22. Талапкерге құжаттарын қайтару
100. Өтініштерді қабылдау кезеңінде құжаттарды қайтару мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) талапкерден рұқсаттама мен құжаттарды сақтауға қабылдау туралы қолхат алынады. Барлық құжаттар тек талапкердің жеке өзіне, өтініштерді тіркеу журналына қол қойғаннан соң беріледі;
2) талапкердің өтініш бланкісі алынып, «Жойылған» деген дөңгелекшесі боялады, содан кейін өтініш бланкісі сканерлеу үшін «Өтініштер бланкілері» папкісіне салынады.
101. Талапкерлердің деректер базасын жабу және тестілеу өткізу кезеңі арасында, сонымен қатар тестілеу өткізілгеннен кейін құжаттарды қайтару мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) талапкерден рұқсаттама мен құжаттарды сақтауға қабылдау туралы қолхат алынады;
2) құжаттар тек талапкердің жеке өзіне, техникалық хатшының өтініштері журналына және өтініштерді тіркеу журналына қол қойғаннан соң беріледі.
23. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру
102. Рұқсаттамалар мен түбіртектер талапкер құжаттарын тапсырған желілік ЖОО-да ресімделеді. Талапкердің фотосуреті рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға жауапты хатшының қолы қойылып, мөр басылады.
103. Рұқсаттама талапкерге рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Талапкер түбіртекке қол қойғаннан кейін, оны техникалық хатшы желілік ЖОО-ның жауапты хатшысына береді, ол өз кезегінде базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді. Рұқсаттаманы талапкерге бергенде ТКТ өтетін орын мен уақыты хабарланады.
104. Талапкер рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Егер оның рұқсаттамасында қате табылған жағдайда, оған тиісінше өзгеріс енгізілуін талап ете алады.
105. Талапкер рұқсаттамасын алу барысында, рұқсаттамада және оның түбіртегінде көрсетілген ТКТ кезінде тәртіп сақтау ережесімен танысқандығын және өзінің жеке мәліметтерінің дұрыстығын растап қол қояды.
24. Талапкерлерді аудиторияға кіргізу және отырғызу
106. Емтихан күндері талапкерлердің кіріп шығуына арналған есіктен басқасының барлығы, тестілеу өтетін ғимараттардағы пайдаланылмайтын аудиториялар, кабинеттер мен басқа да орындар (әжетханадан басқа) жабылып, мөрленеді. Тестілеу өтетін ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретін жолдар мен аймақтарда бөгде тұлғалардың жүруіне жол берілмейді.
107. Талапкерлер аудиторияға бір-бірден жіберіледі. Кезекші талапкерлердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің сәйкестіктерін тексереді. Олардың сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Талапкер қатаң түрде отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Талапкерлерді аудиторияға жіберу емтихан басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.
25. Талапкерлерді қосымша отырғызу
108. Талапкер ерекше жағдайда (мысалы: жарақат алғанда, отбасы жағдайымен, өтініш беру кезінде тестілеу тапсыру тілі қате көрсетілген) емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді. Өтініш мемлекеттік комиссия төрағасының атына беріледі. Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Талапкерді қосымша отырғызу туралы шешім мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді5.
_____________________________
5Қосымша отырғызу базалық ЖОО-да тестілеу өтетін қосымша күн немесе тестілеу тапсыру тіліне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана іске асырылады
109. Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Министрлік өкілі базалық ЖОО-ның өтініштер журналында көрсетілген емтихан тапсыру тіліне сәйкес, осы талапкерді қосымша отырғызуға болатын аудиторияны белгілейді.
Министрлік өкілі талапкердің рұқсаттамасына тиісті өзгерістер енгізіп, ол туралы аудитория кезекшісін хабардар етеді.
110. Қосымша отырғызылған талапкерге алдымен емтиханға келмеген талапкердің емтихан материалдары пайдаланылады, егер талапкерлер тестілеуге түгелдей келсе, онда қосымша салынған емтихан материалдары есебінен алынады.
26. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу
111. Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш талапкердің және ата-аналардан тұратын тәуелсіз бақылаушылардың (бар болған жағдайда) қатысуымен ашылады.
Қорапта: емтихан материалдарын ашу туралы акт, жауап парақтары салынған конверт, жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ-кітапшалары, қосымша жауап парақтары салынған конверт (тек №1 аудиторияда ғана болады, егер № 1 аудитория болмаса, келесі кезектегі аудиторияда) болады.
112. Шақырылған талапкерлер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді, қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіріп және оған қолдарын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, кезекші Министрлік өкілін ескертеді және аталған жағдайда емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Егер қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ-кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, кезекші Министрлік өкіліне хабарлайды және акт жасайды. Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия ҰТО-мен біріге отырып қабылдайды.
27. Емтихан материалдарын тарату
113. Ең алдымен тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі ғана таратылады. Кезекші талапкерлерге үлестіріп болғаннан кейін, оларды толтыру тәртібін түсіндіреді.
114. Тестілеудің қорытындысы талапкердің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан талапкер жауап парағының бір данада ғана берілетінін, қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін айғақтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Талапкер оны қате жіберуге, жөндеуге жол берместен аса мұқият толтырады.
115. Емтихан біткеннен кейін талапкер қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссияның көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстырады.
28. Жауап парағын толтыру
116. 1-секторда талапкердің аты-жөні жазылады.
117. 2-секторда жоғарғы торкөздерге көлденеңнен талапкердің рұқсаттамасында көрсетілген ТКЖ жазылады. Әр сан астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.
118. 3 және 4 секторларда емтихан кезінде талапкердің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады.
119. 5-секторда талапкер емтихан тапсыратын лек пен аудитория нөмірін жазады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады.
120. 6, 7, 8, 9-секторларда сәйкесінше Қазақ тілі, Орыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика пәндері бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.
121. 10-секторда талапкердің таңдаған мамандығына байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу және ТКТ-ның таңдау пәндері мен бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7674 нөмірімен тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі бойынша тестілеу кезінде талапкер таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.
Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
122. 11-секторды шығармашылық мамандыққа түсуді жоспарлайтын талапкерлер бояйды.
123. Жауап парағының нөмірі көрсетілген 12-cектор боялмайды.
124. «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді
1) жауап парағы қара қаламмен толтырылады;
2) жауап парағын бүлдіруге, бүктеуге, жыртуға болмайды;
3) корректор сұйығын пайдалануға болмайды;
4) бір тапсырманың екі немесе одан көп жауабы боялған жағдайда
жауап есептелмейді;
5) калькуляторды, пейджер мен ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
125. Талапкер жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Талапкердің қолы» деген 13-секторға қол қояды. Қате толтырылған жағдайда талапкерге жаңа жауап парағы берілмейді.
126. Жауап парағының көшірмесі – талапкер өзінің жауаптарын белгілеп, тестілеуден кейін есептеуге арналған бланк.
127. Қызмет секторларын толтырып болған соң, кезекші № 1 отырғызу орнынан бастап сұрақ-кітапшаларын таратады.
128. Сұрақ-кітапшасы – талапкерге пәндер бойынша тест тапсырмалары жеткізілетін емтихан құжаты.
129. Сұрақ-кітапшалары таратылып болғаннан кейін, талапкерлер сұрақ-кітапшасындағы беттердің санын түгендейді. Егер, сұрақ- кітапшаның беті болмай немесе баспаханалық ақауы байқалған жағдайда, талапкер аудитория кезекшісін хабардар етеді.
130. Талапкер сұрақ-кітапшасындағы нұсқа нөмірін жауап парағына (сектор 4) көшіріп жазады және сұрақ-кітапшасының мұқабасын толтырады.
131. Жауап парағының қызмет секторларын және сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырып болғаннан кейін кезекші тақтаға емтиханныңбасталу және аяқталу уақытын жазады. Осы сәттен бастап сұрақтар қою және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тест тапсырмаларының жауаптарын белгілеу және жауап парағының көшірмесін толтыру таза тестілеу уақытына кіреді. Таза тестілеу уақыты – 150 минут (2,5 сағат).
132. Талапкер ережені бұзған жағдайда, кезекші бұл туралы Министрлік өкіліне хабарлайды және онымен қолданылатын шара туралы келіседі. Емтихан кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы талапкерлерге ескертіледі. Тестілеу уақыты аяқталған кезде, соңғы 5 талапкер аудиториядан бірге шығарылады.
133. Тестілеу кезінде аудиторияға кіруге тек қана Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасы ғана құқылы (Министрлік өкілінің бірге жүруімен ғана).
29. Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру
134. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ-кітапшалары әр талапкерден жеке-жеке қабылданады. Талапкер оларды кезекшіге жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.
135. Кезекші талапкердің жауап парағындағы барлық қажетті секторларын, сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырылуын тексереді.
136. Кезекші емтихан материалдарын конвертке және қорапқа салады. Бірнеше талапкерлермен бірге мемлекеттік комиссия отырған орынға жеткізеді.
Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
137. Кезекші Министрлік өкіліне акт бойынша: жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) салынған конвертті, отырғызу парағын, емтихан материалдарын ашу актісін, сұрақ-кітапшалары (пайдаланылған) салынған қорапты, рұқсаттама түбіртегі мен аудиториялық тізім тігілген папканы тапсырады.
30. Тестілеу нәтижелерін өңдеу
138. Талапкерлердің жауап парақтарын сканерден өткізу нұсқалар файлын алғаннан кейін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерден өткізу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болады. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтарының барлығы да сканерден өтеді6. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі рет сканерден өткізіледі.
_____________________________
6Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзғандығына байланысты шығарылған
талапкерлердің жауап парақтары мен бүлінген жауап парақтары (кейбір ерекше жағдайларда
осы нұсқаулықтың 37-қосымшасына сәйкес акт жасалынып жаңа жауап парақтарына ауыстырылған) сканерден өткізілмейді
2) Министрлік программисі сканерден өткізуді аяқтағаннан кейін, жауап парақтарын конвертке салады және осы нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес, жауап парағын сәйкестендіру хаттамасын береді.
3) Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерден өткізеді.
139. Егер жауап парағы:
1) осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;
2) ондағы ТЖК өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;
3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе автоматты сәйкестендірілген болып табылады;
140. Басқа жағдайда, жауап парағы сәйкестендіру хаттамасына түседі.
141. Егер жауап парағы:
1) осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;
2) ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;
3)комиссия нақты орынын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе көзбен шолып сәйкестендірілген болып табылады.
142. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына түседі.
143. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:
1) отырғызу парағы;
2) талапкерлердің жауап парақтары;
3) талапкерлердің сұрақ-кітапшалары;
4) жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қолданылады.
31. Жауап парақтарын сәйкестендіру
144. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін талапкерлер туралы барлық қажетті мәліметтерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:
1) жоғарғы кестеден әрбір талапкер үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;
2) төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін талапкерге тиісті мәліметтерді қарап белгілейді.
145. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ-кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларқа сәйкес сұрақ-кітапшалары іріктеліп алынады.
146. Әрбір жауап парағы тиісті сұрақ-кітапшасының ішіне салынады және сұрақ-кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірі жазылады.
147. Салынған жауап парағы мен сұрақ-кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынады.
148. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін талапкердің аты-жөні бойынша оған тиісті жауап парағын табылады. Содан соң «Жауап парағының №» деген бағ анға оның нөмірі жазылады.
149. Төменгі кестемен жұмыс. Талапкер жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген секторлар қою сызықпен қоршалған:
1) аты-жөнін сәйкестендіру үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағын алып, ондағы талапкердің қолымен жазылған аты-жөні «Жауап парағындағы аты-жөні» бағанына түсіріледі.
2) ТЖК коды мен орын нөмірін сәйкестендіру үшін отырғызу парағын алып, ондағы осы талапкердің аты-жөні мен оған тиісті ТЖК кодын тауып, «ТЖК дұрыс коды» бағанына және сұрақ-кітапшасынан оның орнының нөмірін анықталып «Дұрыс орнының №» бағанына жазылады.
3) нұсқаны сәйкестендіру үшін осы талапкердің сұрақ-кітапшасын алып, ондағы нұсқаны «сұрақ-кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанына түсіріледі.
4) таңдауы бойынша пәнді сәйкестендіру үшін талапкердің сұрақ кітапшасын алынып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің аты «сұрақ кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазылады.
150. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына «Түзетілсін» деп жазылады.
151. Егер аудиторияға талапкер қосымша отырғызылса, оның аты-жөні осы аудитория үшін бөлінген талапкерлердің тізімінен табылмайды. Сондықтан талапкердің аты-жөні жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріліп, бұл талапкер қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді де, «Шешім» деген бағанына «Қосымша отырғызылған» деп жазылады.
152. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы анықталса, бұл талапкердің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосінде көрсетілмейді. «Шешім» деген бағанына «Бөтен жауап парағы» деп жазылады.
153. Егер бір аудиторияға бөлінген нұсқалардың ішінен бірдей нұсқалардың саны көп болып кеткен жағдайда, осы нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес нұсқалар сәйкестендіріледі.
154. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін Министрлік программисіне беріледі, содан кейін жауап парағын сәйкестендіру хаттамасының соңғы нұсқасы беріледі.
155. «Министрлік программисі» АЖО-сында сәйкестендіру хаттамасын орындап болғаннан кейін, қалып қойған қателерді тапқан жағдайда, жауап парақтары осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес қайта сәйкестендіріледі. Қайта сәйкестендіру ҰТО-мен келісіп, пароль алғаннан кейін ғана іске асырылады.
156. Қайта сәйкестендіру мынадай жағдайлар кездескенде ғана жүргізіледі:
1) ТЖК қате түзетілген;
2) нұсқа қате түзетілген;
3) таңдау пәні қате түзетілген.
157. Қайта сәйкестендіру - тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін талапкерлер туралы барлық қажетті мәліметтерді анықтау үшін жүргізіледі.
32. Дұрыс жауаптар кодын ашу және емтихан ведомостарын беру
158. Министрлік өкілі лектің сканерлеу файлын жібергеннен кейін жауап парақтарын сәйкестендіру процесінің аяқталғандығын ҰТО-ға хабарлайды.
159. ҰТО Министрлік өкіліне парольді айтып, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.
160. Дұрыс жауаптар коды файлын ашу жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД)өкілімен бірлесіп үш парольді: мемлекеттік комиссия төрағасының паролін, ҰҚКД өкілінің паролін, Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынған) ашу арқылы іске асырылады.
161. Дұрыс жауаптар коды екі данада басылады: біреуі - көпшіліктің назары үшін ілінеді, ал екіншісі - апелляциялық комиссияға беріледі.
162. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және базалық ЖОО-ның мөрімен расталған апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосы 4 данада басылып шығарылады:
1) бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;
2) екіншісі – Министрлік өкілі үшін;
3) үшіншісі – апелляцияциялық комиссия төрағасы үшін;
4) төртіншісі – базалық ЖОО-да қалады.
33. Апелляция өткізу
163. Апелляциялық комиссияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:
1) апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны және техникалықсебептер бойынша берілген өтініштерді қабылдау;
2) тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер
бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
3) апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;
4) апелляциялық комиссияның отырысы;
5) апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалықкомиссиямен байланыс жасау;
6) апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;
7) апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.
164. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:
1) талапкердің апелляция өтінішін тіркеу парағы;
2) апелляцияға берілген өтініштер тізілімі;
3) осы нұсқаулықтың 40-қосымшасына сәйкес талапкердің жауаптарын талдау картасы, жауап парағы және сұрақ-кітапшасы;
4) апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосы;
5) дұрыс жауаптар коды.
34. Апелляцияға өтініш қабылдау
165. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға өтініштер қабылдауды ұйымдастырады.
166. Талапкердің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі.
167. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтінішті пән оқытушылары, ал техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық хатшылар қабылдайды.
168. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді Министрлік программисі ДБ-ға енгізеді.
35. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық
169. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға осы нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес талапкерлердің жауаптарын талдау картасымен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін береді.
170. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның түпнұсқасындағы ақпараттың сәйкестігін бақылау үшін талапкерлердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.
171. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес акт бойынша:
1) апелляцияға өтініш берген талапкерлердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);
2) дұрыс жауаптар кодын;
3) апелляцияға өтініш берген талапкерлердің сұрақ-кітапшаларын;
4) талапкерлердің талдау карталарын;
5) талапкерлердің апелляцияға берген өтініштерін;
6) талапкерлерден апелляцияға берген өтініштердің тізілімін;
7) апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосін береді.
36. Апелляциялық комиссияның отырысы
172. Апелляциялық комиссия әр талапкермен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Талапкер апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
173. Жауаптарды талдау картасы талапкердің 4 пән бойынша нәтижелері көрсетілген 4 кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:
1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Талапкер апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;
2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;
3) үшінші жол талапкердің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;
4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.
37. Апелляция бойынша шешім қабылдау
174. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляция комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.
38. Тест тапсырмасының мазмұны бойынша шешім қабылдау
175. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
1) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
2) дұрыс жауабы болмаса;
3) бірнеше дұрыс жауабы болса.
176. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 42-қосымшасына сәйкес кестені апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссияға жібереді. Содан кейін апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияға жібереді. Республикалық комиссияның шешімі соңғы шешім болып саналады.
177. Егер талапкер өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.
39. Техникалық себептер бойынша шешім қабылдау
178. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
179. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Апелляция бойынша балл қосу туралы оң шешім қабылданған жағдайда ҰТО-мен келісіледі. Апелляция комиссиясының төрағасы ҰТО-ға балл қосылған талапкердің жауап парағы мен сұрақ-кітапшасын алып келеді.
40. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу
180. Апелляциялық комиссия өз шешімін сол апелляция берген өтініш парағында.
181. Шешімді ДБ-ға міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен Министрлік программисі енгізеді.
182. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.
183. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:
1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмеді);
2) жойылды (өтініш жойылды);
3) шешім қабылданды (апелляция қаралды және шешім қабылданды) мағыналарының бірі жазылса ғана жабылады.
41. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару
184. Программист апелляция жабылғаннан кейін:
1) осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;
2) осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;
3) ТКТ қорытындысының емтихан ведомосін (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады да, оларды базалық ЖОО-ның мөрімен растайды.
185. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі базалық ЖОО-ның іс қағаздарына тіркеледі.
186. Хаттамаға аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.
187. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бергеннен кейін Министрлік программисі ағымдағы лекті жабады.
42. Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы
188. Жұмыс аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес акт бойынша: жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ-кітапшаларын береді.
189. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады.
190. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:
1) апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын;
2) апелляцияға өтініштерді;
3)апелляция бойынша балл қосылған талапкерлердің сұрақ-кітапшаларын;
4) апелляцияға қатысқан талапкерлердің жауап парақтарының көшірмесін;
5) апелляцияға қатысқан талапкерлердің жауаптарын талдау карталарын;
6) апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);
7) әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысыныңхаттамасын;
8) апелляцияны есепке алғандағы ТКТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркейді.
191. Апелляциялық комиссияның есебі осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады.
43. Сертификаттарды дайындау және беру
192. Апелляция аяқталғаннан кейін Министрлік программисі
сертификаттар файлын құрады.
193. Сертификаттарды басып шығару үшін, екінші басқа компьютерге «Сертификат» АЖО-сы орнатылады. «Сертификат» АЖО-сында сертификаттардың баспаханалық нөмірін автоматты түрде енгізетін арнаулы интерфейс қарастырылған.
194. Министрлік программисі:
1) сертификаттардың баспаханалық нөмірлерін ДБ-ға енгізеді және басып шығарады;
2) сертификаттарды тарату тізілімін басып шығарады.
195. Министрлік программисі нөмірлері қойылған сертификаттар файлын құрып, оны телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.
196. Дайын болған сертификаттарға мемлекеттік комиссияның төрағасы мен Министрлік өкілі қолын қойып, базалық ЖОО-ның мөрін басады.
197. Сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізіліміндегі мәліметтерді емтихан ведомосымен салыстырғаннан кейін, Министрлік өкілі тізілімнің әрбір парағына қол қояды.
198. Дайын болған сертификаттар мен сертификаттарды беру тізілімін Министрлік өкілі базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.
199. Тестілеу аяқталғаннан кейін желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы базалық ЖОО-ның жауапты хатшысынан сертификаттарды және сертификаттарды беру тізілімін алады.
200. Сертификаттар техникалық хатшыға тестілеу аяқталғаннан соң үш күннен кейін беріледі: яғни 1-күні – ТКТ, 2-күні – апелляция, 3-күні - сертификаттарды даярлау және мөр қою, 4-күні – сертификаттарды беру.
201. Талапкерлерге сертификаттар желілік ЖОО-да беріледі және сертификаттарды тарату тізіліміне талапкерлер қолдарын қояды.
202. Сертификаттарды беру аяқталғаннан соң, сертификаттарды тарату тізілімі базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына жеткізіледі және тапсырылады.
44. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп
203. Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Министрлік өкілі, апелляциялық комиссияның төрағасы мен Министрлік программисі ҰТО-ға атқарған жұмыстары туралы берілген үлгіде осы нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес жазбаша есеп береді.
204. ТКТ-ның барлық кезеңі аяқталғаннан кейін, қорытынды статистикалық мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.28 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
К-11 нысан
Базалық ЖОО _____________________
Рұқсаттама
Аты-жөні
ТЖК
Жеке куәлік
№
Азаматтығы:
Ұлты:
Жынысы: Емтихан тапсыру тілі:
Тестілеу өту орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат:
Телефон:
Тестілеу мерзімі:
Лек:
Аудитория:
Орын:
Жауапты хатшының қолы:
Талапкердің қолы:
|
Талапкерлерді кешенді тестілеу кезінде аудиторияда тәртіп сақтау ережесі
Кешенді тестілеу кезінде талапкерге:
1. Аудиториядан рұқсатсыз және кезекшінің алып жүруінсіз шығуға;
2. Орын ауыстыруға;
3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
4. Тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға;
5. Ақпараттық мәліметтер, электрондық жазба кітапшаларын, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді.
Егер, тестілеу уақытында талапкерден шпаргалка, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефон және т.б.) табылса, Министрлік өкілі және аудитория кезекшісі талапкердің қатысуымен "Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған талапкерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акт" жасайды. Министрлік өкілінің шешімімен талапкер аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі жойылады.
Тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда, оның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.
Талапкердің қолы______________ Күні______________
|
кесу сызығы
|
Базалық ЖОО _____________________
Рұқсаттама
Аты-жөні
ТЖК
Жеке куәлік
№
Азаматтығы:
Ұлты:
Жынысы: Емтихан тапсыру тілі:
Тестілеу өту орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат:
Телефон:
Тестілеу мерзімі:
Лек:
Аудитория:
Орын:
Жауапты хатшының қолы:
Талапкердің қолы:
|
Талапкерлерді кешенді тестілеу кезінде аудиторияда тәртіп сақтау ережесі
Кешенді тестілеу кезінде талапкерге:
1. Аудиториядан рұқсатсыз және кезекшінің алып жүруінсіз шығуға;
2. Орын ауыстыруға;
3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
4. Тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға;
5. Ақпараттық мәліметтер, электрондық жазба кітапшаларын, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді.
Егер, тестілеу уақытында талапкерден шпаргалка, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефон және т.б.) табылса, Министрлік өкілі және аудитория кезекшісі талапкердің қатысуымен "Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған талапкерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акт" жасайды. Министрлік өкілінің шешімімен талапкер аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі жойылады.
Тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда, оның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.
Талапкердің қолы______________ Күні______________
|
Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша
К-12 нысан
Рұқсаттаманы тарату тізілімі
ЖОО ______________________________________________
(коды) (атауы)
Техникалық хатшы _____________________________________
(коды) (аты-жөні)
Мерзімі:________
№
|
ТЖК
|
Аты-жөні
|
Құжатының түрі және нөмірі
|
Туған жылы
|
Азаматығы
|
Ұлты
|
Жынысы
|
Емтихан тапсыру тілі
|
Білім туралы мәлімет
|
Ескерту
|
Оқу орнының түрі
|
Облыс
|
Аудан
|
Оқу орны
|
Бітірген жылы
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық хатшының қолы________ Жауапты хатшының қолы________
Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша
К-04 нысан
Өтініштерді тіркеу журналы
ЖОО______________________________________________
(коды) (атауы)
Техникалық хатшы_________________________________
(коды) (аты-жөні)
№
|
ТЖК
|
Аты-жөні
|
Мекен-жайы
|
Құжаттар тізімі
|
Талапкердің қолы,мерзімі
|
Сканерлеу нәтижесі
|
Құжаттарды қайтару кезіндегі талапкердің қолы
|
ДБ енгізілді
|
Өзгертілді
|
Жойылды
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық хатшы қолы______ __________ Жауапты хатшы______ _______
(қолы) (аты-жөні) (қолы) (аты-жөні)
Ескерту: "№" және "ТЖК" бағандары журналды басып шығару кезінде беріледі.Қалған бағандарды техникалық хатшы толтырады.
"Сканерлеу нәтижесі" бағаны "Өтініш бланкілерін сканерлеу есебін" алғанан кейін толтырылады.
Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 4-қосымша
К-19 нысан
Дұрыс жауаптар коды
Нұсқа: _____
|
Сұрақтар нөмірі
|
1 ЛЕК
19.07.2011
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
Қазақ тілі
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
Орыс тілі
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
Қазақстан тарихы
|
С
|
С
|
С
|
С
|
С
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Математика
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
Физика
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Химия
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Биология
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
География
|
С
|
С
|
С
|
С
|
С
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Дүниежүзі тарихы
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
Қазақ әдебиеті
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Ағылшын тілі
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Неміс тілі
|
A
|
A
|
B
|
B
|
C
|
C
|
D
|
D
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
A
|
A
|
A
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
Француз тілі
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
нұсқаулыққа 5-қосымша
К-21 нысан
Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша емтихан ведомосі
Достарыңызбен бөлісу: |