Пән/модуль сипаттамасы: Пәннің/модульдің мақсаты: білім алушыларда қарт және егде жастағы пациенттерде туындайтын мәселелерді өз бетінше шешу үшін геронтологиядағы мейірбикелік күтімді жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру туралы білімді қалыптастыру. Пәннің/модульдің міндеттері: • егде және қарт пациентті денсаулығының жағдайын бағалау туралы терең, жүйелі білім беру; • егде және қарт пациенттерге күтім көрсетуге қажетті теориялық және практикалық негіздерді оқыту; • қарттарға стационарда және үйде медициналық көмек көрсетудің принциптерін оқыту • кәсіби этика және гериатрия деонтологиясының принциптерін оқыту