«Киіну. Сән. Талғам. Киім кию мәдениеті» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5



бет3/3
Дата20.11.2022
өлшемі20,23 Kb.
#159005
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
2-бөлім Киіну,сән,талғам. 5-сабақ Оқушыға арналған нұсқаулық
1 Қазақ әдебиеті 6-сынып 2-тарау 1-сабақ Презентация 2-нұсқа, кенесары жоспар, 7 сын бжб, 7 жетістік, 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық 2-сабақ. Таныстырылым (1), Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік дидактикалық материал 9 сынып, 2-бөлім Киіну,сән,талғам. 3-сабақ (1), ент анализ, Республика күні, буклет республика күні, 1-сабақ қазақ тілі 4-тарау таратпа м 1-нұсқа (2)
Дұрыс нұсқасы
• Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдардың қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кенде қылған жоқ. Ол өзінің бос уақытын танымал дүкендерде өткізіп, онсыз да үлкен гардеробын жаңа киімдермен толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен кезде, Тахмина оның басынан аяғына дейін сынап қарап шығатын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын. Таныс сурет пе?
• Райхан ерке болғанымен, анасының алып берген киімін ғана киеді. Оған ешқашан қарсы келіп көрген емес. Қалаға келгеннен кейін құрбыларының көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. Алайда ол, ең алдымен, анасы бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдерін таза ұстап, артық киім сатып алмауға тырысты. Құрбыларымен дүкенге барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі сенімді бола алмады. Райхан адамды киіміне емес, біліміне қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.
• Күнсұлу қолына ақша тисе, оған киім немесе аксессуар алу үшін базарға жүгіреді. Ол үшін ең бастысы – әдемілік. Әдемілік көп ақшаны қажет етеді. Әкесі меселін қайтарған емес. Қасындағы құрбыларынан бұрын алтын сырға, сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жыл ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен педикюрге тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған аяқ киім мен аксессуарлар бар. Сондықтан шығар, ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі макияж жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, бақытты етер жігіттің өзі қасыңнан табылады деп санайтын...
• Римма – қараторы қыз. Ол кейбір киімді сатып алуға ақша қимай, оның орнына мата сатып алып тігетін. Үнемдеген ақшасына бетін әрлендіретін бояулар алатын. Ақсары өңді жігітпен жолығуды армандайды, бірақ сондай жігіт жолықса, оған қояр талаптары шексіз көбейетін. Сөйтіп жүріп, қарапайым ауылда өскен Римма қасындағы жандардың барлығын киім киісіне, жүріс-тұрысына қарап сынайтын. Риммаға ұнайтын адам табу мүмкін емес шығар деп ойлаушы едік. Қазір оның отбасы бар, ол – әйел, ана, келін.

Бағалау критерийі

Көп нүктенің орнына кемінде 6 сөзді тауып жазады;
Мәтіннің мағынасын түсініп, мағынасына сәйкес сөзді орнымен қолдана алады;
Қатесіз жазады (3 қате есептелмейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет