Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11А, 11Б сынып оқушыларының 2013-2014 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша аудандық байқау тестісінің мониторингісі
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2012-2013, 2013-2014 оқу жылындағы қазақ тілі пәні бойынша наурыз айындағы байқау тестісінің мониторингісі.
Өз іс-тәжірибемде қазақ тілінен тарау бойынша оқушылардың өздеріне тест сұрақтарын құрастыртып, үш жауаптан дайындатамын.
Тест жұмысын алу барысында оқушы белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін байқап, білімдегі олқылықты жою бағытында тапсырмалар жүйесін ұсынамын. Жіберілген кемшіліктерін уақытында түзетеп, келесі жазба жұмысында сол қатені жібермеуін қадағалап отырамын.
11- сынып оқушыларына арнап қазақ тілінен «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптерін арнадым. Әрбір тест алған соң, жекелеген оқушылардың қандай қателікке жол бергенін бақылып, «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптеріне жазып отырамын. Қате жіберілген тақырып бойынша қосымша жұмыстар жүргізіп, түрлі тапсырмалар орындатамын. Келесі тест алғанымда бұрын жіберген қатесін жоюын қадағалаймын.
Тақырыптық есеп жүргізу дәптерінің үлгісі.
Оқушының аты-жөні
|
Оқушы қандай қателікке жол береді?
|
Қатені жою үшін жүргізілетін жұмыстар
|
|
|
|
Үнемі әрбір тест нұсқалары бойынша талдау жұмысын жүргізіп отырамын.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмен балл жинаған оқушылармен мынадай жұмыстар жүргіземін:
Ереже жаттату
Жаттығу жұмыстарын жүргізу
Тапсырма орындау
Әр тест сұрақтарымен жұмыс
Меңгермеген тақырыпты қайталау
Оқушы қателескен тест сұрағын түсіндіру
Ереже сұрау
Емтихан алу
Қосымша сабақ өткізу
Логикалық тапсырмаларды орындату
Мониторинг жасау (көрсету)
Кемшілігін жоюға талпындару, жетістіктерін мадақтау
Бәсекелестік туындату
Оқушымен достық қарым-қатынас орнату
Бұл жолда ұстаз талмай, шаршамай, үздіксіз, уақытпен санаспай еңбек етуі қажет.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ дейтін болсақ, осы мақсатқа жету үшін әлі де көптеген жұмыстар істеуге тиіспіз. Сондықтан жаңа заманға лайықты білімді ұрпақ даярлауда аянбай еңбек ете берсек, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеріміз күмәнсіз.
Барлық ұстаздар қауымы білімді ұрпақ даярлауға атсалысайық демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |