Ақбауыр ескерткіші



Дата08.02.2022
өлшемі23,19 Kb.
#117973
Байланысты:
LEKCIJA No 3
конспект 1 Алғашқы математикалық ұғымдардың пайда болуы, 1 сабақ археология, Презентация.Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері. Презентация (2), Бакыт, инклюзив (автовосстановление), 1 тапсырма обнавленка, 1 тапсырма обнавленка, жамбыл жабаев, жамбыл ж, ҚМЖ-Динара, презентация Динара, 13 неделя, 1 апта, LEKCIJA No 1

АҚБАУЫР ЕСКЕРТКІШІ
Өскемен қаласынан таяқ тастам жердегі Бестерек ауылы маңындағы Ақбауыр археологиялық кешені соңғы кездері зерттеушілердің ғана емес, былайғы қызыққұмар әуесқойларды елеңдетіп жүр. Жартастағы киіз үйдің аумағындай тас үңгірде жазу-сызулары бар мұндай кешен әлемде екеу ғана екен. Осыны болжап білген ғалымдар осыдан алты-жеті мың жыл бұрынғы неолит деп аталатын тас ғасырының ескерткіші дейді.
Құзырлы орындар тарапынан қорғауға алынып, жоспарлы түрде әлі зерттелген жоқ. Әркім өз бетінше болжам жасайды. Бір ғажабы үңгірдің төбесінде күндіз жарық түсетін, түнде жұлдыздар көрінетіндей ауқымды тесік бар. Ақын Евгений Курдаков оны жүрекке ұқсатыпты. Шабыттың пырағына мініп, желпініп кеткені соншалықты, «Әлемнің жүрегі» депті. Ал өлкетанушы жазушы Сағдый Қапасұлы өз жүрегіне жақындатып оны шаңыраққа ұқсатады. Расында шаңырақтың көлеміндей осы «шаңырақтан» тас үңгірге жаратқанның жарық нұры құйылып тұр. Ақбауыр туралы қалам тартып жүрген белгілі жазушы Серік Байхонов телефильмге түсіргенінің куәсі болсақ, ал әріптесім Андрей Кратенко көрпені өз жағамызға қарай тартып, тастағы таңбаларға назар аударып, «Бұл – бореал!» деп атады. «Бореал дегеніміз жазудың қалыптасу уақыты. Бұл жүйеде жиырма екі белгі болса, солар дүниежүзіндегі әліпбидің негізі. Сондықтан Ақбауырдағы таңбалар әлемдегі ең көне жазба ескерткіші», – дейді ол.
Алтай жері Ертіс бойы ежелден адамзат баласының тал бесігі, өркениет қайнары болып келген ғой. Соңғы жылдары ғана Шілікті обаларынан табылған «Алтын адам», Берел қазбалары әлем ғалымдарын елеңдетті. Осы археологиялық нысандардың ішінде Ақбауырдың алар орыны да маңызды. Адамдар Алтай жеріне Мұз дәуірінен кейін оңтүстік бағыттан келген. Солтүстікке қарай еріген мұздың етегін баса жылжыған бизондарды, сол тектес ірі аңдарды аулай отырып осында жеткен. Ақбауырдағы таңбалар осыдан алты-жеті мың жыл бұрын Шығыс өңірінің табиғаты қазіргі қалпына ұқсас түрге ауысқан екен. Осылай деп ғалымдар дәлелдеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей толық зерттелмегендіктен Ақбауыр жұмбағы хақында болжамдар аз емес. «Тастан тұрғызылған құрылысы күрделі ескерткіш-грот ерте дүниедегі аспан әлемін бағамдайтын обсерватория емес пе екен?» дейтіндер де бар. Өйткені ата-балаларымыз жұлдыздардың қозғалысы арқылы уақыт есебін жүргізіп, түрлі табиғат құбылыстарының алдын алып отырған.
«Бес қонық», «Отамалы», «Боқырау» дейтін амалдардың болар мезгілінен жаңылыспаған. Оларға осының бәрін басқа жақтан келіп ешкім үйреткен жоқ қой. Осыларды ойлай келе бір жағынан «обсерватория міндетін атқарды» дегем болжам да ақылға сыйымды сияқты. Енді біреулер «тасқа түскен таңбалар ерте заман адамдарының наным, түсінігін, бәлкім салт дәстүрлері жұмбағын бүгіп жатқан жоқ па?» деп бізге ой салады. Таңбалардың түсі неге қызыл? Сол кезде осындай көпке дейін сақталған олардың бояулары болған ба? Ойбай-ау бұл кәдімгі қына емес пе. Алғашқы адамдар тапқырлығына шек келтіріп көрші енді! Ендеше «бұл жер бәле-жаладан сақтау жоралғыларын жасайтын орын болуы керек» дескендерге де қарсы жауап айта алмайсың. Расында Ақбауыр үңгірі адамдардың тұрағына ұқсамайды.
Бұл айтқандарымыз біз сияқты келді-кетті әуесқойлардың уәжі. Ал енді жергілікті тұрғындар не дер екен? Бестерек ауылының тұрғындары да, тас үңгір маңындағы малшылар да Ақбауырға «ғылыми маңызы бар» деп мән бермесе де, табиғи қалпына сызат түсірерліктей кінәрат жасалмаған. Ақбауырдың аты құлаққа шалынысымен қаладан келушілер көбейіп, ондағы жазуларды бүлдіре бастапты. Бір жүгірмек «тарихта атын қалдырғысы» келіп, сырлы бояумен «Баха» деп жазып кетіпті. Ақбауырдың жанындағы сандық тастарда да жазу таңбалар бар. Оларға да қаладан келген кезбелер «өзімбілемдік» жасай бастаған. Осы сандық тастарды тас үңгірдің жанына жинап әкеліп, айналасын қоршап, қамқорлыққа алу қажет. Бұл тұрғысында жұртшылық дабыл қағуда.
Ақбауыр жөнінде Бестерек ауылының ақсақалдарының сөзіне сенсек күннің үңгірдің дәл ортасына түскен сәулесі арқылы Наурыздың келгенін анықтаған екен. Демек жаңа жылды тойлау жоралғысы осы арада өткен. Бұл бір болжам ғана. Ал Ақбауыр болса, өз сырын әлі күнге бүгіп жатыр. Бұл жұмбақтың ашылар сәті алыс емес деп сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет