«платон» Халықаралық дамыту орталығы



Дата10.06.2017
өлшемі162,1 Kb.
#18924

«ПЛАТОН»

Халықаралық дамыту орталығы



Международный центр развития «ПЛАТОН»

030003, Ақтөбе қаласы,

Арынов көшесі 1үй 4-корпус

тел: 8 775 7510843, 8 771 108 03 78,

8 (7132) 73-65-73.

е-mail: platon-center@mail.ru


030003, город Актобе

улица Арынова 1 корпус 4

тел:8 775 7510843, 8 771 108 03 78,

8 (7132) 73-65-73

е-mail: platon-center@mail.ru








«11» сәуір 2016 ж

№70

«11»апреля 2016 г.



БЕКІТЕМІН

"ПЛАТОН ХДО"директоры

________Г.А.Куанышева
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз «БІЛІМ – ҒЫЛЫМ – ИННОВАЦИЯЛАР» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжыған елміз. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді,» - деді.

Елбасының ұстаздарға арнай айтқан сөзін нықтай түсу мақсатында «Платон» Халықаралық дамыту орталығы «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» атты ұстаздарға арналған Республикалық байқау жариялайды.
Байқау Ақтөбе қаласында 2016 жылдың маусым айының айының 18 жұлдызында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты:

*Педагогтің осы заманғы адам дамуының жалпы үрдістерін жақсы түсінетін адам тұрғысындағы кәсіптік ұстанымын қалыптастыру;

*Мектеп педагогикасының теориясы мен тәжірибесі мәселелері бойынша кәсіптік біліктілікті дамыту.



*Мұғалімдердің, тәрбиешілердің өздігінен үздіксіз кәсіби білім алуға деген құлшынысын арттыру;

*Олардың шығармашылық жұмыс жасауда тиімді психология-педагогикалық әдіс-тәсілдерді іріктеу, оларды қолдану дағдыларын дамыту;

* Кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге баулу.

Байқауға барлық пән мұғалімдері, бала бақша тәрбиешілері қатыса алады, қатысушылардың жас ерекшелігіне және еңбек өтіліне шек қойылмайды.

Байқауды өткізу жоспары:

Бірінші кезең-Таныстыру. (Бұл бөлімде слайд арқылы шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, айтайын деген ойын түрлі әдіс – тәсілдер арқылы жеткізу шеберлігі мен тапқырлығы қаралады.) (2-3 мин)

Екінші кезең-Панорамалық сабақ (5-7 мин)

Үшінші кезең-"Эссе қорғау" (2-3 мин) (Мектеп педагогикасының теориясы мен тәжірибесі мәселелері бойынша кәсіптік біліктілікті дамыту тақырыбында)


Төртінші кезең-"Тығырықтан шыға біл!" ситуациялық жағдайдан шығу (1 мин)

Бесінші кезең - Мұғалім мамандығын жарнамалау ролигі(2-3 мин)

Байқауды өткізу барысында қандай да бір өзгерістер болған жағдайда алдын-ала ескертіледі.



Байқаудың бағалануы және қазылар алқасының құрамы:

* Байқау— 1-5-ке дейінгі аралықтағы баллдық жүйемен бағаланады; *Мұғалімдердің біліктіліктері мен білімдерін кәсіби мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалайды;

*Қазылар алқасының жүлделерді бөлуге немесе бермеуге құқығы бар;

*Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады;



БАЙҚАУДЫҢ БАҒАЛАНУЫ

Жүлделер саны қазылар алқасының ұйғарымына байланысты шешіледі.



Бас жүлде— «Ұстаз мерейі» МЕДАЛІ, КУБОК және Лауреаттық диплом.

1- орын — «Ұстаз мерейі» МЕДАЛІ және Лауреаттық диплом.

2-орын— «Ұстаз мерейі» МЕДАЛІ және Лауреаттық диплом.

3-орын— «Ұстаз мерейі» МЕДАЛІ және Лауреаттық диплом.

Сонымен бірге еңбек жолында жоғары жетістігі бар барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді, Кембридж деңгейлерін оқыған ұстаздарды қолдау, марапаттау мақсатында міндетті түрде «ҰСТАЗ МЕРЕЙІ» медалі беріледі.


Тапсырыс беру шарттары

- берілген үлгідегі өтініш



  • Байқауға қатысу жарнасының түбіртегі

  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ – 18000 теңге;

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫНА КІРЕДІ:

  • Қаламен танысу мақсатындағы саяхат (Планетарий, мұражайлар);

  • Видео және фото материалдары;

Жол ақысы, тамақтану, жатын орын шығыны қатысушы тарапынан төленеді.

*Сонымен бірге кәсіби мамандар байқауға келген ұстаздарға арнайы шеберлік сабақтарын өткізеді, қатысу жарнасы - 5000 теңге, барлық қатысушыларға Республикалық дәрежедегі СЕРТИФИКАТ беріледі.

Шеберлік сабағына қатысуға алдын-ала сұраныс жіберу керек.

Сұраныс 2016 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.

Тіркеу

- Байқауға қатысатын талапкерлердің өтініштері platon-center@mail.ru электрондық адресінде қабылданады. Шараға қатысу үшін осы телефондарға хабарласу керек.



байланыс телефоны: 8 (7132) 77 84 08; 8 775 751 08 43, 8747 785 28 11

Ақша аударымдары үшін счет: КАЗКОМ

АҚ «Казкоммерцбанк»

ЖШС «ХДО Платон».

ИИК: KZ32926010119S164000

БИК: KZKOKZKX

БИН: 151040005469

КБЕ: 17 КНП: 861

КазПочта және Терминалдан төлеуге болмайды!!!

Ақтөбе қаласынан қатысушыларға қолма қол төлеуге де болады (наличными)

Мекен жайымыз: Арынов көшесі, 1-үй, 4-корпус, Сельмаш аялдамасы
«Платон» ХДО директоры

Г.А.Куанышеваға

_________________________

Директорынан

(мекеме атауы, басшысының аты-жөні толық жазылады)


Мектебі, өңірі

Аты жөні

Еңбек өтілі

мамандығы

байланыс телефоны, электрондық адресі














Сұраныс үлгісі:

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!
Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет