Қалыптастырылатын құзіреттілік: Құзыреттер; 4-БҚ. Инновациялар: түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу. 4.1-БҚ. Креативтілік: түрлі міндеттер мен проблемаларды шешуді шығармашылықпен қарауға, жаңа жақсартылған шешімдерді табуға қабілетті. 4.2-БҚ. Инновациялық әлеуметтік өзара қарым-қатынас: түрлі мамандық, көзқарас және тәжірибе иелерінің командалық жұмысының нәтижесінде жаңа идеяларды ойлап табуға қабілетті. 4.3-БҚ. Заманауи технологияларды қолдану арқылы жақсарту: технологиялардың қажеттілігіне қажеттілікті айқындайды, басымдықтарды анықтайды, қызметінің нәтижелілігін және тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолданады, жоспарлайды және енгізеді. КҚ-2.Ғылыми көзқарас пен дәлелді мейіргерлік тәжірибе Ғылыми амал және дәлелді мейіргерлік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды. КҚ-2.1 Дәлелдемеге негізделген ақпаратты кіріктіру және шешімдер қабылдау: озық мейіргерлік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және медбикелік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды. КҚ-2.2 Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылық көрсетеді. КҚ-2.3 Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімді тарату: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады. 5-КҚ. Оқыту және басшылық: мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.
5.1-КҚ. Клиникалық контекстте емделушіні/клиентті/отбасын оқыту: денсаулықты сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін индивидумның /топтың/ отбасының жеке ресурстарын және олардың қажеттіліктерін анықтайды. Оқытудың жоспарын әзірлейді, жоспарға сай емделушіні олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін дербес мейіргерлік күтімді орындауға оқытады, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
5.2-КҚ. Үйретуші әдістер мен материалдар: емделушілердің қажеттіліктеріне сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жеке даралығына ықпал етіп, оқытудың және басшылықтың әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; үйретуші шаралардың тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде емделушіге/клиентке/отбасына арналған оқу-ақпараттық материалдар әзірлейді.