Абдираимов Вахобжан Абдурахманович, «Қарнақ» жалпы орта мектебі



бет1/2
Дата05.06.2020
өлшемі21,67 Kb.
#72435
  1   2
Байланысты:
Абдираимов Вахобжан Абдурахманович-1 КҮН


Абдираимов Вахобжан Абдурахманович, «Қарнақ» жалпы орта мектебі

  1. Робототехника тарихы мен болашағы

«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. “Seiko Epson” деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр. 1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо Да Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо Да Винчидің 15-ші ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды. Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен, роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты. 1-заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек 2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті 3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әр қандай тақырыптар бойынша кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интеллектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Оның емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүние жүзі тарихы, математика және жапония тарихы. Лингвистика тақырыбына келгенде, жапон мен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтары Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің» қабылдау емтихандарын беске тапсырмайынша жұмыс жасай бермек.

Робототехника – Қазақстанның білім беру мекемелерінде енгізіліп жатқан жаңа бағыттардың қатарында. Бүгінде республикамыздағы жүздеген мектеп пен жоғары оқу орнында өте бастаған бұл аралас пәннің құрамында бірқатар қолданбалы пәндер бар. Болашақ робот құрастырушы математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да бірқатар ғылым саласын міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ал өткен жылдан бастап оқығандары мен үйренгенін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берілуі осы бір ерекше мамандықтың қызығына бойлаған қазақстандық балалар үшін аса маңызды қадам болды.

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі бірқатар білім беру мекемелері жаңа LEGO Education жиынтықтарымен жабдықталып, оның көмегімен ойға алған ең батыл жобаларды да жүзеге асыруға болады, атап айтқанда, көптеген мүмкіндігі бар және бірқатар қызметті атқаратын нағыз роботтардың үлгісін және бағдарламасын жасауға болады. Бұл қызықты әрі болашағы зор бағытты дамыту бойынша алғашқы қадам ғана.

Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.

Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады.

Робототехника сабақтары несімен құнды? Олардың ерекше, қызық және пайдалы болуының себебі неде? Біріншіден, мұғалімдер көп балалар үшін робототехника кейбір мектеп пәндері бойынша жақсы нәтиже көрсету мүмкіндігі деп есептейді. Мысалға физиканы алуға болады: Робототехника курсының көмегімен бұл саладағы білімді өмірде қалай пайдалануға болатынын оңай түсінуге болады. Оқытушылар балалардың оқу процесіне қызығушылықпен кірісетінін көріп отыр. Ұстаздар балаларға өздерін дамытқысы келетін бағытты өз бетімен таңдауына мүмкіндік береді. Курс сабақтарында өзін көрсету керек және маңызды, бұл тұлғаның қалыптасуы үшін керек дейді бағдарламаға қатысушы педагогтар.

Робототехника курсының бағдарламасы мұғалімдерге сабақты балаларға қызықты болатындай етіп жоспарлауға көмектеседі. Ал балалар болса бір-бірімен әріптесе жұмыс істеуге, бірлесе әрекет етуге, ұжымдық жұмысқа үйренеді. Сабақ кезінде пайдаланылатын бағдарламалардың түсінікті екені де маңызды рөл ойнайды. Бағдарламаның интерфейсі түсінікті де жатық, сондықтан тек білікті оқытушы ғана емес, кез келген бала түсінеді.

Балалар робототехника сабақтарына өздерінің идеяларымен келеді, оларды жүзеге асырудың барлық мүмкіндігін қарастырады. Педагогтардың міндеті – оларға осы ізденіс барысында көмектесу және қателіктен қорықпауды үйрету. Курсты жүргізетін педагогтар робототехника сабақтары өз оқушыларын жақын тануға, олардың айрықша қабілеттерін, бейімі мен ойлау стилін бағамдауға мүмкіндік береді. Бұл әр балаға жеке көзқараспен қарауға да көмектеседі.

Робототехниканы үйрететін оқытушылардың қызығушылығы да өте жоғары. Әлбетте, олар қазір өздерінің біліктілігін арттырып, болашақ үшін аса қажетті мамандықты меңгеру ісіне араласуда. Олар робот техникасын ғылымнан гөрі шығармашылыққа жатқызады. Оқытушылар процестің ойын формасында болуы балалардың қиын мамандықты оңай игеруіне жол ашатынына сенімді.

Сол себепті 2017 жылдың 18-28 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру информатика, математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет