электронды микроскоппен қарағанда
вирустың антигендік құрылымы ортасы дөңгелектеніп
келіп шет жақтарынан жан
-
жаққа қарай бұтақ тәрізді өсінділер тарайтындықтан оны коронаға (тәжге) ұқсатып
коронавирустар деп атап
кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: