Сабақ жоспары №11
Сыныбы: 5«А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г», 5 «Д», 5«Е»
Сабақтың тақырыбы: Нысандарды іздеу. Нысандарды көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
І. Оқушыларды ұйымдастыру:
1. сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2. оқушылардың сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сұрақтар:
Файлдық жүйенің негізгі нысандарын атаңдар
Файл дегеніміз не?
Жарлық дегеніміз не?
Бума дегеніміз не?
Файлдық жүйе деп нені айтамыз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Оқушылар нысанды көшіруді, жылжытуды, файл атын өзгертуді және өшіруді білуі мүмкін. Онда проблемалық сұрақтарға жауап береді.
Нысанды қалай көшіреміз?
Нысандарды қалай жылжытамыз?
Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?
Егер де бұл сұрақтарға жауап бере алмасақ онда осы сұраққа жауап табамыз.
Компьютерде жұмыс істеу барысында (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) мынадай амалдар қолданылады.
көшіру
орын алмастыру
жою
атын алмастыру
Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді. Мысалы, файлдар тобын көшіру керек.
Ол үшін не істейміз.
Нысанды белгілеп аламыз.
Тышқанның оң жақ батырмасын басамыз.
Копировать командасын береміз.
Терезені таңдап, тышқанның оң батырмасын басамыз.
Келесі терезені ашып Вставить береміз.
Жұмыс орындалды.
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Нысандарды көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Нысандарды жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:
Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.
Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.
Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.
Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Нысандарды жабық бумаға көшіру және жылжыту
Нысандарды басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.
Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту
Нысандарды жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.
Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.
Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.
Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.
Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.
Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.
Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.
Копировать Вырезать және Вставить командаларын
пернетақтаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl+C,
қиып алу үшін Ctrl+X, қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl+V
пернелерін басып шақыруға болады.
Бумалардың , файлдардың немесе жарлықтардың аттарын өзгерту
Нысандардың аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
Нысанды белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, жанама менюден Переименовать командасын орындау
Белгіленген нысанның бума терезесінің мәзіріндегі Файл – Переименовать командасын орындау
Нысанды белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
Нысанды белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу
Бумаларды, файлдар мен жарлықтарды жою
Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу
2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу
3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу
4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару
Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.
ІV. Тапсырмаларды орындау
Деңгейлі тапсырмаларды орындау
V. Сабақты бекіту сұрақтары:
Нысандарды көшіру мен жылжыту дегеніміз не?
Нысандарды көшірудің қандай жолдары бар?
Нысандарды жылжыту әрекеті қалай орындалады?
Алмасу буфері дегеніміз не?
Нысандарды жоюдың қандай жолдары бар?
Үй тапсырмасы
Тест тапсырмасы
Достарыңызбен бөлісу: |