Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


«Фольклорлық прозадан ілкі мәтіндер қолданудағы авторлық



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

«Фольклорлық прозадан ілкі мәтіндер қолданудағы авторлық 
модальділік»
және
 «Фольклорлық поэззиядан ілкі мәтіндер қолданудағы 
авторлық модальділік» 
атты тараушаларда
 
автор ұстанымын

идеясын 
түсінуге
 
қызмет еткен, қаламгердің айтпақ ойын қозғауға түрткі болған ІМ 
талданды. Кестелер арқылы қазіргі кӛркем шығармаларда жиі қолданылатын 
ілкі мәтіндер топтамасы берілді. Қазіргі кӛркем шығармалардағы бір ілкі 
есімнің немесе ілкі айтылыстың, ілкі жағдаяттың бірнеше автор тарапынан ӛз 
шығармаларында қолданылу аясы, қолданылуындағы ерекшеліктер мен 
ӛзара үндестік тауып жатқан тұстары қарастырылды. Қазіргі қолданыстағы 
кейбір ілкі мәтіннің семантикалық ӛрісі анықталды. Мысалы: 
«Барсакелмес» 
прецедентті мифотопонимі.
Шендестіру 


1. – Жүректерің алып-ұшып отыр, ал мен сендер Үшаралға жете 
алмайсыңдар ма деп уайымдаймын. Ауылмен қатынас кӛптен үзілген. Анау 
арнасы қаңсыған Аса ӛзеніндегі жалғыз қисық кӛпірді қыста қалың қар 
діңгегін солқылдатып, кӛктемгі тасқын түп қопарып, кәлам капут етті.
Үшарал қазір де былайғы дүниеден мүлдем бӛлініп, айдаладағы 
Барсакелмес
күйде жатыр» (Ж.Шағатай. Қандағаштың шоқ сырғасы, 87 б.) 
2. Бұлар сыртқа шықты. Темірлан Алматыны тұңғыш рет ӛз кӛзімен кӛрді. 
Үш жыл осында болды ғой, бірақ анау биік дуалдан ештеңе кӛрінбейді. 
Алматы ма, 
Барсакелмес пе
айырмасы жоқ. (Б. Сарыбай. Қараторғай, 28 б.) 
3. ... Мен, сіз ойлағандай, тып-тыныш, бейбіт жатқан арал емеспін. Одан гӛрі 
қауіптірек, құпия аралмын. Сондықтан, саяхатшы мырза, әдейілеп келсеңіз 
де, адасып келсеңіз де, қайтып кетер жол жоқ. Ӛйткені менің кӛңілімдегі арал 
– 
«Барсакелмес!»
(Н.Ораз. Түнгі жалғыздық, 23 б.) 
4. ... Кешір, сені бақытты ете алмадым
«Бақыт» деген жұлдызға жете алмадым. 
Сүйретіліп жаныңда ұзақ жүрдім, 
Ӛйткені сені қиып кете алмадым. 
... Абыройымның барында дұрыс шығар
Барсакелмес
 
аулына бет алғаным (Н.Келімбетов. Күншілдік, 214 б.) 
Ертегі мәтінінде бұл жайт былайша айтылады
:
- Жақсы, тақсыр! Жаманды шақыр! Біз оны Барсакелмеске жұмсайық! Сонда 
ол ӛлер.

Мысалдардан «Барсакелмес» мифтік топонимінің мифтік сипаттан 


шынайы сипатқа ие болғаны кӛрінеді. Қоғам шындығына ой жіберу 
«Барсакелмес» ІМ қолдану арқылы шешілген. «Барсакелмес» мифтік 
топонимі тӛмендегідей мағыналық ӛріс құрайды:
 
Фольклорлық қолданыстардың мән-мағынасын ашу арқылы ата- 
бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы
мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып-білуімізге болады 
десек, жұмыста келтірілген мысалдардан фольклорлық образдардың 
жаратылысты тануға, адамды, адамзат ӛмірін, тіршілігін, жан дүниесін, қо-
ғамдық қатынасын тануға, толық ашуға мүмкіндігінің зор екендігін кӛреміз. 
Жазушы ӛмірдегі шындықты кӛрсету үшін жаңа образдар сомдайды 
дегенімізбен, санада сіңіп, ғасырлар бойы ӛмір сүріп келе жатқан белгілі 
халықтық образдарды пайдаланудың тиімді тұстары баршылық. Бұл 
Барсакелмес 
Қараусыз қалған 
ауылдар
(1-2 мысалдар) 
Түрме 
(3-мысал) 
Кӛңілдестің үйі
(4-мысал) 
О дүние, ӛлім 
(5-мысал) 


образдарда адамның іс-әрекет, мінез-құлық қасиеттері жинақталған. Ол 
образдардың қасиеті ӛміршеңдігі мен танымдық әлеуетінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет