Абай қҰнанбайұлының Қыс өЛЕҢі сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата31.12.2019
өлшемі91 Kb.
#54503
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚЫС ӨЛЕҢІ

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Абай қлендерін үйрету, жатқа айту, өлеңді талдау мағынасын жетілдіру, теориялық ұғымдарды меңгерту.

  2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері секілді көркемөнер дүниесіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Абайдың қлылығы мен поэзиясян терең ұғындырып, әдемілікті тұсінуге, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың тұрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: венн диаграммасы, табиғат көріністері, суреттер, кеспе-схемалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, сурет.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Кезекші рапорты.

  • Бүгін кім кезекші? – Бүгін нешесі? – Аптаның қай күні? – Сабақта кім жоқ?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Абайдың өмірі мен шығармашылығын мазмұндап беру.

  2. Сөздерді жатқа айту.

  3. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.


ІІІ. Жаңа сабақ. Абыйдың «Қыс» өлеңі. Абай туралы не білеміз?

Оқушылардың ойларының жиынтығын осылайша топтастыру әдісі арқылы анықтағаннан кейін Абайдың өмірі жайлы толығырақ түсіндіріп өтемін.

- Қазақтың бас ақыны – қлы Абай 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер атанған.

Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), абай, Ысқақ, оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары тарады. Әжесі Зере мне анасы Ұлжан – жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.

Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул – Жаппар, кейін Ахмет Ризаның медресесінде білім адған Абай үздік оқиды. Ол осында дін сабағымен бірге араб, парсы тілдердін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады.

Орыстың ақын-жазушылары ішінен – Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов, сыншыл-ойыл ағартушылардан Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, еуропа ақындарынан Гете, Байрон, философтардан Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепелерді, Шығыстан Шәмси, Сайхали, Сағди секілді ұлылардың еңбектеріне ден қояды.

Абай енді өзі ғана білім – ғылымға бет бұруымен шектелмейді, екінші баласы әбдірахманды, кейіндері үшінші баласы Мағауияны, қызы Гүлбаданды Семейдегі орыс мектебіне береді.

1886-1889 жылдар Абайдың ең бір мол жазған жемісті кезі болды. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасын осы кезде аудара бастайды.

Абай шығармаларын М.Әуезов:


  1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері;

  2. Абайдың лирикасы;

  3. Абайдың поэмалары;

  4. Абайдың аудармалары;

  5. Абайдың қара сөздері деп жіктейді. Дегенмен, біз өлеңдері, поэмалары, қара сөздері деп бөлдік.

Өлендері: Абайдың алғашқы өлендерінде шығыстық сарын анық байқалады. «Иузи-Рәушан», «Физули, Шәмши» 1858 жылы жазылған деген дерек болса, ал «Әліпби» 1864 жылы жазылған. Егер алдыңғы өлеңдерінде Шығыс ақындарына табыну, өзгеше құштарлық көрінсе, ке»інгі жазылған жылы белгісіз «Сап, сап, көңілім» өзін-өзі тежеу, тоқтату секілді.

1888-1890 жылдардағы Абай айналып соғып жазып отырған табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін жазады. Бұған дейін табиғат мезгілдеріне арналған осынша әсем суретті өлең жоқтың қасы еді. Абай төрт мезгілдің әрқайсысына тоқтап, қазақ үшін қайсысы қолайлы, қайсысы қиын дегенді саралайды. «Жазғытұрым» жадыраған ел жайында, «Кәрі құда қыс» келгенде, «Жабырқаңқы тартар» көңілсіз күз кезін де баса, аша суреттейді. Осы кездерде мұңға толы, терең толғаулы «Сегіз аяқ» дүниеге келеді.

... Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын, - деп ақыл-кеңеспен келіп өз жайын айтқанда:

...Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір, - дей келіп:

...Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым – тап шыным! – деп өзінің шын халін, мұңды жөнін айтады.

Мына сөзжұмбақты шешіп көрелік:


  1. Аңның аты. (қасқыр)

  2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңі кім жазды? (Ыбырай)

  3. Тиянақты ойды білдіреді (Сөйлем)


























































Осы сөзтізбекті дұрыс шешсек, торкөздің ішіндегі тігінен жазылған сөз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болып шығады. Қыста не болады?





IV. Мағынаны ажырату. Оқушылардың қыс туралы пікірлерін тындағаннан кейін Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

  1. Мәнерлеп оқу

  2. Сөздік жұмысы

Өлеңдегі қазақтың көне тқрмысына, шаруашылық кәсіптеріне қатысты сөздерге түсінік беру.


V. Жаңа сабақты бекіту. Жаттығулармен жұмыс.

Алты қанат үй қандай үй? Киіз үйдің қанша қанат болуы неге қатысты? (үйдің керегесінің санына байланысты киіз үй 4,6,8,10 қанатты болып келеді). Шидем күпі (қойдың жүнінеп тігіп, сыртын матамен қаптаған киім). Құда деп кімді айтамыз? «Құда – мың жылдық, Күйеу – жұз жылдық», «Құданы құдайындай сыйла» деген сөздердің мағынасына ой жүргіту. Пысықта


VI. Әдебиет теориясы бойынша түсінік. «Кейіптеу» деген не? Ақын қысты «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» кісі бейнесінде суреттеген. Жансызды жанды түрінде бейнелеп, кейіптеу әдісін пайдаланған. Абай жылдың төрт мезгіліне де өлең жазған ақын. Соған орай, тақтада табиғатты бейнелейтін суреттер ілулі тұр. Бірінде – қыс, бірінде – көктем көрінісі. Осы әр мезгілдің өзіне тән, ортақ қасиетін атауымыз керек.


VII. Қорытындылау.

а) Бүгінгі сабақтан нені білдік?

б) Қыс мезгілінен алған әсеріміз қандай?
Тынымсыз жауған қар, бұрқ-сарқ етіп соққан дауыл адамдардың мазасынан алған. Әуес көріп жүгірген балалардың бет-аузын үсік шалған. Қаншама қабаттап киінсе де, боранға қарай алмай, теріс айналған малшылардың жүрісі. Шыққан мал, қыспен бірге қабаттасып, малға ауыз салған аш қасқыр.

Мінеки, қыстың көңілсіз көрінісі осындай.


VIII. Үйге тапсырма: Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет