Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сəуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы,
Малдыбай ауылында дүниеге келген.
Найман
тайпасы
Төртуыл
руынан шыққан.
Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шəуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай
үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі
ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар
аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып
өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған
оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ əдебиеті» газетінде (1965–1967),
«Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981)
жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Жазушының əдеби қызметі Шəуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954
жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды
əңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дəурен» деген атпен жеке жинақ
болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып
барады» атты алғашқы əңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы
жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген əңгіме, хикаяттар, он шақты
роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан
тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары
Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы
М.Əуезов атындағы əдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы
Мемлекеттік сыйлық берілді.
Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері (өмірбаяны хронологиялық кесте арқылы) толтыр
азушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі
алдыбай бұлағының бойында дүниеге келдіжазушы, Қазақстанның
лық жазушысы.
əкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
əуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
əуешек гимназиясында оқыды.
рімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш
гімесі басылды
ытай үкіметінің
жолдауымен Алматыға келіп
, Қазақ мемлекеттік
иверситетінің физика факультетінде оқыды.
ытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
ынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға
йтып оралды.
лматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік
иверситетін бітіріп шықты.
імен тағдырлас Самал Əукенқызына үйленді.
Қазақ əдебиеті» газетінде қызмет істеді.
Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
емлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
ңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Əуезов атындағы əдеби сыйлық
рілді.
азушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын
алап қайтты
Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы
Мемлекеттік
йлық берілді
азушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы
лтанатпен атап өтті.
резидент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке
Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
1.Əңгімені байыптап оқып шығу.
2.Əңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.
Мəтін жоспары.
3.
Қонаққа бару.
3.
Қонақта.
3.
Қызық əңгіме.
3.
Майданға ат апару.
3.
Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
3.
Қозыкүреңнің елге оралуы.
3.
Қозыкүреңді арулап көму.
3.
Сыйлық.
Əр бөлімді оқушылар мазмұндап, мəтіннен тауып оқиды. Мəтінді дəптерлеріне жазып, ұнаған бөлімге «+»
белгісін қояды.
Кейіпкерлер:
Кейіпкерлер
Төреқұл –ұлты қырғыз. (Ағыбайдың досы)
Ағыбай –ұлты қазақ (Төреқұлдың досы) мінгені Жалдас торы ат
Ағыбайдың əйелі- Күлайша апа.Басына көптен ұсталмаған аппақ шатырдай кимешек
шаршысын тартқан, қоңыр ат
Ағыбайдың баласы- Ержан. Ақалтеке шатыс, ойнақтаған қаракер бесті.
Ержанның інісі Ерқанат
.Үйретілген жүрдек құнан
Қысқаша мазмұны.
Бір ененің емшегін таласып емген егіз қозыдай қазақ пен қырғыз
ежелден-ақ дос. Ұзынбұлақтың басында отырған қырғыз досы Төреқұлға
қонаққа Ағыбай өз отбасымен келеді. Үстілеріне сəнді киімдерін
киіп,астыларына бір -бір аттан мінген Ағыбайлар Төреқұлдың үйінде
қонақта болады.Қырық жылдан бері дəм-тұзы тату,дос,бауыр болып
кеткен ата жолдас. Бұларды былай қойғанда əкелері дос болған кісілер.
Сонау отызыншы жылдардың басында үй ішімен қырғыз асып барып,
күнгей бетте бір жылдай қыстап
тұрып бір нанды бөлісіп жеп
, араларынан
қыл үзілместей тату дос болған. «Ашаршылықта жеген құйқаның дəмі
кетпес» -деп Төреқұлдың əкесі Ералыны Ағыбайдың əкесі Жұмақан
жақсы танитын кісілер болыпты.
Сөйтіп Төреқұлдың үйіне ағыбайлар қонаққа келгеннен соң,
денсаулық-саулық сұрасқаннан соң Ағыбай өз балаларын Төреқұлдың
үйішіне бір таныстырып өтеді. Бұрын бұл жерді көрмеген, бірінші рет
келіп отырған Ержан ауызы ашылып,Төреқұлмен Ағыбайдың əңгімесін
тыңдап таң қалып таңдай қағады.
Содан Ағыбай мен Төреқұл бастаған бір топ адамдар үй сыртындағы
тепсеңге текемет жайдырып, əңгіме дүкен құрады. Бұл жердегі
адамдардың бəрінің бір ортақ тақырыптағы əңгімесі ат,жылқы жайлы еді.
Əңгімеден –əңгіме шығып кезек сөз Төреқұлға келеді. Төреқұл
өзінің
басынан өткерген
, өмірде болған Қозыкүрең əңгімесін отырған бір топ
кісіге əңгімелеп береді.
1942 жылдың жазы.Ұлы Отан соғысына біз он шақты кісі қырғыз елінен
майданға ат апаратын болдық .Ішімізде байырғы жылқышылар да,
майдандағы жастардың орнына келген жəй қарттар да, көпті көрген қарт
жылқышы Саяқбайда бар. Ат-айғыры аралас 1000 сəйгүлікті вагонға тиеп,
қазақ даласын қақ жарып, Орал қаласынан өткен соң, жылқыны вагоннан
түсірген соң,даламен жаяу айдауға тура келгенін айтады. Бет алдымыз
–қалмақ даласы .
Еділден паром арқылы өтіп
, Сталинград майданына
жеткізу туралы бұйрықты орындау болды. Қысқасы сол жылқылардың
ішінде «Қызыл байрақ» колхозынан алынған «Қозыкүрең» болды. Жасы
8-10 шамасында. Сол «Қозыкүреңді» саяқбай қарт байқап қалып
жігіттерге өз туған жеріне қашып кететіні туралы айтады.бұған
қасындағы жігіттер сенбей күліп 2000 шақырымды ресей жерінен қырғыз
жеріне қозыкүреңнің қашатынына сенбейді. Содан айтқаны айдай келіп
Қозыкүрең ұстатпай топ жылқының ішінен бөлініп, өз туған
жеріне,батыстан шығысқа қарай тартып отырады. Қозыкүреңді ұстай
алмай сол күйі далаға жіберіп қойады.Бұйрықты орындап, майдан
даласына тапсырып, елге жарты ай дегенде қайтады. Қайтып келсе сол
ізбен баяғы қашып кеткен қозыкүрең де оралады. Төрт аяғы зорығып,
аяқтарына бірдей қан түскені белгілі болады. Қанша ем жасаса да қонбай
сол жерде қозыкүрең қайтыс болады. Бұдан соң Төреқұлмен Саяқбай сол
жылқыны арулап көміп жер қойнына тапсырады. Əңгімені естіп
отырғандардың барлығы іштен жүрегі езіліп,жылап алысады. Əрі қарай
қонаққа келген Ағыбайлар өз еліне уақыттың тығыздығына байланысты
қайтуға бел буады.Төреқүұл Келген қонақтарға «Қоянкөкті мінгізіп
шығарып салумен аяқталады.
«Шығарма мазмұны композициясы».
1
Оқиғаның басталуы
2
Оқиғаның
байланысы.
3
Оқиғаның дамуы.
4
Оқиғаның шиеленісуі
5
Оқиғаның шарықтау
шегі.
6
Оқиға шешімі.
IV. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
●
Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мəн берді?
●
Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?
●
Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?
●
Əңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
●
Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған əрекетін, жануарды арулап көмуін қалай
түсінуге болады?
●
«Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге
болады?
Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мəтінен тауып оқу.
Қозыкүреңге байланысты Төреқұл əңгімесін мазмұндау.
Əңгімедегі Қозыкүреңнің өзін –
өзі жаратып
, дайындалуын тауып оқу.
Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.
Əңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.
Əңгімеден теңеу сөздерді табу.
VІ. Ой толғаныс. Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)
1.
Ақалтеке
–
2. Бесті –
3. Қу мүйіз –
4. Өрелеу —
Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы
Бес жастағы жылқы
Көп нəрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре
(шідер) салу.
Венн диаграммасы
Шалқұйрық
Достарыңызбен бөлісу: |