Журнал «Справочник музыкального руководителя», №2 Февраль 2020
Қызықтырып оқыту
Наурыз – ұлыстың ұлы күні!
Л. Н. Тимошенко, «№ 73 бөбекжай-балабақша» МКҚК музыка жетекшісі, Алматы қ.
Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценарийі. Сіздер 3 жаңа әннің нотасын жүктеп алып, сондай-ақ балаларды қазақ халқының қызық дәстүрлерімен таныстыра аласыздар. Музыканың сүйемелдеуімен балалар мерекеге кіреді. Жүргізуші. Қымбатты қонақтар, құрметті балалар, қайырлы күн! Біз сіздерді көктемгі Наурыз мейрамында көргенімізге қуаныштымыз!
Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,
Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.
Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой, негізі.
Аққа тиіп ағайынның ауызы,
Артты бір күн Наурыз көже маңызы...
Бойындағы нәрін берген аямай,
Табиғаттың адамға жоқ қарызы!
Бүгін біз көктемді қарсы алу үшін жиналдық. Біздің елімізге Наурыз мерекесі келді. Көңіл көтеріп, ән айтып, би билейміз!..
Балалар өлең оқиды. Жылдың басы – Наурыз.
Жырдың басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Наурыз – это праздник веселья,
Наурыз – это праздник весны.
Наурыз – это праздник цветения,
Наурыз – это праздник любви.
Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Наурыз – начало года,
Так считает наш народ, –
И обычаи народа
Людям всем передает.