«ҚабатқА Әсер етудің жылулық Әдістері арқылы алынуы қиын мұнай қоры бар кенорындарды игеруді жетілдіру»


Тақырыпты әзірлеуге арналған негіз және бастапқы деректер



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі276,76 Kb.
#118256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
annotacziya -kaz

Тақырыпты әзірлеуге арналған негіз және бастапқы деректер.
Неғұрлым дұрыс және негізделген технологиялық шешімдерді қабылдау 
үшін мыналар қажет: қаралатын кен орнының геологиялық-физикалық 
жағдайлары мен ерекшеліктерін және тұтқырлығы жоғары мұнай өндірудің 
тиімді технологиясын таңдауға әсер ететін факторларды талдау; кен орнын 
игерудің ағымдағы жай-күйін және қаралатын кен орнында ұңғымалар 
қорларын пайдалану тиімділігін талдау; қаралатын кен орны мысалында мұнай 
өндіру серпінін және кен орны бойынша буды айдау нәтижелерін талдау. 
Резервуарлық жағдайлар мен оларды қанықтыратын сұйықтықтар 
кездейсоқ және анық емес сипаттағы белгісіздік бар күрделі жүйе екендігі 
белгілі, сондықтан белгілі бір әдісті таңдау бұлыңғыр ортада шешім қабылдау 
процедурасын білдіреді. Сонымен қатар, мұнайдың максималды өндірілуін 
қамтамасыз ететін будың оңтайлы (минималды) мөлшерін таңдау анық емес 
мақсаттар мен шектеулермен шешім қабылдау міндеті болып табылады. 


Осыған байланысты, аталған жағдайларда ақпарат алу, талдау және шешімдер 
қабылдау қызығушылық тудырады, бұл зерттеу міндеттерін қоюды негіздейді. 
Диссертация тақырыбын әзірлеудің негізі қиын қорлардың әмбебап 
жіктемесінің болмауы және белгісіздікті ескере отырып шешім қабылдауға 
әдістемелік көзқарастың болмауы болып табылады. Зерттеу тақырыбын ашу 
үшін бастапқы деректер ретінде жылу әдістерін енгізудің бай тәжірибесі 
алынған Қаражанбас кен орнын игерудің геологиялық-физикалық жағдайлары 
мен нәтижелері таңдалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет