6 Дәріс. Далалдық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Координаталарды есептеу ведомосы. Теодолиттік түсірістің далалық өлшеулерін камералдық өңдеу. Ситуацияларды түсіру.
Дәрістің мазмұны: Теодолиттік түсірістегі камералдық жұмыстар есептеулері және сызу жұмыстарын үйрену
Теодолиттік түсірістегі камералдық жұмыстар есептеулер мен сызу жұмыстарынан тұрады. Есептеулер нәтижесінде пункттердің координаталары анықталып , ал графикалық жұмыстар арқылы белгіленген масштабта теодолиттік түсірістердің планы жасалынады.
Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары өзара келесідей түрлерге бөлінеді
өлшенген бұрыштарды өңдеу;
дирекциондық бұрыштарды есептеу;
өлшенген ұзындықтардың горизонталь проекцияларын есептеу;
координаттар өсімшелерін есептеу;
пункттердің координаталарын есептеу.
Осы айтылған есептеулер арнайы ведомоста жүргізіледі. Тұйықталған және тұйықталмаған полигондар пункттерінің координаталарын есептеудің ерекшеліктері бар. Оларға екі бөлек тоқталу керек.
Әдебиет және ресурстар
1. Нұрпейісова, М.Б.. Геодезия.- Астана, 2010
2. Геодезия: оқулық / Маржан Байсанқызы Нұрпейісова.- Астана: Фолиант, 2010.- 280, [8] б.- (Кәсіптік білім.).
3. Атымтаев, Б.Б.. Инженерлік геодезия.- А., 2005.
4. Геодезия негіздері: оқу құралы / Зейнеп Қадырбекқызы Сәрсембекова; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2013.- 133, [1] б
5. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негіздері. А., 1993
6. Пентаев, Т.П.. Инженерлік геодезия.- Алматы, 2002
7. Савиных В.П., Бородко А.В. Геодезия, картография, геоинформатика, кадастр: Энциклопедия. В 2–х т. – М.: Геодезкартиздат, южное АГП, 2008. – 960 с.
Достарыңызбен бөлісу: |