Тақырыбы: «Дамыту ойындары»



бет1/62
Дата25.01.2017
өлшемі29,78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №28 балабақшасы МКҚК

ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ





Тәрбиеші: Бейбитова С.Т.

Тақырыбы:

«Дамыту ойындары»

Мақсаты :

Дамыту ойындары арқылы балаларды

мектепке дайындау

Міндеттері:

1.Балалардың қолының бұлшық еттерін, есте сақтау қабылеттерін, қиялын арттыру;

2.Тапсырмаларды орындату барысында балалардың зеійінін шоғырландыру және тұрақтандыру;

3.Балалардың қызығушылығын тудыра білу;

4.Кеністікте дұрыс және дәл бағдар ұстай білу қабылетін, икемдігін дамыту.

Күтілетін нәтиже :

1.Балалар ойын шартын айтып бере алады.

2.Деректі ойлап, тез шешім қабылдай алады.

Бағдарламаны құрастырушы:

Тараз қаласы әкімдігінің №28 балабақша

мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Бейбитова Салтанат Токтасыновна

Ғылыми жетекшілер:

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және акмеология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сматова Клара Бегалиевна

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Стыбаева Айгүль Шілдебайқызы

Түсінік хат

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас   
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың   
тағдыры ұстаздардың қолында» 
Н.Ә.Назарбаев

 

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы болса, екінші бесік – мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін, қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. «Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.



Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

Кәзіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу, үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке деінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан басталу керек, ал ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі, көбінесе мектепке дейінгі тәрбиеден басталады. Жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабылеттерін арттыруға ойындарының алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі – даму ойындары.

Бұл авторлық бағдарлама мектепалды даярлық топ балаларына арналып дайындалды. Бағдарламаның мақсаты –бала қолының бұлшық еттерін , есте сақтау қабылеттерін, қиялын дамытып, шығармашылығын ұштап, оны қалыптан тыс ойлауға үйрету. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі-түсті қарындаштар, ермексазбен, түйме, текшелер, қағаздармен ойналатын ойындар мен тапсырмалар таңдалып алынды. Ойындар мен тапсырмаларды қолдан құрастыруға, оны талдауға, жинақтауға, қиялдауға, әдемілікті түсінуге, салыстыруға, үйлестіруге, есте сақтауға үйретеді.

Ойын арқылы оқыту  технологиясының мақсаты - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекетінің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейдеп қана қоймай зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, тілін, жеке тұлғасың дамытуда және оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастырады. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын - әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.  Ойын шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауысу ұстанымдарына негізделген. Тапсырмаларды орындау барысында сіздер бұл жастағы балалар зейінін шоғырлануы мен тұрақтануы ұзаққа созылмайтын естен шығармауымыз тиіс. Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі: үлгілер түрінде, сурет,сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б.,сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады. Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді. Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада: жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген, сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:



  • Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;

  • Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;

  • Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан ары нәтижелі дамиды;

  • Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі, олар мәжбүрлікті көтермейді ,

бостандықтық және қуаныштықтық шығармашылыққа жағдай туғызады.

Ең басты мақсат – баланың қызығушылығын тудыра білу. Ойынның шарттарын түсіндіру керек және беру керек. Әрбір тапсырманы сәтті орындаған сайын мақтап, көтермелеп, қиялына қанат бітіріп отырса баланың қызығушылығы мен талпынысы оянады. Егер тапсырманы орындау барысында қателіктер кездесіп жатса, қай жерде, неліктен, қандай қате жібергенін және оны түзету жолын нақтылап көрсету керек. Сонымен бірге ойындар ұсақ нәрселермен ойналатын болғандықтан, балаға алдын–ала қауіпсіздік туралы кеңес беріп, сақтандырып отырған дұрыс.



Қорыта келіп айтатын болсам, аталған ойындар мен тапсырмаларды балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн деп санаймын. 


Дамыту ойындары

Барлығы: 32 сағат



Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Менің керемет есімім.Танысу

1

05.09

2

Біз не білеміз?

1

12.09

3

Мына суретте не жетіспейді?

1

19.09

4

Есіңе сақта және нүктелерді қойып шық.

1

26.09

5

10 сөз әдістемесі

1

03.10

6

Бұл жерде не артық?

1

10.10

7

Сандарды санайық

1

17.10

8

Кім тапқыр

1

24.10

9

Суретке қарап әңгіме құрастыр

1

31.10

10

Менің жанұям

1

07.11

11

Менің досым

1

14.11

12

«Керн Иерасек» тесті

1

21.11

13

Ойша суретпен саяхат

1

28.11

14

Кім тапқыр?

1

05.12

15

Есіңе сақта

1

12.12

16

Сиқырлы гүлдер

1

19.12

17

Бөліп ал

1

26.12

18

Аңдар қалай дыбыстайды?

1

09.01

19

Графикалық диктант

1

16.01

20

Зейінді бол

1

23.01

21

Боямақпен жұмыс

1

30.01

22

Мен... досыма тілек.

1

06.02

23

«Гүл шоғы» тренинг

1

13.02

24

Әңгіме сұхбат

1

20.02

25

Артығын тап

1

27.02

26

Кілемшені немен толтырамыз

1

13.03

27

Геометриялық фигуралар

1

27.03

28

Менің мінез құлқым.

1

03.04

29

Жағымды сезімдер

1

17.04

30

Мергендер.

1

24.04

31

Үстел үсті ойындары

1

15.05

32

Бауырсақ ертегісін сахналау

1

22.05

1







Суретте не жетіспейді? ойлан тап және суретті аяқта.
Нүктелерді дәл үлгідегідей етіп сал.
Суретті нүктелер бойынша қайталап сал.
Суретті торкөздер бойынша қайталап сал.
Мұнда қай жануар артық? неліктен? қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Бұлар ненің төлдері?
Суреттің әр бөлігінде қанша нүкте бар екенін сана, дұрыс жауап бойынша сәйкес бояуды таңда және суретті боя.
Бірдей екі құлынды тап.
Бірдей екі қозыны тап.
Суретке қарап әңгіме құрастыр және боя.
Отбасындағы сүйіспеншілік.
Достарыңа сыйлағыларың келетін сыйлықтың суретін салыңдар.
Ойша суретпен саяхат
Бірдей маркаларды сызықтармен қос.
Бірдей фигураларды бір түспен боя.
Сөздерді оқып шық және оларды сәйкес суреттермен
Жетіспейтін сынықтарды қоршап сыз.
Барлық бір сызықпен қос және сызық басқа фигураларға
Заттарды қосып, сөздерді оқы.
Суреттер бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
Бөліктерді (элементтерді) алдымен үзік сызықтар бойымен,
Сыбызғыларды бірдей ет және оларды боя.
Екі үйді мұқият қара. өзара 10 айырмашылығын тап.
Заңдылығын тауып, қатарды жалғастыр.
Менің кішкентай достарым.
Оқу құралдарын боя
Мұнда қайсысы артық?
Кілемшені бірдей ет
Пішінді толтыр
Барлық жолақтар бірдей болып шығатындай етіп, суретте жетіспей тұрған пішіндерді толықтырып сал және боя.

Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> 1 апреля Международный день птиц Работа ученицы 11 «б» класса Устарбековой Аиды Руководитель Гайдарова С. М
storage -> Конкурс «Ақ жол» новых талантов
storage -> Отчет о проведении 1 Республиканского конкурса корейской эстрадной песни
storage -> 1 Целевой раздел
storage -> Петр ильич чайковский
storage -> Тема магнитные свойства вещества
storage -> На 2015 год Белово 2014 содержани е


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62


©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет