Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы



бет2/12
Дата08.07.2018
өлшемі242,54 Kb.
#48532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
-да пломбыланған арнайы қапшықтарды осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;
      3) кезекшілерді аудитория бойынша бөледі;
      4) аудиторияларда жақын туысқандары отырмауын ескере отырып, ата-аналар қоғамын тестілеу кезінде бақылаушылар ретінде аудиториялар бойынша бөлу;
      5) мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашады. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізімімен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру өкілінежәне ҰТО-ға хабарлайды;
      6) аудитория бойынша кезекшіге:
      - рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған өзіне сәйкес бөлінген аудитория папкасын береді;
      - отырғызу тізімін береді;
      - мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 26-қосымшасына сәйкес акт бойынша береді. Әрбір мөр басылған қорапта: жауап парақтары салынған конверт, сұрақ кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы осы нұсқаулықтың 27, 28-қосымшаларына сәйкес акт болады;
      7) мемлекеттік комиссия шешімімен мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын талапкерлерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөледі және кезекшілер тағайындайды;
      8) мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, осы нұсқаулықтың 25-тарауына сәйкес талапкерлерді қосымша отырғызу туралы шешім қабылдайды;
      9) емтиханның басталу уақытын бақылайды. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09.00;
      10) талапкерлердің дұрыс отырғызылуын және оларға сұрақ- кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылайды;
      11) кезекшілердің жауап парағын толтыру ережесін дұрыс түсіндірілуін бақылайды;
      12) талапкерлердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылайды;
      13) емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы талапкерлердің нақты саны туралы мәліметте жинауды ұйымдастырады. Артық сұрақ-кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген талапкерлер емтиханға жіберілмейді;
      14) талапкерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе талапкер аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған жағдайда, Ереженің 4-қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, талапкерді аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды;
      15) мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар (талапкерде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, белгілі бір себептерге байланысты тестілеу күнін ауыстыру, тестілеуге бөтен тұлғаның кіруі, мүдделі тұлғалар жағынан талапкерге көмек көрсету, мүдделі тұлғалар жағынан қысым көрсету) бойынша шешімдер қабылдайды;
      16) тестілеу аяқталғаннан кейін кезекшілерден әрбір аудитория бойынша емтихан материалдарын қабылдайды;
      17) тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастырады;
      18) дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастырады;
      19) дұрыс жауаптар кодын береді және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады;
      20) ТКТ-ның емтихан ведомостарын беруді және оларды көпшіліктіңназарына ілуді ұйымдастырады.
      48. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:
      1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастырады;
      2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз етеді;
      3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылайды;
      4) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады.
      49. Cертификаттарды басып шығару кезеңіндегі функциясы:
      1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастырады;
      2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.
      50. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясында қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындайды және ҰТО-ға тапсырады.

 

   10. Министрлік программисінің функциялары



 

         51. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциялары:


      1) ҰТО-да «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру»,
«Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өту;
      2) тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны  ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алу;
      3) базалық ЖОО-да жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау;
      4) сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізеді және басқа да техникалардың дайындығын тексереді;
      5) тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады. Бұл бағдарлама «Базалық ЖОО» АЖО-сы орнатылған компьютерге орналастырылады;
      6) базалық ЖОО-ның ерекшелігіне қарай қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнату;
      7) базалық ЖОО программисінен «Талапкер» ДБ қабылдау;
      8) өзгерту журналына байланысты ДБ-ға түзетулер енгізу;
      9) «Талапкер»ДБ жабу;
      10) лектің отырғызу парағын басып шығарады (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін). Отырғызу парағы отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Талапкер орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек 1 рет қана орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль сұралады;
      11) Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді, яғни осы нұсқаулықтың 26 және 29-қосымшаларына сәйкес актілерін басып шығарады;
      12) осы нұсқаулықтың 18, 10, 30, 31, 32, 33-қосымшаларына сәйкес қажетті шығыс нысандарын басып шығарады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      52. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясында2:
      1) сканерлеу үшін нұсқалар файлын қабылдап алу;
      2) жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алу;
      3) тестілеу нәтижелерін өңдеу;
      4) дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;
      5) емтихан ведомостарын басып шығару;
      6) ТКТ-ның статистикалық мәліметтерін күн сайын және талап етілген ақпаратты телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады.
      ___________________________
       2Тестілеу кезінде Министрлік программисі Министрлік өкіліне тестілеу үрдісін бақылауға көмектеседі
      53. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясында:
      1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
      2) апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;
      3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін басып шығару.
      54. Сертификаттарды басып шығару кезеңіндегі функциясы:
      1) сертификаттарды басуға арналған бағдарламаны орнатуды қамтамасыз ету;
      2) сертификаттар файлын қалыптастыру;
      3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;
      4) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін
Министрлік өкіліне беру.
      55. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясы:
      1) қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындайды және ҰТО-ға тапсырады;
      2) қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға жібереді.

 

   11. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары



 

      56. Апелляцияны ұйымдастыру бойынша ҰТО-да дайындықтан өтеді.


      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      57. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссия мүшелеріне нұсқаулық өткізеді.
      58. Талапкерлерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.
      59. Апелляцияға өтініш берген талапкерлердің емтихан
материалдарын Министрлік өкілінен алу.
      60. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру.
      61. Апелляция процесін бақылау және басқару.
      62. Апелляция бойынша шешім қабылдау.
      63. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру.
      64. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын Министрлік өкіліне беру.
      65. Әрбір лектің апелляция өту барысы бойынша есеп дайындау.

 

   12. Аудитория кезекшісінің функциялары



 

         66. Тестілеу басталардың алдында аудиторияның дайындығын: аудитория нөмірін, ондағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін, олардыңосы аудиторияның отырғызу тізіміндегі талапкерлер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасын хабардар етеді.


      67. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын акт бойынша алады.
      68. Талапкерлерді осы нұсқаулықтың 24-тарауына сәйкес оларды отырғызу парағына және аудиториялық тізімге сәйкес аудиторияға кіргізеді және отырғызады.
      69. Талапкерлерге Қағиданың 21, 22, 23-тармақтарына сәйкес емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      70. Осы нұсқаулықтың 26-тарауына сәйкес емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастыру.
      71. Осы нұсқаулықтың 27, 28-тарауларына сәйкес емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіреді және таратады.
      72. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылау.
      73. Осы нұсқаулықтың 29-тарауы бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдайды және тапсырады.

 

   13. Аудиториялық қорды жоспарлау



 

         74. Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы аудиториялық қорды жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескереді:


      1) аудиториялар бір ғимараттың (корпустың) ішінде болады;
      2) талапкерлердің емтихан тапсыру тіліне, яғни қазақ тілінде және орыс тілінде тапсыратын талапкерлерге байланысты аудиториялар тіл мәртебесіне қарай бөлінеді;
      3) әрбір лектердегі аудиториялардың тілдік мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;
      4) аудиториядағы отыратын орындар саны 10-ға еселі, 30-дан кем, 120-дан артық болмайды;
      5) отырғызу орындарының саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады.
      74-1. Аудиториялық қорды жоспарлаған кезде негізгі білімнен кейін түскен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім беру ұйымдарының бітірушілерін бөлу үшін жеке аудитория бөлінеді.
      Ескерту. 74-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      75. Аудитория қоры туралы мәліметтер «Аудитория қоры» АЖО-сына енгізіледі. Аудитория қоры әрбір лек бөлінісінде ҰТО-ға келісу үшін жіберіледі.

 

   14. «Талапкер» ДБ қалыптастыру



 

         76.«Талапкер» ДБ құру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы желілік ЖОО техникалықхатшылар тізімін тіркеу үшін Flash-тасымалдағышта базалық ЖОО-ға ұсынады;
      2) базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы техникалық хатшыларды ТКТ технологиясы, ережесі бойынша оқытады;
      3) техникалық хатшыларға нормативтік құқықтық актілері және анықтамалық материалдар, өтініш бланкілері, тіркеу журналдары беріледі;
      4) әрбір желілік ЖОО-да талапкерлерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі және өтініштер қабылданады;
      5) толтырылған өтініш бланкілері сканерлеу үшін базалық ЖОО-ға жеткізіледі;
      6) базалық ЖОО-да талапкерлер туралы деректерді «Талапкер» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы ағынды сканер арқылы (бұдан әрі - сканер) өткізіледі;
      7) әрбір желілік ЖОО-ның бланкілерін сканерлеу нәтижесі Flash-тасушысы арқылы желілік ЖОО-ның деректер базасын қалыптастыру үшін желілік ЖОО-ға қайтарылады;
      8) өтініш бланкілері сканерден өткізілгеннен кейін техникалықхатшыларға өтініш бланкілерін сканерлеу есебі, фото желімделіп, базалық ЖОО мөрін басылған рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі;
      9) Ережеде белгіленген мерзімде техникалық хатшылардың қатысуымен өтініштерді тіркеу журналдары жабылады;
      10) ДБ жабылғаннан кейін талапкерлердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;
      11) талапкерлерге рұқсаттамалар желілік ЖОО-да таратылады, ал ресімделген түбіртектер базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беріледі.
      Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

 

   15. Тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі



 

         77. Талапкерлердің тестілеуге қатысу туралы өтініштері тіркеу журналына тіркеледі. Тіркеу журналында 999 өтінішке дейін тіркеуге болады. Өтініштерді тіркеу журналы 4 журналға бөлінеді. Бірінші журналда талапкердің жеке коды (бұдан әрі – ТЖК) 1-ден басталып 250-ге, екінші журналда 251-ден 500-ге, үшінші журналда 501-ден 750-ге, төртінші журналда 751-ден 999-ға дейін. Өтініштерді тіркеу журналы тігіледі және ЖОО-ның мөрі басылады.


      78. Тіркеу журналы 9 негізгі бағаннан тұрады. ТЖК бағаны автоматты түрде арнайы бағдарламаның көмегімен толтырылады. «ТЖК» бағанынан басқасының барлығы қолмен толтырылады. Тіркеу журналының барлық бағандары толтырылып болғаннан кейін талапкерге өтініш бланкісі беріледі. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылады және техникалық хатшының бақылауында болады.
      79. Талапкер құжаттарын өзі тапсырады, оларды бөгде тұлғалардан қабылдауға рұқсат етілмейді. Техникалық хатшы тапсырылған фотосуреттердің жеке басын анықтайтын құжаттармен сәйкестігін тексереді. Тестілеуге қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) бекітілген үлгідегі өтініш;
      2) тестілеуді өткізуге төлем ақы жөніндегі түбіртек (Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің филиалдары немесе «Қазпошта» АҚфилиалдары арқылы);
      3) кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) білім беру мекемесін бітіргендігі туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
      4) 3х4 көлемді фотосурет - 2 дана;
      5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      80. Қабылданған құжаттар талапкердің құжат тігетін папкасына салынады. Құжат тігетін папканың алдыңғы бетіне талапкердің ТЖК-сы мен аты-жөні, жоғарғы оң жақ бұрышына техникалық хатшының коды жазылады.
      81. Талапкер құжаттарын тапсырған соң, оған қабылданған құжаттардың тізбесі бар, техникалық хатшының қолы қойылған қолхат беріледі және ол өтініштер тіркейтін журналға қол қояды және рұқсаттама келесі күні берілетіндігі жөнінде хабарланады.
      82. 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 секторларды техникалық хатшы өз қолымен толтырады. Қалған секторларды техникалық хатшының бақылауымен, талапкер өз қолымен толтырады.

 

   16. «Тестілеуге өтініш» бланкісін толтыру



 

         83. Өтініш бланкісі мынадай тәртіппен толтырылады:


      1) 1-сектордағы жоғарғы бос торкөздерге көлденең бағытта талапкердің тегі баспа әріптерімен жазылады. Талапкердің тегіндегі әрбір әріптің астындағы торкөздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады. 2 және 3 секторлар да осы тәртіппен толтырылады4;
      ______________________________
      4Егер талапкердің тегінде, атында, әкесінің атында «Ұ» әрпі кездессе, онда «е» әрпі боялады, ал «ъ» кездессе - онда «ь» боялады. Оны жөндеу мақсатында талапкердің тегі, аты, әкесінің аты талапкер туралы мәліметтерді өзгерту журналына енгізіледі
      2) 4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК толтырылады;
      3) 5-секторда талапкердің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;
      4) 6-секторда талапкер емтихан тапсыру тіліне сәйкес тілге – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды;
      5) 7-секторда талапкердің жеке басын куаландыратын құжатына (паспорт, жеке куәлік, басқа құжат) сәйкес дөңгелекше боялады;
      6) 8-секторда талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттың(паспортының) нөмірі жазылады және боялады. Паспорт нөмірін толтыру үшін алғашқы 7, ал жеке куәлік үшін барлық 9 баған түгел қолданылады. Басқа құжат болған жағдайда 8 сектор толтырылмайды;
      7) 9-секторда азаматтықтар анықтамалықтары бойынша талапкердіңазаматтығына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
      8) 10-секторда ұлттардың анықтамалықтары бойынша талапкердің ұлтына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
      9) 11-секторда талапкер аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;
      10) 12-секторда облыстардың анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан облысты көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
      11) 13-секторда аудандар анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан ауданды көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
      12) 14-секторда оқу орындарының анықтамалықтарына сәйкес талапкер аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі;
      13) 15-секторда талапкердің оқу орынын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;
      14) 16-секторда талапкердің туған жылының соңғы екі саны
боялады;
      15) 17-секторға техникалық хатшы қол қояды;
      16) 18-секторға талапкер қол қояды;
      16-1) 19-сектор негізгі білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім туралы құжатты ұсынған кезде боялады;
      17) 20, 21-секторларды талапкердің деректерін өзгерту немесе өтініш бланкісін жою кезінде ғана техникалық хатшы толтырады.
      Ескерту. 83-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      84. Талапкердің «Талапкер» ДБ-ға енгізілген барлық мәліметтері ТКТ тапсырғандығы туралы сертификатта, білім грантын тағайындау туралы куәлігінде көрсетіледі, сондықтан аты-жөні, қатаң түрде жеке куәлік, паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған жеке куәлігі жоқ талапкерге мектеп директоры осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес, талапкердің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған анықтама жазып береді.
      85. Өтініш бланкісі толтырылғаннан кейін «Сканерлеуге берілетін өтініш бланктері» папкісіне салынады.

 

   17. Ағымдағы күннің өтініштер бланкілерін сканерлеуге беру



 

         86. Жұмыс күнінің соңында папка сканерлеуге беріледі. Өтініштер бланктерін сканерлеу базалық ЖОО-да жүргізіледі.


      87. Өтініштер бланкілерін сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшы:
      - «Өтініш бланкілері» папкасын;
      - рұқсаттамаларды беру тізілімін;
      - рұқсаттамалар мен түбіртектерін;
      - өтініштер бланктерін сканерлеу есебін;
      - деректер базасы туралы ақпарат журналын (деректер базасының жағдайын бақылау үшін) алады.

 

   18. Өтініш бланкілерін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету



 

         88. Өтініштер бланкілерін толтыру кезінде жіберілген қателер «Өтініш бланкілерін сканерлеу есебі» Қателер хаттамасы бөлімінде көрсетіледі. Жіберілген қателер қою рамкамен белгіленеді. «/» (қисық сызық) белгісінен кейін осы нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес қате коды көрсетіледі, егер бірнеше қателер болса, онда олар үтір арқылы көрсетіледі.


      89. Өтініш бланкісіндегі қателерді талапкер түзетеді. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылғандықтан, қате толтырылған секторларды өшіргішпен өшіріп, түзетуге болады.
      90. Қателері түзетілген бланкілер «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.

 

   19. «Талапкер» ДБ жағдайын бақылау



 

         91. Өтініштерді тіркеу журналындағы тізім мен деректер базасы туралы мәлімет журналындағы тізімді күн сайын салыстыру әр өтініш бланкісінің жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Техникалық хатшы:


      1) өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
      2) өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына мынадай жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды».
      3) «Өтініш бланкілері» папкасындағы талапкерлердің базасына енгізілген өтініш бланкілерін тексереді;
      4) «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Талапкер» ДБ-дан жойылған талапкерлердің өтініш бланкілерін тексереді;
      5) қалып қойған ТЖК-лар болса тексереді де, себептерін анықтап, тиісінше түзетулер енгізеді.
      92. Көрсетілген шараларды қолдану мынадай қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:
      1) өтініш тіркеу журналында тіркелген, бірақ деректер базасына енгізілмеген және рұқсаттама берілмеген;
      2) өтініш жойылған өтініш ретінде тіркелген, бірақ деректер базасында жойылмаған;
      3) өтініш деректер базасында жойылған, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылған деп белгіленбеген;
      4) өтініш деректер базасына енгізілген, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жоқ.

 

   20. Талапкердің мәліметтеріне өзгерістер енгізу



 

         93. ДБ енгізілген талапкердің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде оның өтініші өзгертіледі немесе жойылады. Талапкердің емтихан тапсыру тілі немесе ТЖК секторларына өзгерту енгізілгенде, оның өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі мәліметтердегі: аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылы, білімі туралы мәліметінде кеткен қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.


      94. Талапкер туралы мәліметтерді жою кезінде техникалық хатшы:
      1) өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі талапкердің қолы» бағанына талапкердің қолын қойдырады;
      2) талапкердің рұқсаттамасын алып, оған «жойылды» деп белгілейді де, оны талапкердің жеке құжатына салады;
      3) талапкердің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және сканерден өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;
      4) ескі өтініш бланкісі сканерден өткізіліп, талапкердің мәліметтері ДБ жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды;
      5) өтініштерді тіркеу журналының бос жолына талапкерді өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;
      6) талапкерге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге жібереді;
      7)жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, талапкерге жаңа рұқсаттама береді.
      95. Талапкердің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы мәліметтерін өзгерту барысында талапкердің өтініш бланкісіне сәйкес өзгерістер енгізіліп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді.
      96. Сканерден қайтадан өткізілгеннен кейін өтініш бланкісін «Өтініш бланкілері» папкасына салады.

 

   21. Өтініштерді тіркеу журналын жабу



 

         97. Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. Базалық ЖОО-ның өтініштер журналы басып шығарылып, «Талапкер» ДБ жабылады:


      1) базалық ЖОО-ның программисі техникалық хатшының журналын, ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, оларды салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;
      2) техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшыныңжурналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;
      3) соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады және жауапты хатшының қолы қойылады;
      4) базалық ЖОО-ның программисі ҰТО-дан «Талапкер» ДБ-ны жабу үшін пароль алады;
      5) базалық ЖОО программисі «Талапкер» ДБ қорытынды файлын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;
      6) ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;
      7) тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы жауапты хатшыға тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін сақталынады.
      98. Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Талапкер» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізілмейді. «Талапкер» ДБ жабылғаннан кейін талапкердің аты-жөні, туған жылы, жынысы, азаматтығы, ұлтында байқалған қателер, талапкердің мәліметтерін өзгерту журналында міндетті түрде толтырылады. Сонымен қатар талапкердің аты-жөні, «Ұ» әрпі мен «ъ» белгісі болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылып, секторға сыймаса енгізіледі.
      99. «Талапкер» ДБ қабылдау кезінде «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгерістер енгізу үшін өзгерістер журналы Министрлік программисіне беріледі.

 

  


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет