«A,B,C» әдісі А: математика пәнінің дамуы неше кезеңнен тұрады
В: математика пәнінің 4 кезеңнен тұрады, олар:
Математиканың тууы
Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі.
Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі.
Қазіргі математика кезеңі.
С: Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б.) қалыптасады.
Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.
Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б.
Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады
«Аквариум» әдісі Сұрақ: -Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттерін ата Жауап: 1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;
2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;
3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
Сұрақ: -Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер қандай? Жауап: 1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;
2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.
Сұрақ: -математиканы оқыту методикасы қандай сұрақтарға жауап іздейді? Жауап: а) Математиканы неге оқытады?
ә) Математикадан нені алып оқытады?
б) Математиканы қалай оқытады?