Зерттеу
нәтижелерінің
және
диссертациялық
жұмыс
қорытындыларының анықтық дәрежесі.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми ережелері мен тұжырымдарының
сенімділігі деректерді өңдеудің және ақпаратты талдаудың заманауи
математикалық әдістерін қолданумен, тиісті критерийлерді қолдана отырып,
теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижелерінің келісілуімен
негізделеді. Өндірілуі қиын қорларды жіктеу, резервуарға әсер ету әдістерінің
салыстырмалы тиімділігін бағалау мәселелері шешілді, олардың сенімділігі
ақпараттың сапасын төмендететін белгісіздіктерді ескере отырып, заманауи
әдістерді қолданумен негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |