«Киіну. Сән. Талғам. Киім кию мәдениеті» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5



бет1/3
Дата20.11.2022
өлшемі20,23 Kb.
#159005
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
2-бөлім Киіну,сән,талғам. 5-сабақ Оқушыға арналған нұсқаулық


«Киіну. Сән. Талғам. Киім кию мәдениеті » тақырыбы бойынша
қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5



Бөлім/Тақырып



2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақтың оқу мақсаттары

ӘТН 1 Орфографиялық норма
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Ойлау дағдыларының өлшемі



Қолдану





Оқушыға берілетін тапсырма

Топтық тапсырма. «Жүгіріп диктант жазу» стратегиясы.
Шарты:
1. Тақтада мәтін ілініп тұрады. Топтарда бір оқушы хатшы болып, қағазға түсіреді. Қалған топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтінді қарап, тобына келіп, хатшыға жаздыру керек.
2. Жазып болған соң, хатшы қағазын партасына қойып, өзі барып, тақтадағы мәтінді оқиды. Орнына келіп, диктант мәтінін өзгертуіне болады.
3. Диктант мәтіні мен дұрыс нұсқасы келесі топқа беріліп, тексеріледі. Бағалаушы топ жұмысына бағасын беріп, жұмысын қайтарады. Топтарда қатемен жұмыс жасалады. Қай топ қатесіз, жылдам жазып бітірсе, сол топ жеңеді.
Бағалау критерийі:
Мәтіннің толық көшірілуі;
Қатесіз жазылуы (3 қате есептелмейді).
Мәтіндер:
1-топ. Сән – адамзат баласы пайда болғаннан бастап қолданылып келеді. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де ұлттық нақыш қандай жағдайға болмасын, арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.
2-топ. Сән (мода) – латын сөзі, өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі. Мағынасы «уақытша келісімді, сәнді киіне білу» деген ұғым береді. Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі – бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.
3-топ. Киім кию мәдениеті – адамның білімінің, талғамының, ортаға қарым-қатынасының көрсеткіші. Талғам – бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б.). Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.
4-топ. Стиль (грекше «балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша» мағынасын білдіреді) сөзі – әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
Стиль түрлері:
• Классикалық
Фольклорлық
• Романтикалық
• Спорттық
5-топ. Классикалық стиль («байсалды, іскер, әсем») – тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер, «шинель» костюмдері жатады.
6-топ. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстары кеңінен қолданылады.
Романтикалық стиль – ұшқыр, қиял-елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік нәзіктікті бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.
Спорттық стиль – демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет