Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 Бұйрығы
Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7079 тіркелді
Талапкерлерді кешенді тестілеуді өткізу және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына олардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыру технологиясын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1-қосымшаға сәйкес;
2) білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастырутуралы нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Өмірбаев С.М.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетің атқарушы М. Орынханов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің м.а.
2011 жылғы 11 шілдедегі
№ 303 бұйрығына
1-қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі - ТКТ) ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:
1) аудиториялық қорды қалыптастыру;
2) «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру;
3) тестілеуді өткізуге дайындық;
4) тестілеуді өткізу;
5) апелляцияны өткізу;
6) сертификаттарды басу және беру;
7) жұмыс бойынша есеп дайындау.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық:
1) Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);
2) базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы);
3) базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);
4) базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының программисінің (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның программисі);
5) базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);
6) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының (бұдан әрі – техникалық хатшы);
7) Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
8) Білім және ғылым министрлігі программисінің (бұдан әрі – Министрлік программисінің);
9) апелляциялық комиссия төрағасының;
10) аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі - кезекші);
11) талапкерлердің негізгі іс-әрекеттері мен қызметтерін анықтайды
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. ТКТ-ны ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген тұлғалар «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Қағида), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. ТКТ-ны ұйымдастыру
Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
4. Тестілеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), ҰТО, базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы мен программисінің, Министрлік өкілдері мен программисінің, апелляциялық комиссия төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік комиссияның бірлескен қызметтерін қарастырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5. Министрлік ҰТО-мен бірге Министрлік өкілдеріне ТКТ технологиясын оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес мынадай автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жібереді:
«Аудиториялық қор» АЖО-сы аудиториялық қорлар және олардың жабдықталуы жөніндегі мәліметтерді қамтиды;
«Базалық ЖОО» мен «Желілік ЖОО» АЖО-лары ТКТ-ға қатысуға тілек білдірген талапкерлер туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі, жеке басын куәландыратын құжаты) жинақтау үшін қызмет етеді;
«Сертификат» АЖО-сы ТКТ нәтижесі туралы сертификаттарды, талапкердің аты-жөні, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттыңсериясы мен нөмірін көрсете отырып, ресімдеу үшін қызмет етеді;
«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеуін тексеру мақсатында жауап парағының сынама түрін сканерлеу;
«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу; апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу; емтихан ведомостерін (апелляция қорытындысын есепке алмаған және алынған кездегі) шығару үшін қызмет етеді.
7. Базалық ЖОО-да «Аудиториялық қор» АЖО-сы орнатылады және толтырылады.
8. Қалыптастырылған «Аудиториялық қор» мәліметтері телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
9. Базалық ЖОО-да «Базалық ЖОО» және желілік ЖОО-да «Желілік ЖОО» АЖО-лары орнатылады және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
10. Талапкер ТКТ-ға қатысу үшін «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4991 нөмірімен), үлгі бойынша бланкте өтініш толтырады.
11. Техникалық хатшы талапкерлерден өтініштер қабылдайды және толтырылған бланктерді сканерден өткізуге базалық ЖОО-ға жеткізу үшін жауапты хатшыға береді.
12. Базалық ЖОО-да «Талапкер» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге өтініш» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкісі) сканерлеу жүргізіледі.
13. Сканерлеу жүргізілгеннен кейін емтиханға рұқсаттамалар және рұқсаттамаларды беру тізілімі осы нұсқаулықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес басылып шығарылады да, желілік ЖОО-да ресімделіп, талапкерлерге беріледі.
14. Күнделікті сағат 17.00-ге дейін базалық ЖОО-ның программисі желілік ЖОО-лар бойынша өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады. ҰТО-да республика бойынша тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтер қалыптастырылады.
15. Ережеде бекітілген мерзімде жауапты хатшы, программист және техникалық хатшылардың қатысуымен бірлесіп осы нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналы мен «Талапкер» ДБ жабылады.
16. ДБ жабылғаннан кейін қорытынды статистикалық мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.
17. Қағидада белгіленген мерзімде базалық ЖОО-да барлық тестілеуге қатысушылармен бірігіп ТКТ өткізіледі. ТКТ-ны өткізу кезінде базалық ЖОО-да Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия төрағасынан басқа қатысушыларға ұялы байланыс телефондарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
18. Тестілеу өткізілгеннен кейін нәтижелерді өңделіп, осы нұсқаулықтың 4, 5-қосымшасына сәйкес дұрыс жауаптар коды мен ТКТ-ны апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілу жұмыстары жүргізіледі.
19. Апелляцияға өтініштер нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады және бір күн бойы қаралады.
20. Апелляция аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес апелляция нәтижелері есепке алынған ТКТ-ның емтихан ведомосы беріледі.
21. Күнделікті ТКТ өткізілген кезеңде ҰТО-ға мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіліп отырады.
22. ТКТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттар дайындау және беру осы нұсқаулықтың 43-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Министрлік өкілдері ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес атқарылған жұмыстары туралы есептерін қағаз және электрондық нұсқада тапсырады.
3. ҰТО функциялары
24. «Абитуриент» базасын қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларына ТКТ-ны ұйымдастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру;
2) базалық ЖОО-ны «Талапкер» ДБ қалыптастыру үшін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету:
өтініш бланкілері;
мектептер, кәсіптік мектептер (лицей) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар және аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – анықтамалық құжаттар);
3) «Базалық ЖОО», «Желілік ЖОО» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу, орнату және оны алып жүруді ұйымдастыру;
4) базалық ЖОО-да өтініш бланкілерін сканерлеу процесін қадағалау;
5) ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру;
6) «Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру;
7) ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы қорытынды статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
25. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляция комиссия төрағаларының ДБ құру;
2) Министрлікпен бірлесе отырып Министрлік өкілдеріне, программистеріне және апелляциялық комиссияның төрағаларына ТКТ ұйымдастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру;
3) емтихан материалдарын дайындау және базалық ЖОО-ға дейін жеткізу;
4) Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялықкомиссия төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-лары бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
5) Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялық комиссия төрағаларын базалық ЖОО-ға дейін жіберу.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
26. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) ТКТ-ның өту процесін бақылау;
2) нұсқалар файлы, дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жіберу;
3) дұрыс жауаптар кодын ашу үшін парольдер беру;
4) телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық мәліметтерді жинау.
27. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;
2) апелляциялық комиссиядан өтініштерді республикалық комиссия үшін телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау;
3) республикалық комиссия шешімін базалық ЖОО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
4) апелляцияны есепке алғандағы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жинау.
28. Сертификатты басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:
1) «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;
2) телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-дан қорытынды файлды алу.
29. ТКТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинайды және талдау жасайды.
4. Базалық ЖОО жауапты хатшысының функциялары
30. Аудиториялық қорды қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) осы нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес базалық ЖОО-ның аудиториялық қорын базалық ЖОО-ның басшысымен және ҰТО-мен бірге жоспарлау және келісу;
2) ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы «Аудиториялық қор» мәліметтерін жіберді ұйымдастыру.
31. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) «Талапкер» базасын құру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
2) техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру;
3) желілік ЖОО-ны нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен, тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету;
4) ақпараттық стендтерді дайындау;
5) өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгерістер
енгізуді ұйымдастыру;
6) техникалық хатшыларға рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;
7) «Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
32. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
1) әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындайды. Папкалар талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады. Папкада: осы нұсқаулықтың 1, 10-қосымшаларына сәйкес осы аудиторияға бөлінген талапкерлердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады.
2) мемлекеттік комиссиямен біріге отырып аудиторияларды тестілеуге дайындайды. Әрбір аудитория аудиториялық қорға сәйкес нөмірленеді (01,02,03,..). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары осы нұсқаулықтың11-қосымшасына сәйкес аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді.
3) техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) талапкерлердің мәліметтеріне өзгерістер енгізу журналын осы нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес Министрлік программисіне беруді ұйымдастырады.
33. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) талапкерлерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіптің сақталуын бақылайды және ұйымдастырады;
2) талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;
3) дұрыс жауаптар коды мен апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады;
4) статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.
34. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) мемлекеттік комиссиямен бірге апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасайды;
2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады.
35. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңіндегі функциясы:
1) сертификаттарды басуды ұйымдастырады;
2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес Министрлік өкілінен акт бойынша қабылдайды;
3) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына береді;
4) желілік ЖОО-ның жауапты хатшысынан талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдайды.
36. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясы:
1) Министрлік өкілінен емтихан материалдарын қабылдайды;
2) ҰТО-ға ТКТ-ны ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша есептің қағаз тасымалдағышта телекоммуникациялық желі арқылы береді.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5. Желілік ЖОО жауапты хатшысының функциялары
37. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) базалық ЖОО-да өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өтеді;
2) базалық ЖОО-дан нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін, өтініштерді тіркеу журналын алу;
3) программист пен техникалық хатшыларды жұмыс орнымен және анықтамалық құжаттармен қамтамасыз ету;
4) техникалық хатшыларды өтініш қабылдауға үйрету;
5) өтініш бланкілерін базалық ЖОО-на сканерлеуге әкелу;
6) осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес басылып шығарылған нысандарды алу;
7) ДБ өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру;
8) талапкерлерге рұқсаттаманы беруді ұйымдастыру;
9) ДБ жағдайын бақылау;
10) өтініштерді тіркеу журналын жабу;
11) ресімделген түбіртектерді базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беру.
38. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі
функциясы:
1) сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысынан қабылдау;
2) талапкерлерге сертификаттарды беруді ұйымдастыру;
3) талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.
6. Базалық ЖОО программисінің функциялары
39. «Аудиториялық қор» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциялары:
1) техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) аудиториялық қорды қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
3) ҰТО-ға «Аудиториялық қор» мәліметтерін телекоммуникациялықжелі арқылы жіберу.
40. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) «Талапкер» ДБ құру жұмыстары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
2) техникалық хатшылар үшін нормативтік құқықтық актілерді және анықтамалық ақпараттарды ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы алу және дайындау;
3) желілік ЖОО программистерін АЖО-лармен жұмыс істеуге үйрету және оның жұмысын бақылау;
4) тіркеу журналдарын басып шығару және беру;
5) өтініш бланкілерін сканерлеу;
6) осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес техникалы хатшыларға шығыс нысандарды басып шығару және беру;
7) «Талапкер» ДБ жабу;
8) рұқсаттамаларды басу;
9) базалық ЖОО-ның өтініштер журналын беру осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;
10) өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;
11) «Талапкер» ДБ сақтауды қамтамасыз ету және Министрліктің программисіне беру.
41. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
1) техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) талапкерлердің мәліметтерін өзгерту журналын Министрлік программисіне береді;
3) ҰТО-ға қажетті мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
42. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясында Министрлік программисіне осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару кезінде көмектеседі.
7. Желілік ЖОО программисінің функциялары
43. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) желілік ЖОО программисінің АЖО-сын инсталляциялау;
2) желілік ЖОО-ның ерекшелігіне қарай бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және келтіру;
3) өтініштерді тіркеу журналын қалыптастыру және беру;
4) желілік ЖОО-ның техникалық хатшысының журналын осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес қалыптастыру және беру;
5) өтініштер бланкілерін сканерлеудің есебін, рұқсаттамаларды тарату тізілімін күнделікті қалыптастыру және беру;
6) өтініштерді қабылдау барысы туралы статистиканы күнделікті қалыптастыру және беру.
8. Техникалық хатшының функциялары
44. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
1) базалық ЖОО-да өтініш қабылдау, өтініш бланкісін толтыру, өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша оқытудан өту;
2) Базалық ЖОО-дан нормативтік құқықтық актілерді, өтініш
бланкілерін, өтініштерді тіркеу журналын алу;
3) талапкерлердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету және ТКТ-дан өту рәсімін, Ереженің 21, 22, 23-тармақтарында қарастырылған аудиторияда тәртіп сақтау ережесін, апелляцияға өтініш беру және апелляцияны өткізу рәсімін түсіндіру;
4) талапкерлерді өтініштерді тіркеу журналында тіркеу;
5) талапкерлерге қолхат беру;
6) осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес шығыс нысандарын алу;
7) ДБ өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
8) ДБ жағдайын бақылау;
9) өтініштерді тіркеу журналын жабу;
10) рұқсаттамаларды дайындау және талапкерлерге беру;
11) дайындалған рұқсаттама түбіртектерін жауапты хатшыға тапсыру.
Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
45.Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:
1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін, емтихан ведомостарын жауапты хатшыдан қабылдау;
2) талапкерлерге сертификаттарды беру;
3) талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін жауапты хатшыға береді.
9.Министрлік өкілінің функциялары
46. Тестілеуге дайындық кезеңіндегі функциялары:
1) ҰТО-дан конвертке салынып мөрленген мемлекеттік комиссия төрағасының паролін және сертификаттарды акт бойынша алады осы нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес және базалық ЖОО-ға жеткізеді;
2) Төменде аталғандарды:
Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;
базалық ЖОО-ның әрбір лек бойынша өтініштер журналын;
ғимараттың емтиханға дайындығын осы нұсқаулықтың 9, 11-қосымшаларына сәйкес;
техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;
аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын;
мемлекеттік комиссияның бекітілген тізімін;
апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;
тестілеу өткізуге дейінгі аудиторияларды тексеріп, базалық ЖОО-ның мөрімен расталған акт жасайды осы нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес;
қажетті құжаттарды (аудиториялық тізіммен бірге рұқсаттамалардың түбіртектері, нормативтік құқықтық актілердің болуы) тексереді;
3) ТКТ-ның емтихан материалдарының жеткендігін бақылауды жүзеге асыру;
4) кезекшілермен нұсқама өткізеді. Кезекшілерді ауыстырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрын тізімге енгізілгендерін және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендіктеріне көз жеткізу;
5) Министрлік программисінің сканерді тексеру есебін жасауын осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес және оның базалық ЖОО-ның мөрімен расталған қадағалайды;
6) емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес отырғызу тізімін шығарып, сейфке сақтап қояды;
7) тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды бақылайды.
47.Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) тестілеу процесін бақылау және басқару;
2) қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары салынып, ҰТО
Достарыңызбен бөлісу: |