Абай шығармашылығы Еуропа мен Азияны Батыс пен Шығысты жалғастырушы алтын көпір
«Абайдың идеялық-мәдени ізденістері» ( «Идейно-культурные искания Абая») Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Орысша нұсқасы «Литература и искусство Казахстана» журналында, ал қазақшасы «Әдебиет және искусство» журналында жарияланды. Кейін Әуезовтің «Әр жылдар ойлары. Мысли разных лет» «Абай Құнанбаев» «Таңдамалы» атты шығармалар жинақтарында қайта жарық көрді. Автор Абайдың тек қазақ тарихында ғана емес, бүкіл шығыс тарихында айрықша орны бар, қайталанбас құбылыс екенін айтады. Абай өзі оқып үйренген Шығыс әдебиетінің өкілдері мысырлық Жалелетдин Ауғани мен Мухаммед Ғабдукиді және сол дәуірде бүкіл Ресей мұсылмандары арасында аса танымал Исмайыл бей Гапринскийді жақсы білгенімен, олардың ілімін онша жақын қабылдай қоймады.
Абай өз бойына бүкіл көне Шығыс мәдениетінен араб-иран және көне шағатай тілдеріндегі классикалық поэзияның рухани нәрлерін таңдап сіңірді. Абай тек Фирдауси, Хафиз, Сағди, Низами, Науаи, Физули туындыларының құдіретін сезініп, оларға құрметпен бас иді. Шығыс поэзиясымен жас шағында танысқан Абай енді оны азсынып, Батысқа бет бұрды. Абай тек қазақ арасынан ғана емес, бүкіл Шығыстан орыс поэзиясы арқылы Батысқа бет бұрған алғашқы адам еді. Ол батыс поэзиясын терең игеріп, жетілдіргеннен кейін, оны өзі бұған дейін жақсы білетін шығыс әдебиетімен байланыстыра отырып, қазақ мәдениетін көтеруге ықпал етті деп, ұлы ақынның туған әдебиетті рухани жағынан марқайтқанына назар аударады. Сонымен бірге Әуезов:
«Абайдың қалың жұртшылыққа танымал болуы оның ақындығы мен азаматтығына ғана қатысты емес, аудармашылығымен де терең байланысты» деп көрсеткен.
Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Әдеби байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы — салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты.
Абайдың ұлылығы оның бүкіл мәдениет тарихына түбегейлі өзгерістер енгізіп қана қоймай, өзін қоршаған ортаны тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетуінде еді. 80-жылдары Абай қазақ даласына кеңінен танымал болуымен қоса, бұрын қарапайым қазақ үшін мүлде бейтаныс есімдер - А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов т. б. орыс ақын-жазушыларының да аттарын таныс етті. Татьяна мен Онегиннің арасындағы ғашықтық халді қазақ тілінде шебер суреттеп, оған лайықты әуен тауып, олардың мұңын сол кездегі қазақ қызы мен жігітінің мұңына қосып, «Татьянаның әнін» қырға қалықтатып жіберді. Қазақ халқы үшін Татьяна бейнесі халықтың лиро-эпостық жырлары сияқтанып кете барды. Абай орысша аудармасы арқылы батыс философтары Г. Спенсер, Б. Спинозалардың еңбегін жете түсініп, оған өз пікірін айтқан. Солардың еңбегіне Абай шығармаларында эллинистік элементтер де бой көрсетеді. Осы арада көзге айқын түсіп тұрған тамаша саралау бар. Еуропа мәдениеті мен шығыстың классикалық үлгілерін араластыра отырып, Абай жақсы бір бастау бұлақтың көзін ашады. Осыдан барып Абай Сократ жайлы трактаттар жазып, Ескендір Зұлқарнайын мен оның ұстазы Аристотель хақында терең ойлы драма туғызады. Уақыт талабы мен өмір сүрген ортасына қарамастан, Абай сол кезде-ақ өзінің ақындық мектебін ұйымдастырып, төңірегіне талантты шәкірттер жинап, білгенін үйретумен айналысқан дей келіп, Әуезов ұлы ақын төңірегіндегі даулы мәселелерге дәлелді жауап айтады, Абайдың қазақ мәдениеті мен әдебиетінде, тарихында алар орнын айқын көрсетіп берді.[1]
№44"Жаңа дала" ЖОМ мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: "Абай шығармашылығы Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы алтын көпір
Дайындаған:Тағабай М
Сынып: 9 сынып
Қабылдаған: Дүйсенова Г
Достарыңызбен бөлісу: |