Абдигалиева



бет9/60
Дата28.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#182861
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
МНИ КО

Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау

Ғылыми-зерттеу жұмысын бағыттарға, мәселелерге және тақырыптарға бөліп қарастырады.


Ғылыми бағыт– ғылымның белгілі бір саласындағы қандай да бір ірі, іргелі теориялық-эксперименталдық міндеттерді шешуге арналған ғылыми ұжымның ғылыми зерттеу саласы.
Мәселе- зерттеудің маңызды саласын қамтитын және перспективті маңызы бар күрделі ғылыми міндет. Мәселе бірқатар тақырыптардан тұрады.
Тақырып– ғылыми зерттеудің белгілі бір саласын қамтитын ғылыми міндет. Ол белгілі бір ғылыми мәселелерге негізделеді.
Ғылыми сұрақтар деп ғылыми зерттеудің нақты саласына қатысты ұсақ ғылыми міндеттерді түсінуге болады.
Мәселелерді немесе тақырыптарды қою (таңдау) қиын болып табылады, әрі ол жауапты міндет және бірқатар сәттерді қамтиды.
Мәселені (проблеманы) қалыптастыру.

  • Мәселе ескі білімнің күші қабілетті емес, ал жаңасы туындаған сұрақтарға жауап беру үшін әлі дамымаған кезде туындайды.

  • Ғылымдағы мәселе – бұл өз шешімін талап ететін даулы жағдай.

  • Мәселенің дұрыс тұжырымдалуы – бұл табыстың жартысы, өйткені бұл ең бастысын басқасынан ажырата білу және зерттеу тақырыбы бойынша белгісіз нәрседен белгілі нәрселерді бөлу, ал бұл іздеу стратегиясын анықтайды.

  • Зерттелетін бағыттың қарама-қайшылықтарын талдау негізінде негізгі сұрақ – мәселені тұжырымдайды және жалпы ерекшелікте күтілетін нәтижені анықтайды.

Мәселенің құрылымын әзірлеу:

  • мәселені тақырыпқа, тақырыпшаға, сұрақтарға бөледі;

  • олардың әрбірінің осы компоненттері бойынша болжанған саласы мен алдағы зерттеулерінің көлемін анықтайды.

Тақырыптардың өзектілігін анықтау – ғылым мен техниканың өрлеуі үшін олардың қазіргі кездегі құндылығы. Зерттеудің өзектілігі - бұл зерттеуді неге дәл қазір жүргізу керек деген сұраққа жауап.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы болуы тиіс.Бұл:

    • мұндай тақырып ешқашан әзірленбеген және қазіргі уақытта тақырып басқа бір тұлға арқылы әзірленбеуде, яғни қайталанбаған дегенді білдіреді.

    • ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау кезінде жаңашылдық инженерлік емес, яғни ғылыми тұрғыдан жаңа болуы тиіс.

    • егер жаңа міндет әзірленсе де, тіпті ашық заңдылықтар негізінде де бұл ғылыми әзірлемелер емес, инженерлік сала болып табылады.

Тақырып экономикалық тиімді болуы тиіс.
Бұл ғылыми зерттеу нәтижесінде ұсынылған шешімдер қолданыстағы шешімдерден тиімдірек болуы тиіс дегенді білдіреді.
Тақырып практикалық маңызды болуы тиіс.
Практикалық мәнділік өндірісте де, аралас немесе пәнаралық зерттеулерде де өзекті мәселелер мен міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен анықталады.
Мысалы, молекулалық биология әдістерімен ақуыздың кеңістіктік құрылымы мен аминқышқыл тізбегінің мағынасын ашу осы ақпаратты инженерлік энзимологиядағы жаңа ферментативтік технологияларды жобалауда пайдалану үшін практикалық маңызы бар.
Тақырып ғылыми ұжымның (ұйымның) ғылыми бағытына сәйкес болуы
тиіс.
«Инновация» ұғымы. Инновация сөзін қазақтың «тапқырлық»,
«жаңалық»сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша
«Innovation» ұғымы ғылым техникалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділігі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, қысқа мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді. Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Инновация ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған
сайын инновацияны арнайы жоспарлау, оны мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез келген адам ізденістің бір деңгейінде тұрып қалса, онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны «Инновация тығырығы» деп атаған (The Innovator's Dilemma).Заманауи өзгерістің толассыз туылуына, және өзгеріс кезеңінің уақытықысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты. Ақпараттық технологияның біртіндеп өзекті болуына орай әрбір адамды негіз еткен, әлеуметтік белсенділікті сахна еткен, ортақ жасампаздықпен шұғылдану мен жаңалық ашуды ерекшелік еткен инновациялық қоғам қалыптасу үстінде және ол осы салада табысты жұмыс жасаған халықтарға әлемнің дамыған елдері қатарына көтерілуге мүмкіндік берді.
Нағыз «Байлық» инновациядан алынады. Қанша мол табиғи байлық болса да, адам қанша көп болса да бәрібір, егер инновациялық ізденіс пен даму болмаса, ондай ел кедей, мешеу күйден шыға алмайды. Инновация жетелеген өндірістік даму қоғамдық байлық дамуының бірден-бір себебі екені тайға басылған таңбадай айқын. Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының көзі жетіп келеді. Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы тағы бір мәселе. Кей елдердің, мысалы Қазақстанның инновациялық жасампаздық қуаты жоғары болғанымен, Советтен Үкіметінен қалған жүйенің шектемесінде, белсенділіктің тапшылығында, өмірдің жансыздығында көптеген жақсы жаңалықтар мида ауызда, кітаптар арасында, сөреде тозып қалып жататыны жасырын емес. Бұл инновацияға ден қоюды, оны тұрмысқа, өндіріске бағыттауды негізгі міндет етпесе, халықтың миы алтын болса да, онысы олардың тұрмыс деңгейін көтеруге септеспейтінін көрсетеді.
Қарапайым мағынада айтсақ, егер әлдебір өзгертулер, тапқырлықтар, жаңалықтар қоғамда жалпы қолданыла бастаса, онда ол жаңалық ашудың шындап толық іске асқанын көрсетеді. Көптеген салаларда заттар мен әдістерге жасалған жаңалық өмірде белгілі бір мағынаға ие болса, ол өмірдің көптеген салаларында өзгерістерге ықпал ете бастайды. Әсіресе өнердегі, экономикадағы, сауда мен саясаттағы өзгерістердің халық пен елге тиімділігі инновация негізінде деп есептеледі. Экономиканы алсақ, инновация экономикалық өсімді туғызады, заттың құнын арттырып, бағасын түсіруге көмектеседі, еңбек күштерінің сырап болмауына көмектеседі және қаражатты, материалды үнемдейді, жұмыс тәртібін жақсартады, уақыт шығынын азайтады.
Инновацияның мақсаты белсенді өзгерістерге таяр болу, тіпті де жақсысын жасап шығуға белсену. Ол өмірді кедейлік пен мешеуліктен құтқару үшін жасалған адам белсенділігінің ең жоғары көрінісі. Инновация ұғымы жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол бір өндіру мен қызмет көрсету
салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы деп те түсіндірілді.
Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс- әрекеттің басты функциясы-өзгерту функциясы болып табылады. Австрия ғалымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгертулерді бөліп көрсеткен:

  1. Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату);

  2. Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;

  3. Жаңа шикізат түрін пайдалану;

  4. Техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;

  5. Өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.

Кейінірек, 1930 жылдары, ол инновацияда тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізеді.
Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелі суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс-әрекет деп идеяларды ұластыру және оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі. Олар:

  1. Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде;

  2. Нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтерде.

Сонымен «Инновация» бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің атап айтқанда техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейіне қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгертуге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады деген.

Бақылау сұрақтары:





  1. Ғылым және ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы түсінігіңіз қандай?

  2. Ғылымның салаларын атаңыз.

  3. Ғылымның даму кезеңдері қандай?

  4. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  5. Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары қандай топтарға жіктеледі?

  6. Таным теориясының деңгейлерін атаңыз.

  7. «Гипотеза» ұғымы жайлы түсінігіңіз қандай?

  8. Ғылыми бағыт және ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау қалай жүзеге асады?

  9. «Инновация» ұғымын қалай түсінесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет