Абберация мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы



бет37/101
Дата07.02.2022
өлшемі4,51 Mb.
#85632
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Байланысты:
0566f4a8-dcc3-11e5-bf37-f6d299da70ee03

Рибосомалық РНҚ. Рибосомалық РНҚ негізінен ядрошықта синтезделіп, РНҚ жасушаларының 85-90% тұрады. Белоктар комплекісінде олар рибосома құрамына кіреді және белок биосинтезінде аминқышқылдар арасындағы пептидтік байланыс синтезін жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, рибосома – бұл мәтіндерді ДНҚ мен РНҚ-ның нуклеотидтік тілінен белоктардың аминқышқылдық тіліне аударатын молекулалық машина.
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы. Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас белік ретінде - рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады (тимин болмайды). РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның әрбір молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша цитоплазмасында болады.
Әрбір тізбек кәдімгі полинуклеотид болып саналады, онда нуклеотидтер фосфор қышқылының қалдықтары арқылы өзара байланысқан. Сол себептен қос тізбекті спиральдың ішінде азот негіздері орналасады. Углевод пен фосфат топтары спиральдың сыртына орналасады.Тізбектер комплементарлы болып келетіндіктен, тізбектердің біріндегі негіздердің орналасу реті әр түрлі болуы мүмкін, бірақ екінші тізбектегі негіздердің орналасу реті бірінші тізбектегі негіздердің орналасу ретіне сәйкес келуі тиіс. Бір тізбектегі аденин екінші тізбектегі тиминмен, гуанин цитозинмен байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет